Дәстүрлі оқыту шығармашылыққа қарағанда репродуктивті сипатқа ие, алдын ала жасалған алгоритм, сызба бойынша құрылытан білімнің белгілі бір массасын беруге бағытталған. Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі стратегиясы адамның мәдениеттегі ролі мен орнын, оның өмір өзгерістеріне деген дайындық шамасын өзгертпейді, себебі білім беруді ұйымдастырудың қалыптасқан жүйесі сақталады.
Инновациялық оқыту тұлғаның қоғамдағы тез қалыптасып келе жатқан жағдайларға деген, мәселеге бірден «ену» дағдысын дамыту арқылы күрделі өмірлік шындыққа деген дайындығын, шығармашылыққа, ойлаудың әр түрлі формаларына деген қабілетін, сондай-ақ басқа адамдармен серіктестік жасауға деген қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру жүйесіндегі жеке жаңашылдықтардың жинағы мектептегі жалпы инновациялық үдеріс құрамына енеді, ал ол өз кезегінде аумақтың, ауданның, елдің және т.б. жалпы білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістің құрамына енеді.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер ретінде педагогикалық жаңашылдықтарды жасау, қабылдау, меңгеру және пайдалану тәрізді басқарылатын үдерістері түсініледі (12).
Инновациялық үдеріс келесі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең (ашылу кезеңі). Іргетастық және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңашылдықтар концепциясының немесе жаңа идеяның пайда болуы.
Екінші кезең (ойлап табу). Қандай да бір материалды немесе ғылыми өнімге – үлгіге айналдырылған жаңашылдықты жасау.
Үшінші кезең (жаңашылдық практикалық қолданысқа ие болады). Ол дамытылады және жаңашылдық тұрақты әсерге ие болу арқылы кезеі аяқталады. Осыдан кейін жаңашылдықтың өз бетіндік өмір сүруі басталады, және қоғам аталған жаңашылдықты қабылдаған жағдайда ғана жаңалықтың енгізілу үдерісі келесі деңгейге өтеді.
Төртінші кезең (жаңашылдықты пайдалану фазасының басталуы). Жаңашылдықтың жаңа салаларға кең түрде енгізілуі арқылы оның таралуы жүзеге асырылады.
Бесінші кезең. Жаңашылдықтың нақты бір салада жаңалығын жоғалтып, билей бастауы.
Алтыншы кезең. Жаңашылдықтың оның жаңа өніммен алмастырылуы себебінен пайдаланылу аумағының кішіреюі.
Инновациялық үдерістің нәтижесі болып инновацияның әр түрлі аумақтар мен мектеп жүйешіктеріне әсері нәтижесінде болатын өзгерістер болып табылады. Осылайша, білім беру жаңашылдықтары мына өзгерістерге алып келуі мүмкін:
Білім беру үдерісінің жалпы бағыттылығы;
Білім беру траекториялары мен бағыттарының саны мен сапасы;
Мектептің білім беру қызметтерінің номенклатурасы;
Білім беру мазмұны;
Білім беру технологиясы;
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынас, байланыс сипаты;
Олардың арасындағы жеке білім беру үдерістері мен байланыстарын ұйымдастыру;
Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің жүктеме, ырғақ пен рет динамикасы және т.б.
Жаңашылдықтар келесі нәтижелерге апарады:
Мектеп ұжымының ересектік және бірігу өсімі.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігінің артуы;
Мектептің материалдық базасының баюы;
Мектептің қаржылық мүмкіндігінің кеңеюі;
Мектеп өмірінің нормативтік негізінің жаңаруы.
Г.Н.Жуков, П.Г.Матросов, С.Л.Капланның мәліметтері бойынша:
1. Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістердің даму қажеттілігі білім беруді модернизациялаудың басым міндеттерімен және қазіргі заманғы жұмыс берушілердің кадр дайындауға деген талаптарымен байланысты.
2. Арнайы орта білім беру мекемелеріндегі (аоббм) инновациялық іс-әрекеттер қазіргі таңда білім берудің жеке аспектілері бойынша негізінен жүргізіледі, яғни фрагментарлы түрде жүзеге асады.
3. Инновациялық үдерістерді үдетпелі дамытуға арналған ең үлкен мүмкіндіктерге білім беру мекемелері ие, олар тәжірибелік-инновациялық іс-әрекеттердің орталығы қызметін атқарады. Алайда, ол үшін олар оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық басым бағыттары бойынша инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға барлық жағдай жасауы керек.
4. Инновациялық үдерістер педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу мен дамытуға, олардың санаттарын көтеруге, оқу үдерісінің ішкі заңдылықтарын тануға көмектеседі.
5. АОББМ-дегі инновациялық үдерістердің ары қарайғы дамуының өзекті мәселелері болып келесілері табылады:
Орташа деңгейлі мамандардың кәсіби іс-әрекеті мен қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімделген оқу мекемесінің білім беру үдерісінің құрылымдық бөлігі ретіндегі педагогикалық инновациялардың жалпыланған жүйесін құру. Сонымен қатар еңбек пен өндіріс саласындағы өзгерістердің жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары да есепке алыну тиіс;
Педагогикалық қызметкерлерді дайындау, жаңашылдықтардың бағыттары мен мазмұнын анықтау, диагностика, сараптама мен түзету әдістерінің нәтижелілігін критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау;
Инновациялық іс-әрекеттің бағытын, тақырыбы мен мазмұнын анықтау кезінде заманауи кезеңде орта кәсіби білім беруді ескеру;
Қоғамдық қажеттіліктерді өзгертуге бағытталу, алдыңғы қатарлы ғылым мен тәжірибемен тығыз қарым-қатынас жасау.
Осылайша, жаңашылдық дегініміз ішкі логикамен (инновациялық үдеріс), сондай-ақ оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау кезіндегі заңды дамуымен (өмірлік айналым) сипатталатын динамикалық жүйе. Инновациялық үдерістің құрылымы жаңашылдықтың бір деңгейден екіншісіне өту шамасына байланысты өзгереді.
3. Технологиялар түрлері. 1) танымдық үдерістерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф. Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И. Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин бойынша оқыту технологиясы, ЭЕМ электрондык есептеу машиналары негізіндегі ақпараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу», Д. Ховардтың «ертеңгі күн мектебі» және т.б.
2) «еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологиялар (Ш.А. Амоношвилидің ізгілікті-түлғалык окытуы, вальдорф педагогикасы, «Л.Н. Толстой мектебі», «отбасылық мектеп» және т.б.;
3) «мектептін жойылуы туралы теориясына» (Батыста «мектепті дескулизациялау идеясы ретінде» қалыптаскан, яғни мектептегі оқыту мазмұның нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін сактауға, оқытушылар мен директор билігін т.с.с. сын көзбен карау идеяларына негізделген технологиялар (шогырландырып оқыту,парктік технология, дистанциялдык оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі, артпедагогика технологиясы және т.б.)
4) тұлғаның, оның потенциалды танымдық мүмкіндіктерін босату мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген технологиялар топтары (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмалогия негізінде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг және т.б.)
Г.К. Селевко (11) педагогикалык технологиялардың өзгеше жіктеуін үсынады:
а) Педагогикалык кдрым-қатынастарды ізгілендіру мен демократиялаңдыруға негізделген технологиялар (ынтымактастық технологиясы, Ш.А. Амоношвилидің ізгілікті-түлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі, т.б.)
ә) окушылардың іс-әрекетін белсендендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалык оқыту технологиясы, В.Ф. Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы, Е.И. Пассовтың коммуникативті қарым-қатынас негізіңде оқыту технологиясы және т.б.)
б) оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мен баскару негізіндегі технологиялар (бағдарламалық оқыту, дифференциалды оқыту технологиясы (В.В. Фирсов, Н.П. Гузик), оқытуды жекелендіру технологиясы (А.С. Границская, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре отырып басқарудағы переспиктивалык алдын-ала оза оқыту (С.Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И.Д. Ривин, В.К. Дьяченко), компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б.)
в) оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар (П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, B.C. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы»,Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі т.б.)
г) баланың табиғи дамуына сүйенетін, халық педагогикасының әдістерін пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары; Л.Н. Толстой бойынша оқыту; А.Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М.Монтессоридің өздігінен дамыту технологиясы және т.б.;
д) альтернативтік; Р.Штейнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы және т.б.;
ж) кешенді технологиялар: А.М. Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі, И.Ф. Гончаровтың «Орыс мектебі», Е.А. Ямбургтың «Бәріне арналған үшін мектебі», М.Балабанның «Парк мектебі» және т.б.
Педагогикалык технологиялардың жоғарыда айтылган түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытыңды жасауға болады: - оқытудьң микромақсаттарының, максаттарының айқын, нактылы анықталуы; - нәтижелердің жетістігіне бағытталуы; - тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әр-бір кезендері бойынша қадамдық құрылымының аныкталуы; - мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау; - тәжірибенің қайталануы мен алмасуы;
Сонымен белгілі технологиялардын жіктеулеріне жасалған шолу бір калыпта қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне бағдар беруге негіз болып және оны кеңейту, сапаландыру, тармақтандыру толықтыру бағытталған. Дәстүрлі окыту технологиясы
Дәстүрлі оқыту технологиясы алдымен XVII ғасырда қалыптасып, қазірге дейін әлем мектептерінің көпшілігіңдегі оқытуды сынып-сабақтық ұйымдастыру деп түсіндіріледі. Дәстүрлі оқыту технологиясының тұжырымдамалық негізін Я.А. Коменский қалыптастырган педагогиканың қағидалары кұрайды (7): ғылымилық, табиғи үйлесімділік, бірізділік, жүйелілік, түсініктілік, беріктік, саналылық, көрнекілік, теория мен практиканын байланысы, білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Сынып сабақтық жүйе тәрбиелеу мен оқыту үдерісін жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындаған.
Дәстүрлі сынып-сабақтық технологияның айырмашылық белгілері болып: жас шамалары мен дайындық деңгейлері бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; бірдей жылдық жоспар және бағдарлама бойынша сыныптық жұмысы; сабақ - оқудың негізгі бірлігі, әр сабақтың бір оку пәніне, тақырыбына, сынып оқушыларының бір материалмен жұмыс істеуіне арналуы; сабактардың үнемі кезектесуі (оқу кестесі); мүғалімнің баскарушьшық рөлі және т.б табылады.
Окыту - үлкендерден өсіп келе жатқан ұрпаққа білім, біліктілік пен дағдыны, әлеуметтік тәжірибені беру үдерісі. Бұл тұтас үдерістің құрамына мақсаты, мазмұны, әдістер мен құралдары кіреді. Оқытудың мақсаты — бір қатар шарттарға байланысты басқада кұрамды бөліктерді қамтитын қозғалмалы категория. Дәстүрлі оқыту алдын-ала анықталған қастиеттерімен бар тұлғаны тәрбиелеу сипатында түсіндіріледі. Мақсаттың мазмұны бойынша дәстүрлі оқыту тұлғаның дамуына емес (жан-жақты дамыту мәлімдеме болған), көбінесе білім, білік пен дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Қазіргі жалпы мектепте мақсаттың түрі біршама өзгертілген — идеологияландыру шығарылып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамында да өзгерістер пайда болған, бірақ мақсатты көрсету парадигмасы бұрынғыдай жоспарланған қасиеттер жиынтығы түрінде (оқыту стандарттары) қалған.
Дәстүрлі жалпы мектепте білім беру мазмұны кеңестік үкімет жылдарында қалыптасқан, ол мемлекетті индустрияландыру, техникалық дамыған капиталистік елдер деңгейін қуып жету, бүгінде технократизм болып табылатын ғылымиЮ-техникалық дамудың жалпы рөлі міндеттерімен аныкталған.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға, индуктивті логика бойынша жекеден жалпыға қарай үлгімен ғана оқытуға механикалық еске сақтауға, ауызша айтып беруге, айтқанды қайталап айтып беруге негізделеді. Дәстүрлі оқыту технологиясның әдістерін төмендегідей екі топқа топтастыруға болады;
1. Иллюстративті — түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелер мен еңбек операциларын көрсету, экскурсия және т.б.): мұғалім оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді және түсіндіреді.
2. Репродуктивті әдіс: мұғалім білімдерді тәжірибелерді есептер шешімін табуды іс-әрекет тәсілдері кайта қайталап беруге байланысты тапсырмалар құрастырады; білім алушы оқу материалын белсенді түрде қайта кайталап береді (сұрақтарға жауап береді, есептері шығарады және т.б.), сонымен «білім көшірмелерін» қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |