Ибб сессия нжгадс



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тəрбие.
2-ші бөлім: Арнайы тəрбие.
Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада
ескертетін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ
халқының өмір тəжірибесі, салт-дəстүрі, шаруашылық жүргізу тəсілдері,
рухани байлығы, саяси əлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру.
Сонымен қатар, дүниежүзілік мəдениет, ғылым, техника жетістіктерін
əлем халықтарының озат тəжірибесімен дəстүрлерін пайдалану.
Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы пəндер болады.
Олар:
1.
Өнер жəне Əдеп. /6-7 кл. Арналған/.
Ұлттық өнер мен əдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің əрбір
саласының іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту,
шығармашылыққа, іскерлікке үйрету; халқымыздың ізгі қасиеттерін
баланың бойына сіңіріп имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.
2.
Қазақ халқының салт-дəстүрі. /8-9 кл. арналған/.
Халқымыздың
ұлттық ерекшелігін
, психологиясын, дүниетанымын,
ойын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дəстүрлерін олардың санасына сіңіру
арқылы халқымыздың ұрпақты тəрбиелеудегі, əулет жалғастырудағы өмір
тəжірибесінен түсінік беру.


3.
Ұлттық мəдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/.
Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай
тарихынан /əдебиет, сəулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт
ойындары, əн-күй, тəлім-тəрбие тарихы т.б./ жүйелі мəлімет беру. Ұлттық
санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру.
Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен
мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық
тəрбие берудің кешенді бағдарламасы бар».
Мектептегі тəрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тəрбие. Бұл түрлі
əдіс-тəсілдерге, баланың іс-əрекеті мен қарым-қатынасына негізделген
оқытудағы тəрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.

Халықтың, мəдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму
негіздерін зерттеу;

Отбасы жəне мектепке дейінгі тəлім-тəрбиені байланыстыра
отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері»,
«ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б.
үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.

Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;

«Əкелер», «əжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін
ұйымдастыру;

Үй шаруасы сабағын ұлттық тəрбие кезіне айналдыру.

Ата тарихын зерттеу, зерделеу.
Сол арқылы баланы ел тарихына
,
өз əулетіне, тегіне үңілуге баулу;

Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар
қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.

Ғылым, мəдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен
кездесу кештері, пікір алысу.

Жоғары кластарда халықтың ауыз əдебиеті үлгілері, шежірелері
бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дəстүрге айналдыру;

Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;

Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;



Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында
«Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.
Қазақ мектептеріндегі ұлттық тəлім-тəрбие жұмысының бағдарламасын
айтқанда əсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының
ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін
мектептердегі оқу-тəрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық,
ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының
тəлім-тəрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық жəне
методикалық бағдарлама болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере
отырып, оқу-тəрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен
ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық,
аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты
ұлттық
этнографиялық іскерлік
, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік
ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін
/значогін/, ұлттық киім формасын жəне өзге рəсімдік-символдық
белгілерді иелену əрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер
ашу.
Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда
халықтың салт-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары, тарихы, этномəдениеті,
этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық
ағарту-тəрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған.
Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде,
мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары
мен училищелерінде іс-əрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы
құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-4
класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер»
бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар
жүргізіледі.
Əрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай жəне тілектеріне
қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша
бірлестіктерге тапсырылып салтанатты жəне дəстүрлі түрде
жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп жəне
толықтырылып отырады.
Əрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рəсімдік символдық
елтаңбасын /эмблемасын/ иеленеді.


1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет