І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Жанұя тәрбиесінің кұкықтық негізі



бет95/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

3.Жанұя тәрбиесінің кұкықтық негізі
Жанұя тәрбиесінің. ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенцияның маңызды негізгі құжат. "Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті кұқықтық қорғау керек", - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мьша міңдеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында "мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс" деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған "Бала құқығының декларациясы"; "Адам қүқықтарының жалпы декларациясы" және басқа да көптеген халықаралық қүжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанүялық қатынастарды, баланың жанүя мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы меселелерін қамтитын тарауларына негіз болды.
ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1.Неке мен жанүя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2.Балаларды қорғау мен тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы және міндеті,
З.Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз аіа-аналарына қамқорлық жасауы тиіс. ҚР Консититуциясында бекітілген жанүя тәрбиесінің құқықтық принциптері "Неке және жанұя туралы" занда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге түрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанүя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның қуқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына. оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына қүқығы бар". Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік қүқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикаеының "Білім беру туралы" заңында елдегі білім беру-тәрбиелік үдерісті мемлекеттік-қүқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бүл күжаттың нақты жасалған қүқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, қүқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа қүқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке түлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие үдерісін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп түрған қүқықтық негіз бар, жанүяның дамуына кепіл беретін және жанүя өмірінің, жанүя үжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін қүқықтық нормалардың жүйесі жетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет