І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері



бет124/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

2.Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері. Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады.Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиналған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішінде ең маңыздысына тоқталайық
1)Әрекеттік жақындасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу.Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады.Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады(бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «маған айт-мен ұмытып қаламын;маған көрсет- мен есімде сақтаймын;маған өзіме жасауға бер-мен үйренемін»). Оқыту үдерісін ұйымдастыратын мұғалімдерге әрекеттің құрылымын білу өте маңызды.Оның негізгі түрлері: мотиві,мақсаты,мәселелер,мазмұны, құралдары,әдіс-тәсілдері және қорытынды.
2)Оқыту үдерісіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен баыланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады,өзіндік білім алуға дайындайды.
3)Оқыту алгоритмі белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді.
4)Оқытуды компьютерлеу.Компьютер дегеніміз-маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгере отырып,оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды білігіне үйренеді,оператор жұмысының дағдыларын меңгереді.
5)Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады.Бұл жерде маңызды жуықтау аясы оқушылардың әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену,сонымен бірге дамудың шекарасы» бірітіндеп әрқайсысын білімді меңгерудің жаңа әдістеріне көшіріп отыру.
7) Оқушылардың белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады(М.Д. Виноградов,Н.С. Дежников,Н.Н.Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі,оқу үдерісіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған.Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп,әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгерудеөзара қарым-қатынас ұйымдастырылады,аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н.Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық үдерісте жүріп отырады.Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет