Ибб сессия нжгадс



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

Сендіру-сөзге негізделген баяндама, əңгіме, диспут, лекция – бұл
ең жетекші əдісі. Сөйтіп бұл əдісті сендіру əдісі деп айтамыз.
2.
Практикалық əдіс. Жағымды мінез-құлыққа жаттықтыру – оған
түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық азаматтық, пионерлік тапсырма
беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияға
қатыстыруға
тапсырмалар беру
; Ойындар пəнді, əскери т.б. жылжымалы
ойындар арқылы жығымды əдет-ғұрыпқа тəрбиелеу.
3.
Ынталандыру – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды,
көтермелеу жəне жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша
əдістер ретінде қарастырылады.
4.
Өзін-өзі тəрбиелеу – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге
икемделмесе оны жүз мұғалім де тəрбиелей алмайды», - дейді.
«Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі
бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері).
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кəсіптік іс-əрекетінде
қолдану мақсатын анықтаңыз.
2.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың
түрлерін атаңыз.
3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кəусарбұлақ», ұлттық
бағдарламаларының мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қазақстан Республикасыны орта жəне жалпы білім беретін
мектептеріндегі ұлттық тəрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?
3
2
13
Ұжымды белсенді ұйымдастыруға мысал келтіріңіз.
3
3
1
Танымдық қабілеттері сақталған, бірақ тірек-қимыл аппаратының
зақымдануы
бар
балалардың
əлеуметтік
бейімделуінің
қандай
ерекшеліктері қарастырылғаны туралы өз сөзіңізбен жазыңыз.


3
3
2
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың жағдайын жақсарту жəне
қоғамға бейімделу үшін қандай шаралар ұсынылатындығын көрсетіңіз.
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар
санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім жəне əлеуметтік
қорғау салаларының осы мəселеге көңіл бөлуін талап етіп
отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген
қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі
ретінде қарауға бет бұрды. Мүмкіндігі шектеулі балалар
ішінде жетекші тап ретінде қарастырылған балалардың
церебралды сал ауруы жағдайындағы психологиялық жəне
фихиологиялық даму ерекшеліктері Б.П. Пузанов, Э.С.
Калижнюк,
В.В.
Лебединский
еңбектері
негізінде
сипатталды[4].Церебралды
сал
ауруы

психофихиологиялық даму барысы бойынша аса күрделі


категориялардың бірі тірек-қимыл аппараты бұзылған
балаларды
оқыту
жəне
тəрбиелеу
қозғалыс
аппараттарының
зақымдану
бағытымен
сəйкес
ұйымдастырылады.
Тірек-қимыл
аппараты
бұзылған
балалар өздерінің интеллектуалды жəне психикалық даму
ерекшеліктеріне жəне физиологиялық күйлеріне сəйкес
қоршаған адамдардың өзіне деген қатынасына өте сезімтал
жəне кез-келген əлсін өзгерістерге байқампаз болады.
Мұндай балалар өте əсершіл, оларды оп-оңай ренжітуге
болады, бұл балалардакез-келген жағдайға жағымсыз
көзқарас қалыптасуы жеңіл. Яғни, қозғалыс аймағының
кемістігі əлеуметтік қатынастармен бірлесе келе, баланың
жалпы психикалық дамуына ықпал ететіні анық.
леуметтік
қызметкер
мүмкіндігі
шектеулі балалардың
ата-аналарына оларды дұрыс дамыту жəне тəрбиелеу
мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: баланың
ерекшелігін
дұрыс
түсініп,
қабылдау;
балаға
үнемі
шыдамдылық
пен
сүйіспеншілік
таныту;
əрқашан
ата—аналар
сенімді
болып,
балаға
ішкі
жағымсыз
қобалжуларды
байқатпауға
тырысу;
үй
тұрмысына
байланысты жұмыстарды мүмкіндігінше баламен бірге
атқару; баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста
болуына ықпал жасалуы тиіс; баланың қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасау барысында үнемі қолдау таныту,
қарым-қатынастың
үзілмеуін қадағалау; балаға көмек
беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу өте
маңызды болып табылатынын үнемі ескеріп отыру қажет.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту жəне
тəрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын
толық
қалыптастыру, танымдық əрекеттерінің дамуы,
оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға
қосылуы болып табылады.
Əрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
жүргізу барысында шешімін таппаған мəселелер жеткілікті.
Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тəжірибе алмасу
жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Болашақ ұрпақтың, əсiресе мүмкіндігі шектеулі балалардың
терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң
жоғары
жəне
iзгi ниеттi азамат болуына, олардың
тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру аса
маңызды.


3
3
3
Көру бұзылысының пайда болу себептерін атаңыз.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол
сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп жəне
денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл
баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем
болмайды.
Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру
мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау
қабілеттері əр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған
балалар үш топқа бөлінеді.


Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)
1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады.
Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған
жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дəптері, грифель)
қолданылады.
1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін
дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса,
қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, əріптер мен сандарды тез
үйренуіне көп көмегін тигізеді.
Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі əдістерді пайдалануға болады. Үлкен
заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен
моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу жəне оған ілгекті де
алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен
бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік
дəндері
мен
дақылдарын
пайдаланға
т.с.с.
көрнекі
заттармен
жұмыстануға болады.
Əр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі
төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы
мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын
балаларға əуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға,
алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму.
(15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем
шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын,
айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет,
басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі
заттармен жеңіл массаж жасау.


Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған
балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады.
Əуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен
сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ жəне ортаңғы саусақпен жеңіл массаж
жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар
жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар
мен тренажорлар бар.
Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына
байланысты əр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады.
Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нəрселерді жақсы
көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыстану қажет
жəне көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс
орны жарық болуына ықпал жасау жəне баланың денесін тіке ұстап
отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері үйлесімді
реңмен берілуі тиіс (қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру
жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
3
3
4
Есту
кабілеті
бұзылған
балаларға
арналған
негізгі
психологиялык-педагогикалык
ерекшеліктер
кандай
жəне
бұл
ерекшеліктер олардың қоғамда дамуы мен бейімделуіне калай əсер етеді.


Есту қабілеті бұзылуының орнын толтыру бағытында, саңырау балаларды
өмірге əлеуметтік бейімдеуде, еңбектің рөлі ерекше. Демек, балаларға
кəсіп
таңдау мүмкіндігін беру өте маңызды. Саңырау балалардың ақыл-ой
дамуындағы талдау мен жинақтау, абстракциялау, қорытындылау сияқты
қабілеттердің кемшіліктері салдарынан, балалар өз мақсаттарын анықтап
алу
мен оны санамен қабылдауы қиынға соғады. Еңбек əрекеті əдісінде, олар
тезірек нəтижеге жетуге, мақсатқа жылдам қол жеткізуге ұмтылады.
Бірақ,
оларда тапқырлық пен мақсаттылық жетіспейді, яғни болашақ нəтиже
бейнесі
мен алынатын нəтиже арасындағы қатынасты орнату, қиындықтардың
себептерін
талдау
қабілеті
жетіспейді.
Сондықтан,
саңырау
жасөспірімдер


кейде тəпкі мақсатқа жету жолындағы міндетті жетістіктерді саналы
түрде
ұғынбайды, назардан тыс қалдырады. Бұл сапалардың толыққанды
қалыптасуы
үшін, еңбекке деген жағымды, оң көзқарас тəрбиелеу керек, қажетті
түрткі мен
ынта туғызу керек. Басты қиындықтар, əсіресе, еңбек жолының бастапқы
кезеңдерінде пайда болады. Бұл олардың тұлғааралық өндірістік қарым-
қатынастарды саналы түрде түсінуінде, яғни тұлғааралық
қатынастар
мен
тұлғааралық
қабылдау
механизмдерінің
баяу
қалыптасуымен
байланысты. Жасөспірімдер мен жастардың тұлғааралық қатынастарды
бағалау көрсеткіштері жеткіліксіз қалыптасқан. Олар жұмыс барысында,
айналадағы
қарым-қатынас
жасайтын
адамдарды
бағалауда
жиі
қателеседі,
іскерлік жəне тұлғалық қарым-қатынастарын саралай алмайды.
Есту қабілеті бұзылған адамдардың психикалық даму ерекшеліктерін
зерттеген
А. П. Гозова, олардың мамандық таңдау шеңберінің шектелуі туралы
айтады.
Бұл
олардың
координациясының
дəл
болмауы
мен
қимыл-қозғалыстарындағы
өздеріне
сенімсіздік
көрсетуі,
статикалық
жəне
динамикалық
тепе-теңдікті
ұстау қиындығы, кеңістікті бағдарлау деңгейінің төмендігі, іс-əрекет
қарқынының баяулығы сияқты ерекшеліктермен түсіндіріледі.
Есту қабілеті бұзылған балаларды араластыратын еңбек əрекеттерінің,
əдептілік, адамгершілік негіздері болуы шарт, сондай-ақ, əлеуметтік
маңызы
бар, нақты нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, өндірістік еңбек
болуы
шарт. Еңбектің түрі, педагогикалық бағдармен анықталады.
3
3
5
Көру қабілеті нашар оқушылардың қолайлы оқу ортасын жəне
бейімделуін қамтамасыз ету үшін қандай арнайы шарттар мен тəсілдер
ұсынылатындығын
көрсетіңіз.


3
3
6
Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыңыз.


Интеграциялық оқыту - мүгедек пен дамуында сəл бұзушылығы мен
ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың
əлеуметтендіру жəне интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы
бірлескен оқыту.
Интеграциялау бағдарламаларының басты мақсаты:

Интеграциялау бағдарламаларының басты мақсаты - түрлі
мүмкіндіктері бар балаларды қалыптасып қалған мектеп өмірі мен
мектеп құрылымына енгізу. Яғни, интеграциялау
бағдарламаларының мақсаты - дамыған оқу моделіне қосылуда
«қалыптандыру» немесе көмек беру. Барлық балалардың жалпыға
білім беру жүйесінің бөлігі деп қарастырылуы инклюзивті білім
берудің интеграцияланудан айырмашылығы.
Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.
Толық интеграция - қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты
деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда,
сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық жəне тілдік дамуы
жасерекшелік
деңгейіне сəйкес немесе жақын
, жəне де балалардың
қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын
жағдайында іске асырылуы мүмкін.
Жартылай интеграция - қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті
іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын,
сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын
балалармен нəтижелі жүргізіледі.
Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі
балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын
кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты жəне арнайы
топтары бар аралас типті
мектепке дейінгі мекемелерде
, сонымен қатар
даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар
жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады
Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың
тəрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты
деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тəрбиелік
мəнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға
қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы
тəжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.
Эпизодтық интеграция моделі - мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты
деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тəрбиелеу жұмысын жүйелі
жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі жəне мектеп
ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық


күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана
мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі
шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында
қалыптасатын əлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден
асу табылады.
Сонымен бірге
, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп
атауға болмайды.
3
3
7
Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандардың құқығын қорғау жəне
əлеуметтендіру, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімдеу, білім беру,
қызметке орналастыру жүйесінің мəселелерін шешу жолдарын көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет