І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі



бет94/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Мектеп пен жанұяның әрекеттестігі

Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен үйымдастырушылық-педагогикалык жұмыс ата-аналар комитеті(жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалары арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланады. Ол 5-6 адамнан түрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық эрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің, сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпараттар береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әр түрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп түру керек, яғни бұл үдерістің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін қажет.
Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі - ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жүмыс жиі қолданылады.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әр түрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарга қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі.
Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп, мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие үдерісінің әр түрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық үдерістердің ара қатынасы мүғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттермен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер, оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай бағыттарын да анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет