Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет3/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Зерттеудің мақсаты: өлкетану материалдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.
Зерттеудің нысаны: оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің процесі.
Зерттеу пәні: өлкетану материалдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары экологиялық-экономикалық бағытта пайдаланылса, онда оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие беру нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл жағдайда игерілген экологиялық-экономикалық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.
Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың экологиялық-экономикалық тәрбие бере отырып, туған жерінің табиғатына жанашыр көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында, үнемдеуге тәрбиеленуіне негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздерін анықтау;

  • оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбиені өлкетану жұмыстары арқылы берудің моделін құрастыру;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара қатынасы туралы тұжырымдамалар, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.
Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет