Бақылау сұрақтар:
1. Микроскопиялау әдісін менгеру.
2. Қоректік ортаға себу әдісін меңгеру.
3. Биосынама жасау әдісін меңгеру.
№5-сабақ
Тақырыбы: Жұқпалы ауруларды вирусологиялық балау әдістері
Сабақтың мақсаты: Жұқпалы ауруларды вирусологиялық балау әдістерімен таныстыру.
Құралдар және материалдар: Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материал алуға арналған құралдар (фарфор аяқшасы, скальпель, Пастер түтігі, қайшы, центрифуга т.б.), тауық эмбрионы.
Сабақтың мазмұны: Вирусологиялық әдістің бактериологиялық зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус жасуша ішінде тіршілік ететіндіктен вирионды босатып алу үшін ең әуелі патматериалды мұқият ұнтақтап, суспензия дайындайды. Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялық немесе табиғи бейім жануарларға жұқтырады. Жұқтырудың нәтижесі оң болған жағдайда өсіп-өнген вирусты айқындау үшін әртүрлі серологиялық реакциялар пайдаланылады. Вирусологиялық зерттеу реті 1-ші суретте келтірілген.
Дайындалған патологиялық материалды эмбрионға егу.
Бұл мақсатта көптеген жағдайда 8—12 күндік эмбриондар пайдаланылады. Ол үшін жұмыртқаны алдын ала овоскоппен қарап, эмбрионның тірілігін анықтайды, қарындашпен езіңді жіберетін жерді белгілеп, жұмыртқаның сыртын зарарсыздандырады. Вирустың
Сурет 1 - Вирусологиялық зерттеу реті
ерекшеліктеріне байланысты езіндіні жұмыртқаның амнион, аллантойс қуыстарына, саруыз қапшықшасына немесе хориоаллантоис қабықшасына жібереді. Материал енгізілген скорлупадағы тесікті балауызбен бекітіп, өсіру үшін жұмыртқаны 48—72 сағатқа термостатқа (33—37°С) орналастырады.
Бақылау сұрақтар:
1. Вирусологиялық зерттеудің мақсаты?
2. Вирусологиялық зерттеудің ерекшелігі?
3. Вирусологиялық зерттеу әдістері?
№6-сабақ
Тақырыбы: Дезинфекцияның нәтижесіне бактериологиялық бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |