Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Ішкі субъективті кедергілер



бет41/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Ішкі субъективті кедергілер:

  • Енжарлық, еріншектілік, өзін дамыту мен өзгертуге қабілеті мен тілегінің жоқтығы;

  • Сәтсіздіктердің әсерінен, мамандығына деген қызығушылықтың жоғалуы, мамандығы жүйкесін тоздыратын, сәтсіз, өмірлік қанағат әкелмейтін кәсіп деп түсінуі;

  • Өзіне деген сенімділік: «Мен онсыз да білемін, қолымнан бәрі келеді, маған оқудың қажеті жоқ» деп, өзгеруге ұмтылыстың тежелуі;

  • Барлық жаңалыққа теріс көзқарас, қалыптасқан жүйені бұзып, өзін жұмыс істеуге мәжбүрлеу; тұлғаның әр түрлі жаңалықтарды оқу-ағарту жүйесіне енгізіп, пайдаланудың зияны көп деген сенімде болуы.

Бұл тізімді әлі де жалғастыра беруге болады, бірақ оның өзін-өзі дамытудың кедергілеріне белгілі бір жауаптың бар екендігін анықтайды. Бұл кедергілерден қалай өтуге болады? Педагогтардың ішінде өзін-өзі дамытумен қандай жағдай болсын айналысып және кедергілерден өте алатындары бар. Олар нағыз шеберлер, өз ісінің нағыз «әсіре жанкүйер».
Сонымен қатар, жол көрсетіп, түрткі болып, қажетті қолдау мен әдістемелік көмек көрсетіп, керекті жағдай жасап отырудан нәтиже шығаратын педагогтар да жеткілікті. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, кәсіптік білім беретін, жоғары білім беретін оқу орындарында шығармашылық жағдай қалыптастыру керек, ұжымды солай топтастырып, барлық педагогтың де өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуына қажеттілік туындап отыруына жағдай жасауға болады. Мұның барлығы өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды қолдаудың психологиялық-педагогикаға байланысты мәселенің бірінші кезегіне қою керектігін көрсетеді.
7. Кәсіби түрде өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға психологиялық-педагогикалық қолдау

Қазіргі заманның білім беру жүйесіне жеке бағытта қарау идеясын енгізуді жүзеге асыруға тек педагог мамандарды ғана дайындау, педагогтардың өздерін де балалармен қарым-қатынасын бір тәртіп жүйесіне қойып, қайта бағыттауды енгізу қажет. Тек осы шартпен ғана, өте аз деңгейде болса да жаңа технологияны пайдаланып, оқыту мен тәрбиелеуді, педагогикалық үрдіске қатысатындардың барлығын өзін-өзі дамытуға бағыттауды енгізу мүкіншілігі бар.


Бұл мақсатта жақсы нәтижеге жету көбінесе оқыту мекемесі басшылығының ұстанымына байланысты, олардың қабілеті бұл жағдайларды мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, кәсіптік білім беру мекемесінде және т.б. жасау, соған байланысты өзін-өзі дамыту идеясы негізгі бағытта болып, оқыту мекемесінің даму векторын анықтар еді. Басшылықтың міндеті – мектепте осындай кеңістік жасаушы жаңашыл, педагог кадрлардың белсенділігін арттырып, сол арқылы педагогикалық қызметтің барлық субъектілерінің шығармашылығын арттыру.
Мысал ретінде А.А.Тихомировтың [57] зерттеулерін бағытқа аламыз, ол мектептегі педагогикалық мамандардың инновациалық өсуінің шарттарын айқындап және негіздеп берді.
Автордың алдында осыларды анықтау міндеті тұрды:

  1. Инновациялық шама деген не?

  2. Инновациялық шаманы дамыту деген не?

  3. Инновациялық шаманың дамуын қалай басқару керек?

А.А.Тихомиров педагогтің инновациалық шамасын мұғалімнің педагогикалық қызметі мен жеке тұлғасының өзін-өзі ұйымдастырудағы қасиетін анықтайды. Инновациалық шаманы дамыту – бұл педагогты өзгертуге байланысты өзін-өзі ұйымдастырудың субъективті тәжірибесіне жаңа элементтерді енгізу.
Педагогтың инновациалық шамасын дамытуын басқару – бұл мектеп басшылығының педагогпен біріккен іс-әрекет үрдісі сияқты анықталады, жағдай жасауға бағытталған, педагогикалық қызметте мақсатына жету үшін өзін-өзі ұйымдастыру тәжірибесін өзгертуді қамсыздандыру.
Бұл қай жағдайлар? Негізгілері ретінде мыналарды атап өтеміз:
Педагогпен басқарушылық әрекеттестігін еркін кеңістік жасау ұстанымына байланысты жүзеге асыру, тек әкімшілік сипаттағы көндіру емес. Басқару бұл жерде негізгі мақсат емес, тек жанама ретінде педагогқа бұл өзін іс жүзінде көрсету қабілетін жүзеге асыру қызметін реттеу, әр оқушының жан-жақты ашылуына да әсер етеді.
«Еркін кеңістік» алғышарттың жиынтығы ретінде қарастырылады, мұалімнің өзіне маңыздыларын, өзін-өзі дамытудың өзгерістерін, қызмет тәсілін таңдауға мүмкіндік береді. Педагогқа өкілеттілік пен кеңейтуді олардың қызметтерінн өзінің дамуын ұйымдастыратын субъект ретінде беруі.
Инновациялық шаманың дамуының өзіндік басқару үрдісі педагогтың басқаруға талғаммен қарау мүмкіншілігінен тұрады.
Бұл мүмкін болар еді, егер педагогтың оны дамыту бағытына арналған басқару шарасына қатысын ұйымдастырсақ. Бұл жағдайда тіпті сәтсіздік те танымдық мәселесін туғызады, субъектілік тәжірибенің өзін-өзі ұйымдастыруда өзгерісті құрастыру түрінде жаңа мазмұндағы зерттеу белсенділігін туындатады
Өзін-өзі ұйымдастырудың өзгерісіне педагогты оқыту – педагогтың іс-әрекетін ұйымдастыруды өзгерту, қажетті құралдарды игеруге көмектесу арқылы және мұғалімнің бұл құралдармен жұмыс істеу икемділігін қамтамасыз етудің тиімділігіне екпін жасалады.
А.А.Тихомиров педагогтың аса маңызды икемділігін анықтайды: өзінің өмірлік іс-әрекетін барлық ортада рефлекстеу; өзінің жеке педагогикалық қызметінің мәселелерін табу; оқушының жеке тұлғасын өзгерту стратегиясын жасау мүмкіндігі.
Өзін-өзі ұйымдастырудың өзгерістеріне педагогтың іс-әрекетін субектінің тәжірибесі мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып енгізу. Осындай субъектінің тәжірибесін пайдалана отырып, педагог оқушыны дамытуға байланысты өзінің іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттарын шамамен біледі. Бұл білімді есепке алу өзін-өзі ұйымдастырудың өзгерістерін іс-әрекетке енгізу кезіндегі үрдісте, оның өзгеше әдісқойлылығын және нәтижелілігін анықтайды.
Белгіленген шарттардың негізінде А.А.Тихомиров педагогтардың инновациалық шамасының дамуына байланысты басқарудың арнайы технологиясын жасады.
Сонымен, біз ұйымдастыру үрдісіне байланысты және өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын көптеген жалпы мәселелерді қарастырдық. Енді педагогтың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға байланысты бірнеше нақты аспектілерін ұйымдастыруына көңіл аударамыз. Мынадай сұрақ туындайды: бірінші кезекте психолог – педагогикалық қолдау мен көмек көрсету үрдісіне назар аудару қажет. Ең қиын типке жататындары мыналар: педагогтің «Мен – концепциясының» қалыптаспауы, ұстаған бағытының бұлдырлығы, өзін-өзі түсінбеуі, өзіне сенімсіздігі, мазасыздануға бейімділігі, өзінің қадірін кетіруі, өзімен сәйкестік сезімінің мүлдем жоқтығы. Көп жағдайда оны педагог өзі жеңіп шыға алмайды. Мәселенің негізі сол, өзін-өзі дұрыс тануына көмектесу үшін өзіне өзі сенімсіздік пен мазасыздықтан құтылуға үйрену және өзін-өзі реттеу дағдысына дағдылану керек.
– Күнделікті педагогикалық мәселелерді дұрыс және жүйелі түрде шеше алмауы педагогикалық ойы мен рефлекстің дамымағандығынан. Педагогикалық мәселелерді шешуге үйрету қажет, шығармашылық ой-өрісін дамыту, таным мен өзін-өзі тану механизмінің рефлекстерін қалыптастыру қажет.
– Балалармен іс-әрекет түрін өз бетімен қайта бағыттауға қабілетінің жоқтығы, қарым-қатынас құра алмауының себебіне байланысты, педагогикалық менменшілдігінен, балалардың қылығына төзімінің жоқтығынан. Жұмысты педагогикалық үрдіске қатысатындарға оң көзқарас қалыптастыру бағытынан бастаған дұрыс, бірінші кезекті балалардан бастау қажет. Таптаурындардан өтуге жағдай жасап, педагогикалық менменшілдіктен құтылуға үйрену, балаларды түсінуге қабілеттілігін қалыптастыру, барлық адмдарға қарым-қатынасын өзгерту, шиеленіскен жағдайларды мәдениетті түрде шешуге көмектесу.
– Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын өз бетінше меңгере алмауына, ескі үлгілер мен көзқарастардан жаңаға ауысудың қиындығына байланысты, педагогқа жаңа технологияны меңгеруге әдістемелік көмек және әдістемелік оқыту мен тәрбиелеу бағытында көмектесу қажет.
Өзін-өзі жетілдіру әдісі мен тәсілдерін нашар білгендіктен, өзін-өзі тәрбиелеуге, бағдарлама жасауға, оған қажетті тәсіл мен заттарды білмегендіктен, алдына мақсат қоюда қиындықтар туындайды. Осының бәрі психологиялық-педагогикалық қолдаудың қажетті саласын анықтайды.
Бұл мәселемен қиындықтардың тізімін жалғастыра беруге болады. Ең бастысы, қиындықтардың тізімін жасау емес, нақты мектептің, мектепке дейінгі мекеменің, кәсіптік білім беру мекемелерінің негізгі себептерін анықтау. Педагогтарға көмек пен қолдау 3 фактормен анықталады:
1) жалпы объективті қиындықтардың болуы оқыту мекемесіндегі қызметтің тиімділігін төмендетуі (мысалы, жылдағы жоғарғы оқу орнына түсетін мектеп бітіруші түлектердің басқа мектептермен салыстырғанда аз болуы; педагогтардың оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болмауы);
2) педагог мамандардың біліктілік деңгейімен, олардың мектепте де жалпы да басқалардан өзгеше болуы (мыс, авторитарлық жүйенің басым болуы, тәртіптік модель әрекеттестігіне бағытталуы және т.б.);
3) Оқыту мекемесін мамандандыру бағытына қарай дамытуды мақсат етуі.
Осы үшеуінің жиынтығы педагогпен жұмыс істеудің тәсілдерін анықтайды.
Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануда қолдау көрсетуде қандай формада жұмыс жүруі мүмкін? Айрықша кең тараған үлгілері мыналар болып табылады:
шығармашылық тематикалық семинарларды өткізу;
семинар – практикумдарды өткізу;
әр педагогқа өзін-өзі дамыту бағдарламасын құрастыруға жеке көмек көрсету; іскерлік ойындарды; өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту мәселесін шешуге бағытталған арнайы тренингтер ұйымдастыру.
Семинар-практикумның (жаттығу сабағының түрі) теориялық тұрғыдағы семинардан айырмашылығы – мұнда практикалық сабақтардың элементтері кіргізіледі.
Теориялық тұрғыдағы сабақтармен қатар мысалы, педагогтардың диагностикасы, семинарда өзі туралы экспресс-анықтама алуына болады, бұл өзін-өзі танудың мүмкіндігін кеңейтеді. Семинар-практикумда жаңа технологиямен жасалған проектілер мен конспектілер талқыланады. Екеуінің ғылыми-практикалық семинар ретінде шоғырлануы да мүмкін. Л.М.Митинаның ғылыми-практикалық семинарды өткізу схемасын ұсынамыз:

  • топтық талқылау арқылы құрылған белгілі бір тақырыптағы мәселелер тізімін жасау;

  • олардың жіктелуі;

  • іскерліктің, нақты мәселені талқылау кезіндегі біліктіліктің, психологиялық білімнің өзекті деңгейін көрсету;

  • оқыған тақырып бойынша әңгіме-дәріс;

  • аз топпен жұмысты ары қарай талқылау;

  • мұғалімдерді қабылдау тәсіліне, танымдық, өзін-өзі көрсетуге, анализ жасауға, өзін-өзі бақылауға және басқа да психологиялық техникалармен теңесуін үйрету;

  • жағдаяттарды шешу;

  • психологиялық ойындарды кіргізе отырып, тренинг өткізу;

  • мұғалімдермен апробация жасау (ресми бекіту), олардың жеке түрленуі және практикалық жұмыс кезінде түзету;

  • қорытындысын шығару;

  • психологиялық мәселеге байланысты тұжырымды шығару.

Әрине, ғылыми-практикалық семинарды өткізудің басқа да түрі болуы мүмкін. Өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын құрастыруда педагогқа әкімшілік немесе сол оқу мекемесінде жұмыс істейтін психолог маманның көмегі қажет болуы мүмкін. Н.В.Клюева [58] педагогтың кәсіби және өсу бағдарламасын құрастыруда төмендегі психологтың жұмысын ұсынады:
1) педагогтің кәсіби іс-әрекетінде пайда болатын мәселенің диагностикасы;
2) педагогтің кәсіби деңгейінің өсуін күту және іс-әрекетінің шамасын табу;
3) кәсіби, жеке дамуының мақсатын және оны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау.
Педагогпен сұхбаттасу негізінде және ол мәселенің туындау диагностикасы, оның шешілу тәсілін анықтау, шешілу деңгейіне байланысты белгілерін жазуда өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын жасау мәселесі туындайды.
Н.В.Клюеваның көрсетуі бойынша, өзін-өзі дамыту бағдарламасын құрастырудың негізгілері мыналар: өзін-өзі іс-жүзінде көрсете алмауы; әлеуметтік жағдайына көңілі толмауы; шығармашылығын жүзеге асыруда қиналуы; тән және психологиялық тұрғыдан шаршауы; күйзеліске бейімділігі; басқа адамның көңіл-күйін түсіне алмауы; өзін және айналасындағы адамдарды қабылдамауы; өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмауы; оқушыларға сабақты (оқу материалын) дұрыс түсіндіре алмауы; пән аралық байланыс жасауда қиналуы; бағаның субъективтілігі және тағы басқалары.
Әрине, психолог кеңес беру кезінде туындаған мәселені анықтап қана қоймай, өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын құруға да көмектеседі, және оны жүзеге асыру жолын ұсынады.
Іскрлік ойынды пайдалануды қарастырамыз. Іскерлік ойындардың негізгі ұстанымдарының бірі – кәсіби іс-әрекет үрдісін субъектіге ұқсатып өңдеу. Іскерлік ойынның сұлбасы он екі негізгі элементтен тұрады: қойылым, ішкі ниет, қайталану кезеңінің реті, ойынның кезеңдері, ережелері, рөлдер, түрлері, шешімдер мен байланыстардың бірізділігі, есепке алу жүйесі, көрсеткіштер, белгілер мен жабдықтары. Іскерлік ойынның көмегімен мынаны құрастыруға болады: педагогикалық үрдіс кезінде пайда болатын қарым-қатынас, қиын мәселелер және тағы басқалар.
Білім беру мекемелерінде практикалық жұмыс кезінде әлеуметтік-психологиялық тренингтер кеңінен таралған және әр түрлі мақсаттарға жету үшін айырықша мүмкіндікке ие болған. Олар әр қатысушының жеке белсенділігін ынталандырып қана қоймай, жеке тұлғаның ерекше «бейнесі» болып табылатын топтың белсенділігін де арттырады. Қазіргі заманғы психологияда әр түрлі бағыттарда көптеген тренингтер жасалған, мысалы, педагогтың жеке тұлғасының өсуі; педагогикалық ойы мен рефлексінің дамуы жайында, педагогпен балалардың арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру ; шыдамдылығын дамыту туралы; сенімділікке тәрбиелеу туралы және тағы басқалар. Бізді бірінші кезекте кәсіби жағынан өзін-өзі сезінуі жайындағы тренинг қызықтырады, педагогтың ішкі әлемінің үйлесімділігі және кәсіби өзін-өзі дамытуы алаңдатады. Психолог Н.В.Самоукина [59] ішкі әлемінің үйлесімділігін арттыруға бағытталған ойын жүйесі мен жаттығуларды ұсынады. Оларға мыналар жатады:

  • релаксация-ойындары – қобалжуды азайтып, шаршағандықты басып, ішкі еркіндікті табуға, тұрақтылыққа, өз-өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді; бейімделу ойындары педагогтің қызметке бейімделу кезеңінде қолданылады және өзін-өзі бақылау мен күш-жігерін дамытуға әсер етеді.

  • формула (тұжырымдау) ойындары ауызша үйрету үрдісінде тапсырмаға дайындық немесе жұмыс барысында қиын жағдайға кездесу кезінде пайдаланылады.

  • босату ойындары педагогтің қабілетін дамытумен байланысты туындаған мәселені басқа жаққа аудару.

  • ой-пікір алмастыру ойындары педагогтың оқушылармен, әріптестерімен, ата-анасымен, жанұясымен қарым-қатынасын белсенділендіру.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды қолдауға психологиялық көмек кезінде мәселені жүйелі түрде шешудің мысалы ретінде Л.М.Митина жасаған мұғалімнің кәсіби сана-сезімін дамыту бағытына арналған тренингін көрсетеміз. Тренингтік бағдарлама үш тақырыптық топтамадан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет