Дәріс № 7. Сынып жетекші – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушысы
Жоспары:
Тәрбие жүйесі туралы жалпы түсінік беру
Тәрбие жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері
Сыныптағы тәрбие жүйесі сипаты
Тәрбие – ерекше құбылыс, оны оқыту мен білім берудің белгілі бөлігі деп санау дұрыс емес. Оқыту, білім беру міндеттері тәрбиесіз тиімді шешу мүмкін емес№. Жүйе - өзара байланысты, біртұтас элементтер жиынтығы. «Тәрбие жүйесі» түсінігі «жеке тұлға», «даму» деген ұғымдары тікелей байланысы бар екенін түсіну керек.
Тәрбие жүйесі – біртұтас педагогикалық және әлеуметтік үрдіс, оның негізінде тәрбиелік, білім берушілік және жан-жақты дамытушылық функциялары жүзеге асады.
Тәрбие жүйесі – жеке тұлғаны жан-жақты дамуын мақсатты түрде басқару құбылысы.
Тәрбие жүйесі – мақсатталған, тәрбиені қамтамасыз ететін, өз-өзін ұйымдастыра білетін, өзіндік құрылымы мен мазмұны бар құбылыс. Тәрбие жүйесі – күрделі әлеуметтік, психологиялық-педогогикалық ағым, басқару және өздік қамти білу негіздері бар. Ол барлық педагогикалық үрдісті байланыстыратын интеграциялық жүйе: оқу үрдісі, сабақтан тыс жағдайда балалардың өмірін ұйымдастыру, әртүрлі іс-әрекеттер мен қарым-қатынас барысында тәрбие жүйесін жүзеге асыру.
Тәрбие жүйесінің жалпы құрылымы
мақсаты іс-әрекеттері субъектілері өзара қоршаған басқару
Теориялық тұжырымдама:
Мақсат-міндеттері, принциптері, басшылыққа алынған идеялары, педагогикалық теориялар, позитивті тәжірибе, тәрбие үрдісінің мазмұны, ұйымдастыру, басқару (стратегиялықжәне тактикалық мақсаттар, оның нәтижесін бақылау және бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностиканы пайдалану, қарым-қатынас, микросоциум, макросоциум).
Тәрбие жүйесінің жалпы әлеуметтік белгілері:
мақсаттылығы
тұтастылығы
динамикалық сипаты
әлеуметтік ортамен өзара байланысы
басқа әлеуметтік жүйелермен өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |