Бірінші ерекшелігі - тәрбиенің көп қырлы факторлы процесс екендігі. Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленеді. Тәрбие ұзақ уақытты, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелігі - тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игеру. Сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда: этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Қоғамда тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастың қалыптасуы.
Төртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай күрделенуі;
Бесінші ерекшелігі – тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Жетекшінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен, ниетімен, өзін-өзі тәрбиеленуімен ұштасып жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор. А.С.Макаренко «Тәрбие беру жұмысы ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы» деп бекер айтпаған.
Жетінші ерекшелігі - тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. Оқушылардың қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау өте қиын.
Сегізінші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет, бүгін мен ертеңі келешек өмірдің ұштасуы.
А) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру едәуір қиындық тудырады. Жетекші оқушының бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
Б) Тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып жетекшісі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып инсцировка жоспар жасайды. Аталған ерекшеліктер мен қиындықтар сынып жетекшісінен сан-саналы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие – педагогикалық құбылыс. Сондаықтан педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырып, оның кейбір заңдылықтарын атауға болады:
|
1) Тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық әлеметтік мүмкіншілігі өзгермелі өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әсер етеді.
2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Тәрбиеленуші тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле білулері қажет, яғни бір жағынан оқушы – тәрбие объектісі, ал екінші жағынан оның субъектісі болады.
3) Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.
4) Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.
5) Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі – ұжым болып табылады. Тәрбие процесінде ұжымның ең басты борышы - әрбір адамның түлеп ұшуына қамқоршы болуы тиіс.
6) Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы.
|
Тәрбие принциптері
|
а) Тәрбиенің мақсаттылық принципі. Тәрбие жұмысында мақсатқа жету үшін әдейі міндет қойылып, ол шығармашылықпен орындалуға тиіс. Сынып жетекшісі өзі тәрбиелейтін тұлғаның қандай болатынын анық білуі керек. Тәрбие жұмысының тиімді болуы – ұйымдастырылған жұмыс мақсатына, мазмұнына сынып жетекшісі мен оқушылардың оған деген қатынасына байланысты. Мақсаттылық принципі – тәрбие жүйесіндегі басты принцип болып есептеледі.
ә) Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен байланысты болу принципі. Педагогикада тәрбие өзі өмір сүрген ортасын, ауыл-аймақта, отбасында іске асырылып, ата-ананың, ақылды қариялар мен әже, аналардың, ағалардың, есті үлкендердің үлгі-өнегесімен, ақыл-кеңесімен, басшылығымен іске асырылып келгенін өмір дәлелдеген. Дұрыс тәрбиенің нәтижесі өмір сүру барысында еңбек үстінде көрініс табады.
б) Ұжымда тәрбиелеу принципі. Жеке адамға ұжымның оң ықпалын, дұрыс қатынастарын қалыптастырады. Оқушыны ұжым мүшесі болуға талпыну тілегін тудыру, көпшілік мақсаты үшін күресу сезімін тәрбиелеу.
в) Белсенділік принципі. Тәрбие ісі екі жақты процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді. Тәрбие ісіне оқушылар күш жұмсап, белсенді қатысқанда ғана нәтижелі болады.
г) Жеке тұлғаны құрметтеу және жоғары талап қою принципі. А.С.Макаренко адамды мейлінше құрметтеу, мейлінше мол талап қоюды ұсынған. Құрметтеу де, талап ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының бойындағы жақсы қасиеттерінің, қабілеттерінің дамуына тірек болады. Құрметтеу жастарға қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, ілтипатты қарым-қатынас жасауда көрінеді.
д) Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру принципі. Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру, оның тұтас дамуына ықпал ету. Сынып жетекшісі әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке-жүйесінің қызметін, мінез-құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін, қабілетін білуі, күнделікті тәрбие жұмысында әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал.
е) Тәрбиенің бір тұтастығы, бірізділігі, жүйелілілігі, үздіксіздігі принципі. Тәрбие – үздіксіз іске асырылатын бір тұтас процесс. Жеке тұлғаның адамдық қасиеттеріне үзік-үзік тәрбиелеуге болмайды (А.С.Макаренко), өйткені, тәрбиенің біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен оқыту мен тәрбиелеудің және тәрбие бағыттарының арасындағы өзара логикалық байланыс тәрбиені кешенді жүргізуді талап етеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |