І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Тұлғаны жан- жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні



бет77/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Тұлғаны жан- жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні.
Дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпта жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесінің мақсаты- балалардың дене мәдениеті және спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо – физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау.
Дене тәрбиесінің міндеттері және мазмұны.

  • денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;

  • ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерінің көтеру;

  • дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамтылық, шапшандылық) қалыптастыру;

  • гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

  • дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;

  • адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);

  • дене және спорт ойындарымен өнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;

  • дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналысындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с.;

  • ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болуы және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу,

Дене тәрбиесінің мазмұны құрамында баланың жеке басы мен қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету де едәуір маңызды орын алады.
Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары, факультативтік курстар, дене шынықтары және сауықтыру жұмыстары, сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет