И. Ф. Харламов Ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды



бет6/10
Дата13.12.2022
өлшемі129.28 Kb.
#467185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
педагогика 10-14

Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
Тәрбие әдісін жіктеудің көптеген түрлері бар. Соның ішінде Т.Е.Конникова, Г.Щукина тәрбие әдістерін 3 топқа бөледі.
Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу

Тәрбие әдістері

Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды
тәжірибені қалыптастыру әдістері:



Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері



Мадақтау және жазалау әдістері



1. қоғамдық пікір;
2.үйрету;
3. бақылау;
4.жаттығу;
5. педагогикалық талап;
6.арнайы тәрбиелік ситуациялар құру.



1. саяси, этикалық әңгіме;
2. әңгімелесу;
3. диспуттар;
4. лекциялар;
5. түсіндіру;
6. өнеге.



1.Мадақтау;
2.Жазалау.



В.А.Сластенин жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу






Тәрбие әдістері













Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері

Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері:

Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері


Бақылау, өзін-өзі бақылау және өз-өзіне баға беру әдістері

әңгіме;
лекция;
диспут;
өнеге.



педагогикалық талап;
қоғамдық пікір;
тапсырма; жаттығу; тәрбиелеуші ситуация.



мадақтау;
жазалау;




педагогикалық бақылау;
әңгіме;
сұрау (анкета, ауызша); қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау;
балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау





Тәрбие әдістерін жіктеудің бірыңғай болмауының негізгі себебі

тәрбие өте күрделі процесс болғандықтан, әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуін талап етеді.

Жіктеу

арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

- жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;


- оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
- жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.

Этикалық тақырыптағы әңгіме



көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.

Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:



- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
- әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
- әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.

Этикалық әңгіме-сұхбат

адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.

Пікірсайыс

сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.
Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Пікірсайысқа қатысушыларды осы сұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы қажет. Пікірсайыс жүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар
оқушылар да жүргізуші бола алады. Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың пікірін зер салып тыңдауы керек. Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен бірігіп оқу жылы бойы өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс

Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:

- қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
- тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
- оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
- тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.

№13 дәріс тақырыбы. Отбасы тәрбиесінің негіздері



Отбасы

болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі

Отбасы тәрбиесінің проблемасы-

ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасыларда тәрбие проблемалары туындайды.

Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар.

1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. Онда «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, оны туылғанға дейін және туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

1.Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2.Балаларды қорғау мен тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3.Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

ҚР «Білім туралы» заңында (07.06.1999ж) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген.

Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ат-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интелектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.

Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:

1. Репродуктивті – баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік – отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті – отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру



ҚР Консититуциясында бекiтiлген отбасы тәрбиесiнiң құқықтық принциптерi “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған.

Онда қазiргi заманғы отбасы құқығының бiр некелiк, некеге тұрудың бостандығы мен еркiндiгi, ажырасу еркiндiгi, ерлi-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негiзгi принциптерi жазылған. Бұл құқықтар отбасы өмiрiндегi, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияѓа жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесi, оның құқығын және мақсат-мүдделерiн қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуiне, оның тiлек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадiр-қасиетiнiң сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билiгiне тәуелдi объект ретiнде емес, өзiндiк құқық субъектiсi ретiнде қарастырылады.

Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған.

Педагогикалық ғылымның дамуы барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психолгиялық даму денгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде
баланың отбасыдағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.

Отбасыдағы бала тәрбиесiнiң жетiлуi әлеуметтiк-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты.

Олардың бiрi – оқушы тәрбиесiндегi отбасы мен мектептiң ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас отбасының педагогикалық процесiнiң күйi туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемiстi бола алады.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық

педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда ( сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан ( өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.

Мектеп пен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық –

Мектеп пен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық – педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.

Отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тiкелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары.

Мұндай жиналыстарда сынып жетекшiлерi оқушылардың үлгерiмi мен тәртiбiнiң сынып өмiрi жайлы, ұжым мiндеттерi туралы, т.б. ақпарат бередi. Жиналыстар отбасы мен мектептiң тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшiн өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бiрiгiп өткiзген тиiмдi. Ата-аналар жиналысы әртүлi болуы мүмкiн: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгiмелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бiр рет болса да сынып немесе мектеп деңгейiнде диагностикалық негiзде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткiзiп тұру керек, яғни бұл процестiң жетекшi (өзгермелi) сипаттары арқылы мектептегi және отбасыдағы шынайы жайды анықтау үшiн керек.

Отбасыға бала тәрбиесiнде көмек көрсетудiң ықпалды тәсiлi – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру.

Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерiн, әкелер конференцияларын, т.б. өткiзу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбiр мектеп өз жағдайына, “отбасы суретi” ерекшелiктерiне, оқушылар тәрбиелiлiгiне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесiн жасайды. Көбiнесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесiн жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиi қолданылады.

№14 дәріс тақырыбы. Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Дидактика

(гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі. Алғаш рет бұл сөз оқыту өнерін белгілеу үшін неміс педагогы Вольфганг Раткенің (Ратихия) (1571 - 1635) шығармаларында кездеседі. Дидактиканы «бәрін барлық нәрсеге оқытудың әмбебап өнері» ретінде Я.А.Коменский де пайдаланды. ХІХ ғ. басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт дидактикаға тәрбиелей оқытудың тұтас және қайшылықсыз теориясы статусын берді. Ратихия заманынан бастап дидактиканың негізгі міндеттері – не нәрсеге оқыту және қалай оқыту мәселелерін зерттеу өзгеріссіз қалып келеді. Қазіргі ғылым сол сияқты қашан, қайда, кімді және неге оқыту мәселелерін жете зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет