І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Тәрбие әдістеріне қойылатын талаптар



бет84/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

3.Тәрбие әдістеріне қойылатын талаптар



  • Әдістерін кешенді пайдалану;

  • Басқа әдістермен байланысы;

  • Әдістердің тәрбие нәтижесіне бағытты болуы;

  • Әдістердің педагогика ылымының,қоғамның әлеуметтік,саяси-экономикалық,деке адамның дамуына сай болуы;

  • Әдістердің белсенділікті арттыруға бағыттылығы;

  • Әдістердің жеке адамның санасына,жігеріне,сезіміне әсер етуі;

  • Әдістерді шығармашылық тұрғыдан қолдану;

  • Тәрбие әдістерінің және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерінің үйлесімді болуы;

  • Әдістердің жеке адамға және ұжымға үйлесімді әсер етуі.


Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары
Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:

  1. Нақтылы сынып жағдайына;

  2. Баланың жас және дара ерекшелігіне;

  3. Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;

  4. Тәрбиешілердің педагогикалық әдеті мен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;

  5. Тәрбиенің мақсаты,принциптері мен мазмұнына;

  6. Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді.

Сондықтан да тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.


Дәріс № 6 Балалар ұжымы – тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Жоспары:

  1. Балалар ұжымының маңызы туралы педагогикалық классиктердің ой-пікірлері

  2. Ұжым тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде

  3. Оқушылар ұжымының дамуының заңдары мен кезеңдері

  4. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуатын, мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл бөліп зерттеді.
Н.К.крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі
болды.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиесінің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымынан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері-ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым-бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым-бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым-бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым- бұл студенттер тобы,негізгі ұжым-факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі » игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әркетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегіеде қарастырылған.
Сонымен ұжым-бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші » т.б.баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша, әрбір бала тәрбиесі ұжымджа негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму үдерісі.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы-бұл іс-әрекетімен бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен байланыстылығын көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің. өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.

  1. Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың қмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу-ұжым өмірінің заңы. Адамның болашаққа ұмытылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттегінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С.Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі-баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларды нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет