Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)



бет13/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Бақылау сұрақтар:
1. ИФT тура және кері варианттарының айырмашылығы?
2. ИФТ-ның сэндвич варианты?
3. ИФТ-ның конкуренттi варианты?
4. ИФТ-ның кері вариантын қою тәсілі?
4-сабақ


Тақырыбы: Жұқпалы ауруларды бактериологиялық балау әдістері
Сабақтың мақсаты: Аэробты микроорганизмдер қоздыратын жұқпалы ауруларды бактериологиялық балау әдістерімен таныстыру
Құралдар және материалдар: Қоректік орталар; анелиндік бояулар; микроскоп; зертханалық жануарлар; патологиялық материал; Пастер түтікшесі; төсеніш әйнек
Сабақтың мазмұны: Бактериологиялық балау әдісі жұқпалы ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты микробты табуға негізделген. Микробты табу "индикация" оның қай түрге жататындығын айкындау "идентификация" деп аталады. Бактериологиялық зерттеу үш түрлі буыннан тұрады. Олар: микроскоппен көру яғни микроскопия (микроскоптау), бактерияны қоректік ортада өсіріп өсін алу және лабораториялық жануарларға жұқтырып биосынама қою.
1. Зардапты материалды микроскопиялау арқылы аурудың қоздырушысын анықтайды. Ол үшін жағынды дайындап, бекітіп, бояп, микроскоппен қарайды. бекітпей-ақ микроскоптың арнаулы конденсорын (қараңғылайтын конденсор) пайдалану арқылы зерттеуге болады.
2. 3ардапты материалдан өсін алу үшін оны қарапайым және арнайы қоректік орталарға себеді. Алынған таза өсіндегі қоздырушыны жіктеп, түрін анықтау үшін:
микроскоппен қарап, микробтың морфологиялық және тинкториальдық ерекшеліктерін зерттейді.
қоздырушының қоректік орталарда өсу ерекшеліктерін (тығыз орталарда колониялардың морфологиясын және сұйық орталарда пайда болатын тұнбаның түрі, түсі, лайлануы, бет жағында қабықшаның пайда болу-болмауы, т.б.) ескеріліп, оның биохимиялық қасиеттері (қанттар мен белоктарды ыдырату мүмкіндіктері) анықталады.
3. Биологиялық сынама қою. Зардапты материалдан немесе алынған өсіннен езінді дайындап, оны 2—3 лабораториялық жануарға (қоян, теңіз тышқаны, ақ тышқан, т.б.) егеді. Аурудың белгілерін бақылап, жануар өлгеннен кейін (немесе арнайы өлтіріп) өлексені сойып, ондағы өзгерістерді анықтап, микроскоппен зерттеп, қоректік орталарға себеді.
Бактериологиялық зерттеу оң нәтиже берген жағдайда іс жүзінде тұжырымды диагноз қоюға болады. Тек кейбір шартты түрдегі зардапты микробтар (сальмонеллалар, пастереллалар, эшерихиялар) табылған кезде басқа балау әдістерінің көмегімен ауру немесе микроб алып жүру екенін ажыратуға тура келеді. Енді бір жағдайда табылған микробтың індеттік штамы немесе вакциналық штамм екенін айқындау қажет болады. Қазіргі замандағы әдістер бұл қиындықтарды жеңуге толық мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет