синтез, анализ, салыстыру, жіктеу, қорыту және т.б.
Оқудың маңызды компоненті – мотив. Оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бір-бірімен өзара байланысқан үш тобын көрсетуге болады.
Оң несесе теріс эмоциялар, тұлғаның эмоционалдық жадайларына негізіндегі тікелей қозғаушы мотивтер: мазмұнның жаңалығы, жарқындығы, сыртқы атрибуттардың тартымдылығы; сабақты қызықты өткізу; мұғалім тұлғасының тартымдылығы; мақтау, марапаттау алғысы келуі, төмен баға алудан, жазадан қорқуы және т.б..
Принцип
(латын сөзі –бастапқы, негізгі) –басшылыққа алатын идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын талаптар деген мағынаны білдіреді.
Оқыту принципі
барлық оқыту процесінде және түгелдей оқу пәндерінде басшылыққа алынатын негізгі қағидалар, педагогикалық талаптар жүйесі.
Оқыту
жеке адамнын, калыптасуының және бірінші кезекте, акыл-ойы мен жалпы білімін дамытудың манызды кұралы. Білім мен акыл-ойдың дамуы көптеген жолдармен және әр қилы түрде, радио тындау, газет оқу, музейге бару және т. б. бастап өздігінен білім алуға дейін жүзеге асырылады, алайда оқытудан тыс білім алу көбіне-көп тұрақты емес, жүйесіз түрде жүреді.
Дидактикада принциптер жүйесі мыналарды қамтиды:
1-оқытудың ғылымилық, жүйелілік принципі;
2-оқытудың көрнекілік принципі;
3-саналылық және белсенділік принципі;
4-теория мен практиканың байланыстылық принципі;
5-білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу принципі;
6-білім беру мен тәрбиенің байланыстылық принципі;
7-білімді берік және тиянақты меңгеру принципі;