І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет81/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Экономикалық тәрбие тәрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан және рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.
Экономикалық тәрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті әрі өз іс- әрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.
Бұл мақсаттың жүзеге келуі:
-Тәрбиеленушілерге экономикалық білімдер мен экономикалық іс - әрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру.
- Негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды, заңдар мен үдерістерді меңгеру;
-Табыскерлікті іс-әрекетке қажет дағдыларды игеру;
-Мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру;
Экономикалық тәрбие мазмұны тәрбиеленушілердің экономикалық білімдерді меңгеру үшін қажет әрқилы құрал-жабдықтарды пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында, сондай ақ сабақтан тыс (бизнес-клуб, менеджелер клубы, маркетинк-клуб және т.б..) үйренуіне; кәсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тәрбие формалары мен әдістері оқушылардың экономикалық білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру және оларды қалыптан тыс жағдайлада пайдалана білу ептіліктерін орныстыруға бағытталған.
Кәсіби бағдарлау- отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам және камерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кәсіп таңдау, іріктеу және ауыстыру жолында жәрдем беруду қамтамасыз етуші ақпараттық әрі ұйымдастыру – тәжірибелік іс-әрекеті.
Кәсіби бағдарлау жүйесі:
Ағарту – тәрбиеленушіледі әрқандай кәсіптердің әлеуметтік- экономикалық, психологиялық- физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;
Диагностиқалау – кәсіп тандауға байланысты адам жүйке жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт бағдарын, ұстаным- көзқарастарын зерттеп, анықтау;
Кеңес беру – кәсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сәйкестікті айқындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет