Көру қабілеті бұзылған балалар топтарын атап, топтастырыңыз
.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте
оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін
жіті
тексеріп
жəне денсаулығына байланысты қойылған
диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не
нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл
топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері,
қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері
əр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар
үш топқа бөлінеді.
Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли,
амблиопия)
1
-
топтағы
балаларға брайль жүйесінде оқытылу
ұсынылады.
Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу.
Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль
дəптері, грифель) қолданылады.
1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім
қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім
мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, əріптер
мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.
Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі əдістерді пайдалануға
болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы:
жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін
төмендеу жəне оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты
үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы,
бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дəндері мен
дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға
болады.
Əр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі
төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек.
Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль
жүйесінде оқитын балаларға əуеннің сүйемелдеуімен орнында
отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға
созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан
тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару.
Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын,
айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу.
(15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ
ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.
Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық
бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар
жасатуға болады. Əуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму,
ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ жəне
ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған
жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады.
Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен
тренажорлар бар.
Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру
диагнозына байланысты əр қайсысымен ұсынылым бойынша
жұмыстанылады.
Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нəрселерді
жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке
жұмыстану қажет жəне көзге арналған арнайы жаттығуларды
жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау
жəне баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру
керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс (қара
реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру жүктемесі 10 минуттан
аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
Алыстан көру (гиперметропия Н) – алыстан да, жақыннан да
көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы
балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен
жұмыстануға,
ұсақ
заттармен,
үлестірме
материалдарды
бөліктермен беріледі.
Астигматизм (ast)- бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса
да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі
көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы.
Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде. Жазу жұмысы
аз болуы шарт. Партаға дəптерді дұрыс орналастаруға тіке
сызықты
желімдеп
қою
керек.
Егер
гиперметропиялық
астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек.
Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт,
контрастық реңде қызғыл сары жəне жасыл түсті көреді. Көру
жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.
Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа
пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан
бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне
байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық
сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін
көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы
шарт.
Нистагм көз ауруында – баланың көзі төмен-жоғары, көлденең
ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану
керек.
Жүргізіп
оқыған
кезде
коррекциялық
сызғышты
пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау
қажет.
Қыли көзді ауруы (косоглазия) – көз қимылының бұзылуы. Қыли
көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің
ауытқушылығы 15-20 градус болса көз əйнекті тағуға міндетті.
Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған
кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса
кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем
болмайды.
Бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі
халықтың дініне, нəсіліне, ұлтына қарамастан болашақ өскелең
ұрпаққа білім беру мен тəрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі
мейірімге толы ұстаздар қауымына тиісілі. Елімізде жылдан
жылға мүгедек балалар саны артып келе жатыр. Алайда, ол
балаларды мемлекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен
білім алуларына жағдай туғызуда.
Жоғарыда жазылған көру қабілеті бұзылған балалардың
оқытудағы жұмыстардың түрлері мен ауру диагноздары. Егер
жалпы
білім
беретін
ордаларда
жоғарыда
айтылған
ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім
беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан
қалыс қалмайтыны хақ.
1
2
11
Достарыңызбен бөлісу: |