Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Ғалымдардың көбі тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.)
адамгершілік тәрбиесі
эстетикалық тәрбие
азаматтық тәрбие
дене тәрбиесі.
еңбек тәрбиесі
№12 дәріс тақырыбы. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
Тәрбие әдістеріне педагогикалық әдебиетте бірнеше анықтама берілген:
|
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенко бойынша тәрбие әдісі – жеке адамға тікелей және жанама ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
|
Тәрбие формасы
|
бұл тәрбие процесінің сыртқы түрі. Форма мен мен мазмұн бір-бірімен өзара байланысты, себебі, мазмұн қалыптасады, ал форма мазмұнмен толтырылады.
|
И.П.Пидкасистый тәрбие формаларын сандық критерийге негіздеп жіктейді.
|
Бұл критерий бойынша тәрбие формалары жекелеме, шағын топтық, топтық (ұжымдық), және жалпы болып бөлінеді. Тәрбие процесінің тиімділігі оны ұйымдастыру формасынан тәуелді. Сонымен қатар мектептен тыс тәрбие жұмысы, тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты сөздік, көрнекі, практикалық формалары да белгілі.
1. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген комммуникациялық құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі) жатады. Педагогикалық әдебиетте оған тар мағынада сөздері, кітаптарды, кинофильмдерді, өнер туындыларын, т.б. тәрбие мақсаттарына қажетті нәрселерді жатқызады. Кең
мағынасында іс-әрекет түрлерін: оқу, қоғамдық-пайдалы еңбек, спорттық ойындар, үйірме жұмыстарын жатқызады.
|
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады.
|
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
|
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері
|
жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-
әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
|
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
|
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
|
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады
|
(мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады. Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |