И. Ф. Харламов Ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды


Жете түсінудін жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы



бет2/10
Дата13.12.2022
өлшемі129.28 Kb.
#467185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
педагогика 10-14

Жете түсінудін жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.

Көзқарастың жоғары сапалы жағдайы. Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайлы, мінез-құлқын сипаттайды.

Жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Көзқарас – адамның шындық ретінде қабылдаған идеары, білімдері, теорилары, концепциялары және жорамалдары, құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасы.

Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді,ұғады.

Адам мұраты

Сенім

Көзқарас

Білім

Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының заңдылықтары.



Дүниетанымды қалыптастыру

Бұрынғы мәдени мұралармен, ғылымдар негізінің білімдерімен қаруландыру

Білімдер жүйесін меңгеруідің нұсқауы, оны тәжірибеде қолдана білу іскерлігі


Іс-әрекетке дайындық





Бағыттылық және өмірлік ұстанымдар


Сенімдерді қағидаларға, іс-әрекет қызығушылықтарына және мінез-құлықа өзгертуі

Білімді іс-әрекет арқылы тұрақты және терең сенімге аудару






Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынандай етіп бөлуге мәжбүр етеді:

объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;


– олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
– олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;
– индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;
– құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;
– өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
– белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).



Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:

–шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;
–тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе саласына әсерін іске асыру;
- жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және оқытуда жеке тұлға мен ұжымның өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;

Ғылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары.



Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының, сезімдерінің бірлігіне сүйенсе, тек сол жағдайда ғана онда әлем туралы тұтас түсінік қалыптасады. Сондықтан дүниетаным қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-әрекетінен, оның интеллектісіне, жігеріне, эмоцияларына ықпал етуден тікелей тәуелді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен әлеуметтік және микроорта, оқыту және тәрбие, жаппай ақпарат құралдары және т.б әсер етеді. Олардың әрқайсысы әр түрлі ықпал жасайды.




Дүниетаным жеке-жеке білімдерден емес, оның жүйесінен тұрады

Ол білімдер әдіснамалық теориялар, концепциялар, идеялар негізінде ұйымдаса отырып, мүмкіндігінше қәзіргі заманғы ғылыми білімдердің құрылымын көрсетеді.
Білімдер сенімдерге айналуы, тұлғаның басымды цукенқажеттіліктеріне, әлеуметтік күтулері мен құндылық бағыттылықтарына, жалпы көзқарастар жүйесіне енуі үшін
сезімдеріне әсер етуі керек. Оқушылардың оң эмоционалдық жағдайы оларды өз тәжірибелеріне, ұлы ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен іс-әрекетіне назар аудартады.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда интеллектуалдық және эмоционалдық-жігерлік компонентпен қатар практикалық-әрекеттік компоненттің де маңызы зор.



Сондықтан оқушыларды практикалық әрекеттер жүйесіне, әлеуметтік қарым-қатынастарға тарту олардың жан-жақты ақпараттарды, қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруіне жағдайллар жасайды.



Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тұтас процесі оқытудағы сабақтастықпен, оқу пәндерінің бір-бірінң байланысымен қамтамасыз етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет