І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Оқушыларды салауатты өмір салтына ынтыландыру



бет78/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Оқушыларды салауатты өмір салтына ынтыландыру«Өмір салты» - деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіру.Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»: ең жақсы үйлесімді тәртіп; иммунитеті және денені шынықтыру; дұрыс тамақтану; орнықты өмір сүру әдеті; зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»); жоғары дәрегерлік белсенділік – деп түсіндіреді.Салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі, жаңа ХХІ ғасырдың адамы- дені сау, рухы күшті, жан-дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушыларды салауатты өмір сүруін қалыптастыру-мемлекеттің қамқорлығы дені сау адам-қоғамның маңызды құндылығы.«Салауатты өмір сүру салтына» 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діндегі және баланы өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Бұл үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін «АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК» заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие үдерісінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталындыру және оның жүйесін құру қажет. Ең алдымен, оның ұстанымын немесе басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, төмендегідей болып құрылуы мүмкін:- «мен ең жоғары құндылық қатарындамын». Адамның өзін-өзі сүюі-өзінің өмір сүру ақиқаттығына қуануы және өзіне өмір берген табиғатқа жоғары ризашылық сезімінің болуы. Өзін- өзі сүю, яғни өзіне тұлға ретінде құрметпен қарау;-«Басқа белгісіз адам және барлық адамзат- ол да жоғары құндылық». Қашан адамды басқадай көруге үйренесің, сонда ғана сен адам боласын;-«мені қоршаған өмір жағдайы әр түрлі болып келуі мүмкін: жақсы немесе жаман, бірақта менің өзімнің тікелей оған қатынасыма орай, оны өзінің пайдама асыруға тырысамын». Қиыншылықты жену барысында ден мүшелері шындалады, рух қатаяды, ақыл-ой жетіледі.Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамыз: Күн сәулесін пайдалану; Таза ауамен демалу; Таза суды пайдалану; Табиғи тамақтану; Ашығу; Жақсы демалыс; Жақсы мүсін; Ақыл-ес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет