И. Ф. Харламов Ғылыми дүниетанымның бағдару беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды



бет3/10
Дата13.12.2022
өлшемі129.28 Kb.
#467185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
педагогика 10-14

Пәнаралық байланыстарды іске асыру бір құбылысты жан-жағынан көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.

Педагогтің әлеуметтік және кәсіби позициясы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың бір жолы. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жетістік көп жағдайда оқушылардың мұғлімге деген сеніміне байланысты



Сондықтан, ғылымның мәнін, жетекші идеяларды толық түсінген, қабылдаған, шығармашы тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім ғана жастардың рухани жетекшісі бола алады.

Дүниетанымның қалыптасуы педагогикалық процесс ретiнде, объективтi түрде єдіснамалыќ идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игiлiгiне айналдыруды талап етедi. Оқушылар материалистiк диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулерi қажет:



дүниенiң материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материяның өмiр сүру формасы ретiнде; материяның бiрiншi, сананың екiншi болуы; қарама-қайшылықтардың бiрлiгi мен күресi; себептi байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерiстердiң мөлшерден шығып кетуi мен олардың сапалық өзгерiстерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәндiлiктiң көрiнiсi ретiнде; мүмкiндiк пен шындық; практика – таным негiзi, ақиқат өлшемі.

Дүниетаным қалыптасуының бiртұтас процесi бiлiм берудегi сабақтастық, оқу пәндерi арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады.

Оқыту – оқытушы мен оқушының бiрлескен іс-әрекетiмен сипатталады, іс-әрекеттiң мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында бiлiм, бiлiк, дағдыларды, яғни нақты бiр іс-әрекеттiң жалпы бағыттық негiзiн қалыптастыру.
Оқыту – оқушылардың ғылыми бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудегi, шығармашылық қабiлеттiлiгiнiң, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсендi оқу-танымдық іс-әрекетiн ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесi. Оқыту, адамның iс-әрекетiн белгiлi бiр бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудiң саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретiнде жүзеге асады. “Түсiнiктердi, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сiңiруге болмайды. Оларды оқушының өзi, мұғалiмнiң басшылығымен, көмегiмен қалыптастыруы қажет. Білім түсiнiктердiң пайда болуы, заңдарды жете түсiну – оқушының ойлау мен іс-әрекетiнiң белсендi процесi” (М. Н. Скаткин).

№11 дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны



Тәрбие процесі

Жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен,қызметімен қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызтетімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанғанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізгі мақсаты

Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Тұтас педагогикалық процестің мәні

тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта,жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процес немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. едагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.

Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:



1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу;


2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру;
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу;
4. Қорытынды есепке алу және бақылау.



Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

Өзін-өзі тәрбиелеу

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.



Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Оның өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеу ережелерін былайша көреді:

1. Асқан сабырлылық;
2. Сөзде және қылықтағы турашылдық;
3. Батылдық;
4. Әрекетті жан-жақты ойластыру;
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
6. Санасыз уақыт өткізбеу;
7. Құмарлыққа емес, қажетті нәрсеге шығындану;
8. әр ккеш сайын өз қылықтары туралы өзіне есеп беру;
9. Болғанды, болатынды айтып мақтанбау;



Қайта тәрбиелеу

оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта құру – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету – оқушы сапасындағы және жүріс-тұрысындағы жекелеген кемшіліктерді жеңу.
Қайта тәрбиелеу тәрбиелік ықпалдар жүйесі болып табылады, оның барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрыстағы ауытқулар қайта түзетіледі, сонымен бірге ол тұлға сапасының, мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің,
түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.

Қайта тәрбиелеудің қызметі



бұл «қиын» балалардың орынды сапаларын қайта қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын толтыру (еңбектегі, спорттағы, т.б. іс-әрекеттегі нәтижелермен), теріс сана шырмауынан босату.
Жалпы айтқанда, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір теріс қылықтарға мән берілмейді, ол ауытқудың ең басты себептерінің бірі болып табылады. Ең басты міндет – мінез-құлық пен жүріс-тұрыстағы ауытқулардың алдын алу.


Қайта тәрбиелеуде қолданылатын әдістер

қайта ұғындыру қайта оқыту






Еріксіз көндіру


басқа іс-әрекеттерді
орындату күрт өзгерту

Тәлім-тәрбие жұмысының диалектикасы мен ерекшеліктері




Тәрбие процесінің диалектикалылығы

оның үздіксіз дамуынан, динамикалылығынан, үнемі қозғалыста болатындығынан, өзгеріске түсетіндігіен көрінеді. Тәрбие процесі онда орын алып отырған себептерге байланысты дамиды. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне, әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға байланысты өзгеріске түседі.
Тәрбие процесінің диалектикасы оның ішкі және сыртқы қайшылықтарына байланысты ашылады. Тұлға қалыптасуының барлың сатыларында туындайтын ішкі қайшылықтың негізгісі – тұлғаның жаңа қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы жерде туындайтын қайшылық адамды белсенді түрде тәжірибе игеруге, толықтыруға, жаңа білімдер мен мінез-құлық нормаларын алуға итермелейді.

Педагог-ғалымдар тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет