Тәрбие жүйесі принциптері:
Үлкендер мен балалардың өзара үйлесімді байланысының құндылық-маңыздылық принципі;
Мәдениетке сәйкес принципі;
Табиғатқа сәйкес принципі;
Креативтік негізі, тәрбиедегі шығармашылық бастауы;
Педагогикалық үдерістің біртұтастылығы;
Тәрбие мазмұнының жеке тұлғалық бағдар беруге байланыстыру.
Тәрбие жүйесінің негізгі мәні:
Тәрбие негізінде баланың табиғи болмысын басшылыққа алу;
өзін, өз ортасын, тарихын, мәдениетін, тілін, туған жерін тану арқылы өз мүмкіндігін саналы анықтауға, соның негізінде мақсаттылыққа қол жеткізуге жол ашу;
оқушының өз күшіне сенуі, еркін дамып, өмірлік құзырлығының ізгі ниетке негізделуі.
Тәрбие жүйесінің қызмет етуі және құрылу шартары:
мектеп ұжымының ортақ мақсаттылығы, мұғалім-оқушы, сынып жетекшісі-оқушылар ұжымы, ата-аналар жұртшылығың ынтымағы;
педагогика, психология, ғылым негіздерін игеру, білім және тәрбие туралы заңдар мен тұжырымдамада бағдарламаларды жеке түсіну, білу;
осы мәселелерге байланысты ізденіс, тәжірибе, ой-пікірлердің сақталуы;
жергілікті әлеуметтің зерттеу қортындыларының ескерілуі;
әр оқушы, ата-ана, ұстаздың рухани қажеттілігінің қанағаттануы.
Тәрбие жүйесінің нәтижесі:
Өз бағасын, құндылығын білетін, ата дәстүрін қастерлейтін тағылым алып қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ғылым негіздерін игеріп, тұтас дүниетанымы қалыптасқан, өз бетімен білім алуға ұмтылатын, «халқыма қызмет ету» парызым деп санайтын дәрежежеткен жеке тұлға!
Тәрбие жүйесінің даму болашағы:
Әр шәкірттің жеке дара тұлға болып қалыптасуы – салауатты өмір салтын баянды етіп, өркениетке жол ашады, жүйенің даму болашағын, әр кезеңнің мақсатын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |