«Иық сүйектері сынған кезде гипс лонгетін қою техникасы».
Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсетіу.
Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.
Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылысу.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарытып отырғызыныз, тынышталдырыңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз: 2 мл 50% анальгин.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Қолды бүгіп кеудеге қарай әкеліңіз.
9.Сау қолдың саусақ ұшынан ортасына дейін лонгет дәкемен өлшеңіз.
10.Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.
11.Енін үлкейте отырып жағыңыз.
12.Осы ұз бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 8-9 қабат гипс қойыңыз.
13.Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңдеңіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаңыз.
14.Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған ыдысқа салыңыз, көпіршіктер шығып болғанша күтіңіз, сығып алыңыз.
15.Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.
16.Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып бинтпен ораңыз.
17.Гипс кепкенін тексеріңіз, дәкені алып тастаңыз.
18.Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.
19.Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетін дәкемен ораймыз.
20.Иық буынын дәкелейміз.
21.Лонгетті дәкемен мойынға іліңіз.
Ескерту: Гипс сапасын тексеріңіз.
Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.
«Сирақ сүйектері сынғанда гипс лонгетін қою техникасы».
Мақсаты: Түпкіліктер зақымдалуында емдік көмек көрсету.
Көрсетілім: сынықтар, байламдар созылуы.
Қоры: Дәкелер, қайшы, гипс, балалар кремі немесе вазелин, қолғаптар, жылысу.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарытып отырғызыңыз, тынышталдырыңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз: 2мл 50% анальгин.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз.
7.Түпкілікке физиологиялық жағдай жасаңыз, түпкілік созылып, тізе буынынан сәл бүгілуі керек.
8.Сау қолдың саусақ ұшынан ортасына дейін лонгет ұзындығын дәкемен өлшеңіз.
9.Осы ұзындықта дәкені гипс үстеліне қойып гипс жағыңыз.
10.Енін үлкейте отырып жағыңыз.
11.Осы ұзындық бойынша ені түпкіліктің 3/1 бөлігі болатындай етіп, 10-12 қабат гипс қойыңыз.
12.Зақымдалған түпкіліктің терісін креммен өңдеңіз, шығыңқы жерлерді мақтамен не мақта матамен алшақтаңыз.
13.Дайындалған лонгетті кітапша бүгіп, жылы су құйылған ыдысқа салыңыз, көпіршіктер шығып болғанша күтіңіз, сығып алыңыз.
14.Гипс үстелінде лонгетті тегістейміз.
15.Лонгетті зақымдалған түпкілікке қойып дәкелеңіз.
16.Гипс кепкенін тексеріңіз, дәкені алып тастаңыз.
17.Қатты қысылғаннан қан айналым бұзылмауы үшін гипс шеттерін босатамыз.
18.Перефериядан ортаға қарай гипс лонгетін дәкемен ораймыз.
Ескерту: Гипс сапасын тексеріңіз.
Қан айналым бұзылыстары болмауы үшін саусақ ұштарын ашық қалдырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |