6. Өзін-өзі дамытудың кедергілері
Айтып өткеніміздей, кедергілер – бұл әр адамның өмір жолында кездесетін қиындықтар, бірақ бәрі бұл қиындықты бірдей жеңіп шыға алмайды (кейбіреу мүлдем шыға алмайды). Өзін-өзі дамытудың кедергілеріне тоқталсақ, олар ішкі және сыртқы болады, объективті және субъективті факторлармен себепті болады.
Ішкі объективті кедергілер:
Өмірлік қажеттіліктердің аз мөлшерінде қанағаттандыра алмайтын төмен еңбек жалақысы. Педагог сол кезде қалыптасқан жағдайына байланысты жұмыс істейді, ал қалай еңбекақысы жоғары, көңілінен шығатын жұмыс табады, солай оқу орнын тастайды;
Үлкен отбасы, балалары мен туысқандарын күтуге көп уақытын бөледі, бұл жерде кәсіби білімін жетілдіруіне ешқандай мүмкіндік жоқ;
1,5-2 оқу жүктемесі (мұғалім жетіспейді), өзін-өзі дамытуына уақыт та мүмкіндік те жоқ;
Денсаулығына байланысты кәсіби шыңдалуына мүмкіндік жоқ.
Ішкі субъективті кедергілер:
Оқу мекемесінде педагогтың өзін-өзі дамытуына ешқандай жағдай жасалмайды;
Өшпенділік, қызғаныш пен айналасындағылардың қысым көрсетуі (басшылық, әріптестері), кикілжіңнің көбеюі – бұлардың барлығы тұлғаның өзін-өзі дамытуына кедергі болады;
Әкімшілік жағынан қолдау мен көмектің жоқтығы, шығармашылық жағынан және өзін-өзі дамытатын педагогтың қажет еместігі («Оларды басқару қиын»).
Ішкі объективті кедергілер:
өзін-өзі дамытуға қажеттілік пен түрткінің болмауы;
Өзіндік тану мен өзіндік дамыту механизмдерінің (сәйкестендіру мен рефлексия, өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау) жетілмегендігі;
Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеу «технологиясын» пайдалану әлсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |