Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет39/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Өзін-өзі белсендіру – бұл өзін-өзі дамытудың жоғарғы деңгейі, ол өзін жетлдіру мен бекіту кезеңінен басталады және дұрыс, ыңғайлы жағдайда оның шегінен шығады. Тұлғаның өзінің кәсіби іс-әрекетіне байланысты әлеуметтік ортамен сәйкестік сезімде болуы, кемелденуі, қарапайым мәселелерді шешуде де жоғары шығармашылық деңгей көрсетуі – өзіндік өзектіліктің бар екенін дәлелдеу. Бұл жерде оған өзін-өзі кемелдендірудің, жоспар жасаудың, бағдарлама жасаудың және т.б. қажеті жоқ, өзін-өзі кемелдендіру қарапайымдылық және күнделікті әрекет болып табылады. Көптеген психологиялық зерттеулер мынаны көрсетеді, өзін өзектендіріп отыратын педагог оқытуда, тәрбиелеуде, оң ұстанымды «Мен» концепциясын дамытуда бұл жолға тұрмаған педагогқа қарағанда, жоғарғы деңгейдегі нәтиже көрсетеді. Өзін-өзі белсендіретін тұлға болу – бұл бақытты адам деген сөз, әрі өмірде барлық жағынан қарағанда да бақытты.
Мәтінді қарастырып жатқанда, педагогтың өзін-өзі кәсіби жағынан дамыту деңгейінің кезеңдерімен байланысты негізгі өзекті сұрақ туындайды. Психолог Л.М.Митинa мұғалімнің өзін-өзі дамытудағы кәсібилігін екі түрге бөледі: бейімделушілік және кәсіби даму.
Бейімделушілік үлгі жалпы өмірлік стратегияны жүзеге асырады: Адам өзі ғана өмір сүріп жатқандай, әр нәрсеге қарым-қатынасы бүкіл өміріне қатысы жоқтай. Бұл жерде ішкі рефлексия ғана қолданылады.
Мұғалімнің мінезіне негізгі әсер етуші күш – ішкі жағдай мен талаптар, сондықтан оның өзін-өзі дамытуы осы талаптар жолындағы құрал ретінде жүреді және төмендегі деңгейлерден өтеді:
Кәсіби бейімделу. Өскен қоғамдық талаптар, педагогикалық ұжымның жоғарғы оқу орнында қалыптасқан кәсіби білімімен, іскерлігімен, жеке ерекшеліктерімен қарама-қайшылыққа тап болады. Жас мұғалім кәсіби қоғамдастыққа бейімделуге тырысып, басқалардан тәжірибені қабылдап, сіңіріп, меңгереді. Сол ортаның талаптарын қанағаттандыруға тырысады.
Кәсібилікке жетуі. Осы уақытқа дейінгі дағдыланған жеке іс-әрекетімен, қарым-қатынастың стилімен, кәсіби білімділігімен, өзінің амал-тәсілдерімен толыққанды мұғалімнің басшылық пен кәсіби қоғамдастықтың талаптарына қосылу қажеттілігі азаяды.
Кәсіби тұралауда мұғалім өзінің жеке ерекшеліктері мен мүмкіншілігін кәсіби ортаның талаптарына қосып және өткеннің нәтижесі арқылы өмір сүреді, пайдаланады. Бұлардың барлығы белсенділіктің төмендеуіне, кәсіби деңгейінің төмендеуіне, жаңалықты қабылдамай, өзінің жағдайын пайдаланып оқушыларды басуға әкеліп соғады.
Кәсіби дамудың үлгісі ішкі рефлексияның көрінуімен сипатталады, ал ол өмірдің ағысын тоқтатады, адамның өзін, оның құндылықтарын жарыққа шығарады. Мұндай стратегияда өзін-өзі танудың 3 деңгейі болады:
1) өзінің «Менін» «Басқа» адаммен салыстыру жүреді;
2) салыстыру «Мен» мен тағы бір «Меннің» арасында жүреді;
3) салыстыру «Мен» мен Жоғары «Меннің» арасында (Мінсіз «Мен», Шығармашылық «Мен») » арасында жүреді.
Бұл жерде өзін-өзі дамыту үзіліссіз үрдіс ретінде мұғалімнің өзін-өзі қалыптастыруымен, өз ойын дамыту деңгейімен тығыз байланысты. Л.М.Митина да бұл үлгінің 3 деңгейін көрсетеді:
өзін-өзі анықтау – өзінің «Менін» «Басқа» адаммен (мұғалім, оқушы, ата-ана) салыстыру.
Бастапқыда белгілі бір қасиет басқа адамдікі деп қабылданады, ал кейінірек саналы таңдау әрекеті жасалып, өзіне ауыстырылады. Басқа адамның тәжірибесін қабылдай отырып, өзінің де қабілеттерін сақтау маңызды, кәсіби көзқарасын және педагогикалық ортаның кері әсеріне көнбеу қажет; өзін-өзі көрсету «Мен» және «Мен» жүйесі арқылы жүреді. Мұғалім өзінің дайын біліміне сүйенеді. Бұл кезеңде ол өзінің мінезін жүзеге асырған сол уәжбен сәйкестендіреді, түрткі болған жағдайды әлеуметтік және ішкі талаптармен бағалайды. Негізгі түрткі – мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты көрсетуге ұмтылуы. Өзін іс жүзінде көрсету – өзін «Мен» және Жоғарғы «Мен» деңгейінде көрсету (Мінсіз «Мен»,Шығармашылық «Мен»). Бұл кезеңде мұғалімнің өмірлік философиясы жан-жақты қалыптасады, өмірдің мәнін, өзінің қоғамдық құндылығын түсінеді. Өзін-өзі түсіну аясын кеңейту, өмірдегі орнына кәсіби деңгейде өзін көрсету мүмкіндігі сай келмейді. Кәсіби деңгейде дамуының біржақтылығын сезініп, мұғалім оны толықтырып және өзінің жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп, қажеттілігін қанағаттандырады.
Осылайша, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың кәсібилігі бір-бірімен тығыз байланысты екен, ол педагогтың кәсіби маман ретіндегі дамуын, стратегиясы мен векторын анықтайды.
Отандық психологияда педагогтарды өзін-өзі дамыту деңгейі мен өзін кәсіби жағынан дамуға ұмтылысының ара-қатынасын бөліп көрсетуге тырысады. С.М.Рогожникованың [56] зерттеулерінде педагогтарды тұлғаның өзін-өзі қабылдау деңгейіне байланысты өзін-өзі тануындағы кәсіби кемелденуінің көрсеткіші ретінде және өзін-өзі жетілдіру беталысына өзін-өзі дамытудың референтті көрсеткіші ретінде бірнеше түрге бөледі. Бұл факторлардың байланысы мына суретте көрсетілген.


Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс


Өзін-өзі


қабылдаудың төменгі
деңгейі

Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстың болмауы


Нәтижесінде педагогтардың 4 түрі белгіленеді:


1. Өзін-өзі белсендіру дегеніміз – өзін-өзі қабылдаудың жоғарғы деңгейі айқын ұмтылыспен өзін-өзі жетілдіруге үйлесуі;
2. Өзіне көңілі тоқтық дегеніміз – өзін қабылдаудың жоғарғы деңгейі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі;
3. Өзін таныту дегеніміз – өзін-өзі қабылдаудың төменгі деңгейінің өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысымен үйлесуі;
4. Іштей кикілжің дегеніміз – өзін төменгі деңгейде қабылдауы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі.
Қысқаша түсінік беріп өтеміз. Өзін-өзі белсендіретін адам басқаларды жоғарғы деңгейде қабылдауымен, өзіне-өзі сенімді, икемділігімен, мінезінің шапшаңдығымен, сезімталдығымен, ашықтығымен, өзін-өзі сыйлайтын, жақсы бейімделу қасиетімен, мұғалімнің кәсіби қызметіне жақсы әсер ететін эмоционалды ыңғайлылығымен, біліктілік қатынасының дамуына да ыңғайлылығымен (қарым-қатынастың біліктілігі) ерекшеленеді. Бұл типтегі тұлға туындаған қиындықтарды тастап кетпейді, оның ішкі кикілжің деңгейі өте төмен.
Өзіне көңілі тоқ тип бейімділіктің, эмоциялық ыңғайлылықтың, сұхбаттас адамға сындарлы көзқарастың төмендігімен сипатталады және ішкі кикілжің көрсеткішінің жоғарылығымен, туындаған мәселеден қашуымен сипатталады. Бірақ, С.М.Рогожникова атап көрсеткендей, бұл айырмашылықтар көп жағдайда бірінші типпен салыстырғанда онша маңызды емес. Нәтижесінде бұл типке жататын педагогтің жеке-кәсіби ерекшелігі бірінші типке жататын педагогқа қарағанда аса елеулі емес, бірақ үшінші, төртінші типке жататын педагогтармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы..
Шындығына келгенде, өзін-өзі қабылдау тұлғаның барлық сатыда келісушілігін қамтамасыз етеді, өзін қанағаттандыратын сезімін білдіреді. Бұл жақсы бейімделген тип. Бірақ біздің білетініміздей (Л.М.Митина бойынша), жақсы бейімделушілік өзін-өзі дамытпаса, нәтижесінде тоқырауға әкеліп соғады.
Өзін-өзі бекітетін тип өзін қабылдамайды, ішкі кикілжің өзін-өзі жетілдіруіне ұмтылысын азайтады, бірақ ол көп жағдайда қателіктерін жөндеуге, кемшіліктерімен күресуге ұмтылады, өзін-өзі жетілдіру әдістемесін меңгеру деңгейімен және сол арқылы жүзеге асады.
Іштей келіспеушілік (кикілжің) типі басқа типтермен салыстырғанда жеке-кәсіби сипаты келіспейтін ең жайсыз тип. Өзін-өзі қабылдамай, мұғалім балаларды да қабылдамайды, педагогикалық қарым-қатынас жағынан әр түрлі жағдайларда өзін оңтайсыз ұстайды, жалған мінез көрсетеді, шектен тыс таптаурындарға ұрынады. Қиындықтарды ойламауға тырысып, олардан қашқақтайды. Эмоциялық жайсыздықты сезінеді, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдаланбайды, басқаларды түсінгісі келмейді, өзінің мінезіндегі жағдайды басшылыққа алып, соларды шешеді.
Осылайша, өзін-өзі қабылдауда дәлдіктің жоқтығынан, өзін-өзі дамытуға ұмтылыстың жоқытығынан алдағы жылжуына ішкі кикілжің себеп болады, өзінің өміріне, еңбегіне, айналасындағыларға, бірінші кезекте «жаман» деп қабылдайтын балаларға, педагогқа деген өшкенділік көңіл-күй, ішкі ашуды қоздырып, агрессия түріндегі егесуді, талап деңгейін көтереді. Бейімделгендіктің төменгі көрсеткіші дәл осындай тәуекел топты құрып және тұралау деңгейіне өтуге дайын екендігіне куә.
Келтірілген жіктеу өзіндік қабылдауы мен кемелдендіруі жақсы жолға қойылған, өзін-өзі белсендіріп отыратын педагогтар типі ең оңтайлы екендігін көрсетеді. Бірақ С.М.Рогожникованың айтуынша, мұндай педагогтар тек 25% құрайды.
Өзін-өзі дамытуға тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқытушыларға, не кедергі жасайды? Бұл сұраққа жауап алу бізді өзін-өзі дамытудағы кедергі мәселесіне тірейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет