2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының барлық
азаматтарына, шетелдiктерге және Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
келiсiмдерде осы Заңдағы ережелерден өзгеше белгiленген болса,
онда халықаралық келiсiмнiң ережелерi қолданылады.
2-тарау. Мүгедектердi әлеуметтiк
қорғауды мемлекеттiк реттеу
3-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы саясаты Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
саласындағы Қазақстан Республикасының саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, оның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектердi қоғамға кiрiктiруге бағытталған.
4-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау қағидаттары Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
саласындағы мемлекеттiк саясаты:
1) заңдылық, адамгершiлiк, адам құқықтарын сақтау;
2) әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiлiгi, медициналық,
әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қол жетуiн қамтамасыз ету;
3) мүгедектердiң бiлiм алуға қол жеткiзуi, басқа
азаматтармен қатар тең құқығы және қызмет пен кәсiп түрiн еркiн
таңдауы;
4) мемлекеттiк органдардың қоғамдық бiрлестiктермен және
мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асырушы өзге де ұйымдармен бiрлесiп әрекет
етуi қағидаттарының негiзiнде жүргiзiледi.