Дәріс №14. Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар
Жоспары:
Білім берудегі инновациялық үдерістің мәні,олардың жіктемесі.
Инновациялық мектептер. Авторлық мектептің сипаттамасы
Оқытудың технологиялары, олардың мәні, ерекшеліктері.
1.Педагогикалық инноватика ғылым ретінде. Ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
Адамзаттың үдемелі дамуының маңызды факторы болып табылатын, инновациялық қызмет, адам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасты.
Қоғамда болып жатқан қайта құру үрдістері білім беру жүйесін өзгерту қажеттілігін тудырды. Инновациялық жаңалықтарды енгізу білім беруді дамытудың тиімді жолы болып табылады. Сондықтан инновацияларды қолдану ұмтылысы қоғамда өте танымал.
Инновациялық қызметті мектепте жоғары деңгейде атқару үшін, педагогикалық қызмет секілді, негіз ретінде ғылымды алу керек. Инновациялық қызмет үшін білім беру жүйесінде жаңа ғылыми негіздерді дамытумен жаңа ғылым саласы – педагогикалық инноватика айналысады.
Ғылымның жаңа саласы – жаңалықтарды енгізу туралы ғылым(инноватика), осы ғылымның арқасында материалдық өндірістегі техникалық жаңалықтардың заңдылықтар XX ғасырдың басында зерттеле бастады.Инноватика сол кездегі фирмалардың жұмысындағы жаңа ойлар мен жаңа қызметті енгізу қажеттілігінен туындады. Олардың негізін салушылардың қатарында неміс ғалымдары В.Зомбарт, В Метчерлиха және аустралиялық ғалым И. Шумпетерді атауға болады.
Экономилық және әлеуметтік заңдылықтарды құру мен ғылыми техникалық жаңа енгізулерді дамыту инноватиканың бастапқы зерттеу мәселесі болды. Бірақ кейіннен аз уақыт шамасында инноватика басқа салаларды қамтыды. Инноватика философия, психология, әлеуметтану, экономика мен мәдениеттану ғылымдарының арасындағы сала болып қалыптаса бастады. 70-ші жылдары жаңалықтарды енгізу туралы ғылым көптеген бағыттарға ие болды.Педагогикалық инновациялық процестер ғылымдардың зерртеу обьектісіне айналды.
Қазақстандағы педагогикалық инноватиканың дамуы жалпы педагогиканы зерртеумен басталды. Мектептерде жаңа талаптардың қарқынды дамуы педагогикалық инноватиканың елімізде дамуына себепкер болды. Осыған байланысты педогигикада «инновация», «инновациялық процесс» т.б терминдер ене бастады.
Ал енді педагогикалық инноватиканың негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ, олар екі үлкен топқа бөлінеді.Бірінші топқа жалпы түсіндірмелі міндеттер кіреді. Мысал ретінде, жаңа енгізулердің таралу жылдамдығы мен олардың оқу процессіндегі тиімді қолдануды зерртеу,оқытудағы мониторингтің өзгеру міндеттері, факторларды зерттеу міндеттері т.б келтіруге болады.
Екінші топтың міндеттері білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа модельдерін енгізуді дамыту мен оларды жүзеге асыру технологиялары.
Сонымен педагогикалық инноватиканың негізгі ұғымдарына тоқталайық.
«Инновация» түсінігі латын тілінен аударғанда «жаңару,жаңалық,өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
«Инновация» - жаңа енгізулерді меңгеру процесі.
«Инновациялық процесс» - жаңалықтардың құрылуы мен оны ұйымдастыруын көрсететін процесс.
В.И.Загвязинский «педагогикалық инновация» терминіне мынайдай анықтама береді.
Жаңалық енгізу – бұл жаңа әдістерді практикаға енгізу процесі, инноватор адамдардың мақсатталған қызметі.
Педагогикалық сөздікте(Г.М.Коджаспирова,А.Ю.Коджаспиров,2000) педагогикалық инновацияға мынадай анықтама беріледі:
Оқыту ортасына жаңалық элементтерінің мақсатталған енгізу процесі
Жаңалықтарды меңгеру процесі
Жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру, шығармашылық қабылдау процесі
Н.В.Бордовская, А.А.Реан инновация(лат.in және novus – жаңалық) деп жаңалықты айтады. Инновацияның негізгі көрсеткіш факторы ретінде мектептердің немесе ЖОО-дың дәстүрлі практикадан бөлек прогрессивті дамуы болып табылады.Сондықтан инновация оқыту процессіне мынадай өзгертулерді енгізумен тығыз байланысты:
Мақсатқа,мазмұнына,әдістер мен техналогийларға, басқару жүйесіне;
Педагогикалық қызметтің стилдеріне және оқыту процесін ұйымдастыруына;
Бақылау жүйесі мен оқыту деңгейін бағалауына;
Қаражат жүйесіне
Оқыту-әдістемелік қамтамасыз ету
Сабақ жоспары мен оқыту бағдарламасына
Оқушы мен мұғалім қызметіне
Мектептер мен ЖОО-дың даму процесінде мынадай жағдаяттарды байқауға болады:
Абсолютті жаңалық (аналогтардың немесе ұқсас әдістердің болмауы)
Псеудажаңалық( масштабты жаңалық болып табылмайды)
Оқыту ортасында жаңалық енгізулерге мынадай өзгерістер кіреді:
1.Оқытудың әлеуметтік жағдайында және қаржыландыру жүйесінде.
Уақыт өте келе оқытудың әлеуметтегі алатын орны өзгеруі мүмкін. 80-ші жылдардың басында мектеп түлектерінің дерлік барлығы ЖОО-ға түсуге талпынды.Ал 90-шы жылдардың басында тек он жыл өтуіне қарамастан ЖОО-ға түскісі келушілердің саны күрт төмендеді.Бұның себебі үкіметтің білім беру жүйесіне деген бейқамсыздығы,өйткені білім беру жүйесіне қаржыландырудың аздығы.
2.Білім беру жүйесінің құрылымында. Білім беру жүйесінің құрылымы өзгерулерге ұшырайтын жүйе болып табылады.Бірақ жасалатын өзгертулердің барлығы да өзінің жақсы септігін тигізеді деп айта алмаймыз. Білім беру жүйесінің құрылымы жеке адамдардың қалаулары, ойлары, жалпы айтқанда субьективтік факторлары әсер етеді.
3.Білім берудің мазмұнында.
Білім берудің мазмұны тұрақты факторлардың бірі болып табылады, бірақ бұл жүйе де өзгерістерге ұшырайды. Бұл ғылым жүйесіндегі жаңалықтар мен технологиялардағы өзгерістерге байланысты.
4.Мектептің ішкі ұйымдастыру жүйесі, белгілі бір түрге жататын мектептерді ашылуын қарастырады. Мысалы, мектеп-интернат,ұзарытылған күні бар мектеп,сонымен қатар мектеп қызметін ұйымдастыру(әр түрлі пәндерде көрсетілген нәтижелерге байланысты оқушыларды біріктіру, кабинеттік оқытуды ұйымдастыру, дистанциондык оқыту т.с.с)
5.Оқытудың формалары мен әдістемелерінде.Оқытудағы әдістемелердегі жаңа енгізілімдерге мыналарды жатқызуға болады: топтық оқыту,жекелеген жұмыстардың түрлері, дамытушылық оқытудың жүйесінің енгізілуі,ашық оқыту т.б
6. «Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасында.Бұл жаңалықтардың енгізілуі қоғамның дамуына байланысты.Көптеген мектептердің ішіндегі қарым-қатынасның сиппатамасы қоғамның ішіндегі қарым-қатынасты көрсетеді.Көптеген атақты мұғалімдер заманынан озып сыныптарда оқытудың негізі ретінде, қоғамның дайын болмағанына қарамастан гуманизимді алды,осының арақасында олар жаңашыл мұғалімдер ретінде танылды.
7.Информациондық технологияларды оқытуда қолдану.Оқыту орындарындаға техникалық жабдықталудың қолдануы мен өзгерілуіне мынадай қолданыстар жатады:аудиовизуальдық және дидактикалық техниканың басқа құралдары(диопозитивтер,бейнелер,компьютерлік жабдықтау,магнитафондар), ЭВМ мен бағдарламалық оқыту, радиобағдарлама,теледидар).Сабақ барысында аудио және компьютерлік техникаларды қолдану, сабақ барысын өзгертуді талап етеді.
8.Оқу орындарын жабдықтау мен ғимарат оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ олар инновацияның жетекші факторы болып табылмайды.
Барлық жаңа енгізілімдерді педагогикалық инновация деп түсінуге болмайды.Реформалар мен педагогикалық инновацияны ажырата білу керек.
Реформа деп мемлекеттік билікпен ұйымдастырылатын жаңа енгізілімдерді айтады.Қоғамдық ережелердегі өзгерістер реформаның нәтижесі болып табылады.
Ал педагогикалық инновация деп оқыту жүйесіндегі адамдардың қызметінің нәтижесі болып табылады.Сонымен қатар педагогикалық инновация деп қызметкерлер жүзеге асыратын жаңа енгізілімдерді айтады.
Сонымен қоғамдық ережелердің өзгертілуі, қаржыландырудың көбейтілуін педагогикалық инновация деп айта алмаймыз.Бұл әлеуметтік процесстердің, саяси реформалардың енгізілуінің нәтижесі болып табылады.
Қорыта келе педагогикалық инновацияларға мынадай процесстер жатады:
Білім берудің мазмұнына.
Мектептің ішкі ұйымдастыру жүйесі, белгілі бір түрге жататын
«Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасында
Оқыту әдістемелерінде
Реформаның іске асуына үлкен инновациялық қозғылыстың болуы әлеуметтік шарты болып табылады.Сонымен қатар инновациялық қозғалыс реформаның дайындалуына жағдай болып табылады және де педагогикалық әлеуметтіліктің белсенділігінің белгісі болып табылады.Инновациялық қозғалыс деп оқытудың озықтары болатын әлеуметтік педагогикалық қозғалысты айтады.
Жаңартулардың қайнар көзі ретінде В.В.Анисимов, О.Г.Грохольская,Н.Д.Никандров мынадай қасиеттерді бөліп шығарады:
1)Мұғалімдердің шығармашылығы және олардың инновациялық қызметіндегі жеткешілері. Педагогикалық жаңалықтарды құру мен пратикаға енгізілуі.
2)Оқытудың мазмұнының гуманизациялануы(оқыту процесінің мазмұнын жеке тұлғалардың қызығушылықтарын ескере отырып толықтыру)және педагогикалық білімнің педагогикалық ортадағы рөлінің көтерілуі.
3)Мұғалімдердің педагогикалық инновацияларды енгізу процессінің тиянақты талдауы және олардың дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі заманғы қоғамда оқытудың иннвациялық түріне бағытталу кең тарап келе жатыр, ал дәл осы уақытта білім беру мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі жүйесі басымдылыққа ие. Бұл қарама-қайшылықтардың салдары болып қоғамның әлеуметтік өмірдің жаңа жағдайлармен кездесуге дайын еместігі, пайда болған саяси, экономикалық мәселелерге уақытылы әрі адекватты түрде бейімделе алуға қабілетсіздігі және т.б. табылады.
«Инновациялық оқыту» және «дәстүрлі нормативті оқыту» терминдері және олардың альтернативтілігі идеялары Рим клубының баяндамасында 1978 жылы бір топ ғалымдармен ұсынылған болатын. Әлемдік ғылыми қоғам назары дәстүрлі оқыту қағидаларының заманауи қоғам мен тұлғаның талаптарына және оның танымдық мүмкіндіктерін дамытуға адекватты түрде жауап бере алмауына ауды.
Достарыңызбен бөлісу: |