Төмен бұлшықет тонусы: Кейбір CP бар нəрестелерде бұлшықет тонусы төмен (гипотония).
Олар иілгіш, əлсіз немесе əлсіреген сезінеді жəне нашар қалыпқа ие. Гипотониясы бар
нəрестелер бастарын басқара алмауы мүмкін. Олардың аяқ-қолдары өте икемді болуы мүмкін.
Бұлшықет тонусының жоғарылауы: СП кейбір түрлері бұлшықет тонусының жоғарылауын
тудырады (гипертония). CP бар нəрестелер əрқашан арқаларын бүгіп немесе қолдарын созып
жатқандай көрінуі мүмкін. Олардың
аяқтары қайшы сияқты қатайып
, қозғалуы мүмкін, ал
бұлшықеттері бақылаусыз жиырылуы мүмкін.
Сөйлеу жəне жұту қиын: Бұлшықет тонусы мен бұлшықетті бақылау проблемалары CP бар
адамдарға сөйлеуді қиындатады. Олар ауыз, тіл жəне тамақ бұлшықеттерін шайнау, жұту жəне
бақылау проблемаларына байланысты тамақтану немесе ішу қиын болуы мүмкін.
Дененің бір жағына артықшылық беру: Гемиплегиялық СП бар нəрестелер тек бір аяғы мен
бір қолымен жорғалай алады. Олар тек бір қолмен заттарға жете алады. Егде жастағы балалар
жүргенде ақсап қалуы мүмкін.
3
1
6
Есту қабілеті бұзылған мектеп оқушыларының оқу ортасында ақпаратты
қабылдау жəне өзара əрекеттесу қабілетін қалай дамытуға болатынын
түсіндіріңіз.
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты
қабылдау қызметі бұзылады
, негізгі сөйлеу
жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы
көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі
немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, əсiресе егер ол ерте жаста
естуден айырылса сөйлеу жəне психикалық дамуының тежелуіне əкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дəрежесi əр түрлi себептерге, есту
қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса жəне ауыр болса баланың психологиясы жəне сөйлеу тілі тежелуі
айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің
дамуына теріс əсер етеді олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен
тең дəрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы
тəсілдер əзірленген.
Тілдің
лексикалық қорын
, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы
ретінде тілді меңгеру естімейтін əлемдегі өмірдің əлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге
мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму
мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын жəне зияткерлік
қабілеттерін дамытады
, оқуға
əлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу жəне арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді,
жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу жəне
психикалық процестерді дамыту
, толығымен естімейтіндердің
білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен
білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, əлеуметтік байланыстар
мен балалардың
қажеттіліктерін
, пəнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы
оқыту əдістерін таңдау, арнайы түзету пəндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған: «Заттық-тəжірибелік оқыту»,
«Түзету ырғағы» жəне жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тəжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары
психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу жəне
қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін
музыка арқылы дамытуға
, есту-көру жəне есту,
сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі
мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, ұжымдық іс-əрекетінің
дағдыларын дамытады.
Естуді жəне айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке жəне шағын топтарда жүргізіледі.
Бұл сабақтарда түзету жұмысы электроакустикалық
аппаратураны қолданып
, естіп қабылдауын
интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен
есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке
психофизикалық ерекшеліктерін
, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына
сарала құрылады.
Қазақстан Республикасында оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру
үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тəсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу
тілін сауатты меңгерудің нəтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.
Есту қабілеті бұзылған оқушылар негізгі орта білім беру мектебін бітіргенге дейін оқу процесіне
қатысуы үшін түзету курстарын қажет етеді.
3
1
7
Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің маңызын жазыңыз.
Тəрбие – қоғамның негізі қызметтерінің бірі.
Жеке адамды
, мақсатты қалыптасыру процессі, аға
ұрпақтың тəжірбиесін кейіңгі ұрпаққа меңгертіп, оларыдң сана – сезімін, жағымды мінез –
құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тəжірбиені, білімді жас
буынға тəрбие процесі арқылы береді. Тəрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,іскер
адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндірші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде
күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси
жəне моральдық
көзқарастарды
, сенімдерді қоғамадағы адамдардың өмір сүруі тəртібін меңгереді. Педагогика
баланы оқыту, тəрбиелеу тəжірбиелерін қорытып, тəрбие жəне даму үшін қажетті жағдайларды
анықтайды.
Тəрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи жəне
əлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тəрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тəрбие
қоғамдық құбылыс. Онсыз қоғам ұғымы ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста
ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қоғамның əдет – ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тəрбие мақсатын анықтау. Қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл
иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар , өндіріс құралдары – құлиеленушілердің жеке меншігі
болды. Тəрбиенің мақсаты – құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды
басқыншылық соғыс өнеріне тəрбиеледі. Əрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тəрбиелеу
ұйымдастыруды нақтылы мəселелері мен əдістері қарастырылды.
Тəрбие мақсаты қазақ тəлім-тəрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Əбу Насыр əл-Фараби
«Адамға ең əуелі білім емес, тəрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім — адамзаттың қас жауы.
Ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» — деді. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мəні —
еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мəртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек
сүйгіш адам ғана түсіне алады.
Мəнсіз еңбек
, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін
мүқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-лəззатын көре білу — кісіліктің басты белгісі» — деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды
қалыптастыру маңсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ
сияқты зиянды əдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу
ойлайтын
, дəл пішетін, дəл табатын ақылды болса, сүлу сөз,
сиқырлы үн, əдемі түрден лəззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тəрбие алып,
шын адам болғандығы» — деп жазды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі жəне мектеп жасындағы
балалардың тəрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сəйкес
жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тəрбие берудің негізгі мақсаты — Қазақстанның
егемендігін қамтамасыз ететін
, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең
қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін
нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған
адамдарды тəрбиеледі.
Тəрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
Дүниетаным — тəрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным — адамның табиғат пен
əлеуметтік орта,
қарым-қатынас
, іс-əрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көз-қарас
— ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тəрбиесі — оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тəрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат
жəне қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы
(абстрактылы-тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным
іс-əрекетін (іскерлік, дағды, бақылау,
жазып алу
, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми
көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тəрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру;
адамға сүйіспеншілік, қүрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз мін-детіне,
өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар
достығын құрметтеуге
тəрбиелеу
;
Еңбек тəрбиесінің негізгі міндеттері:
а)оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ə)оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып,
мамандық таңдауға тəрбиелеу;
б)озық еңбек дəстүріне тəрбиелеу.
Эстетикалық тəрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем əдебиет,
музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы
ұғымдарын қалыптастыру.
эстетикалың құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
əсемдікке үлесін қосуға тəрбиелеу.
Дене тəрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту;
жастарды еңбекке
, Отанды қорғауға
даярлау, төзімділіңке, батылдыңқа, ептілікке, іскерлікке, тəрбиелеу.
Тəрбие процесінің мəні — баланың ұжым жəне қоғаммен қатынастарының жүйесін құру,
педагогикалық жағдайлардың, тəрбиелік
əсерлердің нəтижесін талдау
, жоспарлау жұмысын
реттеу; тəрбие процесінің жобасын құру жəне жүзеге асыру; тəрбиелік ықпалдарды реттеу жəне
оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу жəне бақылау.
3
1
8
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мен инклюзивті білім
берудің байланысын суреттеңіз.
Психологиялық сүйемелдеудің ең басты қағидаларының бірі тұлғаға
уақытында көмек көрсетіп
,
қолдау ғана емес, осы үдерістің қиыншылықтарын
өздігінен жеңіп шығуға
, тұлғалық
қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету, əлеуметтік өмірде толыққанды субъект болып
қалыптасуына ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу, əсіресе, инклюзивті оқыту жағдайында
ерекше маңызға ие: сынып ұжымындағы əр түрлі категориядағы балалардың даралық
ерекшеліктерін ескере отырып,
оларға жеке қатынас жасау
, даму мүмкіндіктерін болжау жəне
ұжымдағы өзара қарым-қатынас тиімділігіне ұмтылу. Осының барлығы білім беру ұйымының
қалыптасқан психологиялық қызмет жүйесін қайта қарауды талап етеді. Штаттық кестеге өзгеріс
енгізу (ұлғайту), психолог жүктемесін жеңілдету, психологиялық құралдарды түрлендіру, т.б.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық қолдау келесі жайттарға ықпал
етеді: оқу-тəрбие үрдісін түзету үшін өлшеу жəне сапа көрсеткіштерін
талдау арқылы сапаны
бақылауға
; сапаны жақсартуды қамтамасыз етуге. Білім беру сапасын бағалауға жаңаша
қатынастың негізгі идеясы:бағалаудың түйінді салаларын анықтау негізінде ортақ құралдарды
қалыптастыру,
сапа критерийлері
, нысан жағдайы туралы сандық жəне сапалық сипаттамаларды
алу үшін деңгейлік шкаланы енгізу; бірдей (ортақ) қатынасты қолдану негізінде өзіндік
бағалауды жəне сыртқы бағалауды жүргізу; сапаны бағалаудан сапаға жету қозғалысын
қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқу тиімділігіне қол жеткізу «əлсіз»
оқушыларға
, яғни білім
мекемесіне сыртқы, мектептен тыс əлемнен өзімен бірге жағымды алғышарттар (əлеуметтік
жағдай, қабылет)
əкелмеуі себепті
, жоғары нəтиже көрсете алмайтын балаларға білім беру
ұйымының қалай жəне қаншалықты ықпал етуін анықтауға басымдық берілуімен анықталады.
Бұл көптеген «түйінді факторлар» арқылы ажыратылады. Оның таңдаулы белгілері:
жағымды оқу мəдениеті; жақсы үміт (жоғары ұмтылыс);
оқушылардың
оқу нəтижесін қадағалау
; жеке жетістіктерді үнемі қолдау;
оқу мен үйретуді үнемі жақсартуға қызығушылық; оқушылардың ынталылығы
жəне белсенді
қатынасы
;
өзгерістерді қолдау жəне оны əкімшілік тарапынан бақылау;
түрлі əдістемелерді мақсатты түрде
іріктеу жəне қолдану
;
отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық.
Инклюзивті оқыту жағдайында білім беру ұйымының негізгі əрі аса маңызды міндеттері
мұғалімдердің сабақ беруі, оқушылардың оқуы жəне əлеуметтік-психологиялық қолдау болып
табылады.
3
1
9
Мектептік тəрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен
мазмұнынын көрсетіңіз
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында «тəрбие жұмысының негізгі мақсаты – жастардың бойында белсенді азаматтық
ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, бəсекеге
қабілетті білімді
меңгерген
, ой-өрісі дамыған, жоғары азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік
сезімі мен əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мектеп – қоғамның, отбасының жəне өзінің өзара тəрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық
институт.
Жалпы мектептің жоспары – өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын талдаудың жəне алда
тұрған оқу жылындағы оқу-тəрбие
жұмысын жетілдірудің
, мектептің педагогикалық кеңесінің
жұмысын жоспарлаудың,оқу-тəрбие жұмыстарын, оқушылардың сыныптан тыс жəне мектептен
тыс жұмыстарын,
əдістемелік жұмыстарды
, ата-аналармен жұмыстарды,өзін-өзі басқару
органдарымен өзара əрекеттестікті ұйымдастыру мен жетілдірудің ең маңызды міндеттерін
анықтаудың құралы болып табылады.
Мектептің тəрбие жұмысын жоспарлағанда өткен оқу жылындағы жұмысты талдау мақсатымен
тəрбиелік міндеттерін айқындауды есте ұстау керек.
Мектептің тəрбие жұмысын нақты жоспарласа жəне дұрыс ұйымдастырса, онда іс-əрекеттердің
сапасы мен тиімділігі артады. Педагогикалық тəжірибе көрсеткендей, жоспарға əкімшілік
талаптармен ғана қарау
, өкінішке орай, жоспарлау процесінде жоспардың құрылуы мен
жазылуын шектейді. Мұндай жағдайда, жоспар формальді түрде болып, əрекетке бағыт бере
алмайды. Нəтиженің қол жеткен тиімділігі жəне əрекеттің кез келген табысы əрекеттің
қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты болады.
Жоспар жасау дегеніміз -тəрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай
жəне ұсақ -түйініне дейін ойластыру жəне қағаз бетіне түсіру, оның нəтижелерін алдан ала көре
білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір
басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез — құлық ережелеріне үйрету,
оларды осы дəрежелерді
орындай білуге баулу
, олардың бойында ережелерді тезірек жəне дұрыс
игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Тəрбие жоспарына қойылатын талаптар :
жоспардың қоғам талабына, мақсатына сəйкестігі;
өмірмен тығыз байланыстығы;
жоспардын
жан-жақтылығы
, тəрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі;
тəрбие жұмысы формалары оқушылардың жас жəне тəрбиелік деңгейіне сəйкестігі;
жоспардың нақтылығы.
Тəрбие жоспарынын үлгісі:
Сынып жайлы мəлімет: сынып, сынып белсенділері,
балалардың тəртібі
, денсаулығы, сабақ
үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға
қатысы қоғамдық тапсырмасы
,
тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына сай атқарылатын тəрбиелік шаралардың нəтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тəрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Сынып жайлы мəлімет, өткен оқу жылына атқарылған тəрбие жұмыстарының нəтижесіне талдау,
жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тəрбие жұмыстарының міндеттері негізінде
оқушылармен,
ата-аналармен
, қоғамдық ұйымдар жəне пəн мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын
іс-əрекеттердің түрімен, əр тараптағы атқарылатын тəрбиелік шаралар мазмұны жəне формалары
.
3
1
10
Тəрбие жұмысының методикасын анықтаңыз.
Тəрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен
балалардың тіршілік əрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-əрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тəрбие жүйесінің болуы, əр мектептегі тəрбие
жұмысының атқаруда түрлі əлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тəрбиешілер
қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта
қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-əрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-əрекет
құрылымының
негізгі
компоненттері
материалдық,
экономикалық,
гигиеналық
,
моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-əрекеттің
құрылымына тікелей кірмесе де оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында
жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-əрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры,
директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар,
оқушылар
, ата-аналар, демеушілер, əдіскерлер,
жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері
т.б. енеді.
Жаңа
типті мектептегі тəрбие жұмысы
, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен
айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тəрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім
берудің мазмұнында; оқу-тəрбие үрдісінде; əдістерінде; технологиясында; оқу-тəрбие үрдісін
ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін жəне тəрбиелік
деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек.Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу
тəрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тəрбие технологиясын басқа педагогикалық
технологиялармен сыни тұрғыда ойлау технологиясы,
миға шабуыл технологиясы
, ақпараттық
технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет. Қазір аталған үдеріс барлық білім
жүйесінде еркін пайдаланып отыр.
Субъективтік құрылымына қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай дəрежеде екенін байқауға
болады. Кейбір жадайда əртүрлі тығыз істерге байланысты субъективтік құрылымдар өзгеріске
ұшырайды.
Жаңашыл
үрдістің
мазмұндық
құрылымы:
оқыту,
тəрбиелеу,
оқу-тəрбие
үдерісінде,
мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Əрбір компонент
өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тəрбие үрдісінде ол білім мен тəрбие берудің
əдістерінде, түрінде, тəсілінде, құралында жəне т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда тəрбие жұмысын төмендегі бағытар бойынша жүргізу
көзделді:
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында жəне сабақтан тыс уақыттағы
жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іске асады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал
гимназистердің танымдық іс-əрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің
шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын əрекеті:
дискуссия
, эксперименттік,
зерттеушілік) негізде іске асырылады.
Ал, сабақтан тыс уақытта гимназистердің танымдық белсенділік іс-əрекетін дамытуға:
- Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пəн апталығы, байқаулар, пəндік
олимпиада, турнирлер, марафондар жəне т.б.
- Клубтық жəне үйірмелік іс-əрекеттер арқылы:
драмалық клуб
, дискуссиялық клуб, музыка
студиясы, пəндік үйірмелер.
- Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі жəне үзбей бару арқылы жүзеге
асады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-əрекетінің ұйымдастырылу түрінің əр түрлілігіне
байланысты
,
олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тəрбие жұмысы:
1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тəрбие жұмыстары.
2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тəрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін
тəрбие жұмыстары; ə) сынып аралық тəрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.
3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын жəне жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім,
адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.
5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.
3
1
11
Қашық перспективаны айтып беріңіз.
Ұжымды құраушы оқушылар ұжым
жұмысын белсеніп орындауында
, гуманистік қатынастың
дамуында. Бір – біріне ілтипатты болуы, жолдастарының қуанышына, мұқтажына ортақтасуы,
мінез құлық нормасын сақтауы осы кезеңнің басты қағидалары. Оқушылар ұжымды нығайту мен
қалыптастыруда
маңызды мəселе ол мақсат қою
, перспективаны талдау. Осы тұрғыдан Макаренко
3 түрлі перспективаға бөледі.
1) Жақын перспектива – күнделікті өмірде жеке адамды əр түрлі іс-əрекетіне ынталандыру,
қызықтыру. Жақын перспективаға жататын: жақын перспективті жарыс, экскурсия,
жексенбілік
,
серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б.
2) Орта перспектива – ол пəн бойынша олимпиадаға қатысу, сурет конкурстарына қатысу, əдебиет,
эстетикалық жəне этикалық тақырыпта диспут өткізу т. б. Мұндай оқиға оқушылар үшін өте
қуанышты болады.
3) Қашық
Достарыңызбен бөлісу: |