І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет86/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Жақын перспектива- бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өміре сүре алмайды. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуанышы»- деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б.жатады.
Орта перспектива- бұл перспективаға балалар лагеіне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива-бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр-бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отырған қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін көптеген нормалар мен принциптер.


Ұжым бірігуінің педагогикалық жағдайы, оның даму кезеңдері.



Қарым-қатынасты нығайту

Ұжым мүшелерінің өзіндік міндеттерін дұрыс түсіну

Дұрыс пікір қалыптастыру

Ұжымда көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру

Ұжымға деген матаныш сезімді тәрбиелеу

Ұжымдағы жағымды жағдайларға сүйену

Ұжымның жүйелі зерттеліп отыруы

Ұжыммен жұмыс жасаушылардың бір бағыттылығы




Үнемі бақылау жұмыстарын жүргізу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет