И. Ф. Харламов Ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды



бет7/10
Дата13.12.2022
өлшемі129.28 Kb.
#467185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
педагогика 10-14

Дидактика ғылым ретінде оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).

Дидактиканың негізгі категориялары болып сабақ беру, оқу, оқыту білім беру, білімдер, біліктер, дағдылар, сол сияқты оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, нәтижелері (өнімдері) табылады.

Білім беру – педагогтың оқыту мақсатын (білім міндеттерін) жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті, ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, тануды және білімдерді тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету.
Оқу – барысында таным, жаттығу және алынған тәжірибе негізінде өзін ұстау мен іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болатын, бұрынғылары өзгеретін процесс, дәлірек айтқанда біріккен процесс.
Оқыту – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған педагог пен оқушылардың өзара іс-әрекеті. Оқу (дидактикалық) процесі мынадай өзара іс-әрекеттің негізгі сатылардан тұрады: Білім (образование) – оқыту процесі барысында алынған білімдер, біліктер, дағдылар мен ойлау тәсілдерінің жүйесі.
Білім (знание) – адамның теориялық тұрғыда меңгерген идеяларының жиынтығы.
Біліктер – алынған білімдерді тәжірибе жүзінде қолдану тәсілдерін (әдістерін, әрекеттерін) меңгеру.
Дағдылар – қолданылуы автоматты, жетілдірілген деңгейге жеткізілген біліктер.
Мақсат (оқу, білім мақсаты) – оқыту ұмтылатын, оның барлық күшін салатын болашақ.
Мазмұн (оқыту, білім беру) – оқыту барысында оқушылар меңгеруі тиіс ғылыми білімдердің, практикалық біліктер мен дағдылардың, іс-әрекет пен ойлау тәсілдерінің жүйесі.
Ұйымдастыру – белгіленген критерийлер бойынша дидактикалық процесті қалыпқа түсіру, мақсатқа дұрыс жету үшін оған қажетті форма беру.
Форма (лат. forma – сыртқы түр, қабық) – оқу процесінің өмір сүру тәсілі, оның ішкі мәнінің, логикасы мен мазмұнының қабығы. Форма көбінесе оқушылар санымен, оқыту уақыты мен орны, оның орындалу тәртібімен байланысты.
Әдіс (лат. metodos – жол, тәсіл) – оқыту мақстаы мен міндеттеріне жету, оларды іске асыру жолы.
Құрал – оқу процесін заттық қамтамасыз ету. Құрал болып педагог дауысы (сөзі), кең мағынада оның шеберлігі, оқулықтар, сынып жабдықтары, т.б. табылады. Бұл түсінік басқа мағынада да қолданылуы мүмкін.
Нәтижелер (оқыту өнімдері) – оқытудың соңғы нүктесі, оқу процесінің салдарлары, қойылған мақсаттың орындалу деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет