І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Танымдық қызуғышылықтардың қалыптасуы



бет125/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Танымдық қызуғышылықтардың қалыптасуы
Қызуғышылық (латынша interest-мәні бар,маңызды)- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызуғышылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады.Оқушының танымдық қызығушылығы-танымдық саласына қатынасынан пайда болады.Оқуға,білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі.Л.С Выготский былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін,сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса,осыны іске асыру үшін барлық күшін,салатынын және бала өзі қимылдайтынын,ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып,бағыттап отыруы керек.Оқушылардың танымдық қызуғышылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты,ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».
3.Жаңашыл-педагогтардың оқыту барысындағы әрекеті.Баланы өз заманына сай,айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек,ондай жеке тұлға үшін ғылым,білім,эрудиция қоғамдық құндылық- тарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп,өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады.Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны-біздің шәкіртімізді ақиқатқа жету тәсілдерімен,құнды біліктерімен қаруландыру,іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіре алу-оқушыға білім беру,дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту үдерісінің мәні, міне,осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік,жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек.Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық,дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Әрбір жаңашыл педаготің тәжірибесі бірегей болса да,олардың ортақ идеялары да бар,олар:
-балаларға деген адамгершілік қатынас,әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;
-оқушының ішкі жан-дүниесін,оның мақсат-мүддесін,ынтасын,қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;
-оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу,оларды оқу-тәрбиелеу үдерісінің әріптесі қылу,баланың,тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
-оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
-балалар ұжымына сүйену: сабақ-ұжымдық еңбек,мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;
-оқушыларға,мүмкін болған кезде,тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу;
-бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар,сызбалар,кестелер,т.б.);
-оқушыларға ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білу;
-оқушыларды ұжымдық,қоғамдықшығармашылыққа үйрету;
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып,жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы;пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;өз жолдастарына және мұғалімге сұрақ қоя алуы;жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу;артта қалған оқушыларды оқытуы;үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы;танымдық міндетті шешудің бірнеше түрін табуы;өзін-өзі тексеру үшін,өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін таңдау үшін жағдайлар ойластыруы;танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет