Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет2/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Экология - қоршаған ортаның шарттары мен тірі организмдерінің қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілерін зерттейтін ғылымдар кешені. Қазіргі кезде терминнің қолданылу аумағы айтарлықтай кеңейді, ол өзінің бастапқы мағынасында жиі қолданылмайды.
Табиғи қоршаған ортаны қорғау - адамды қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және табиғи байлықтарды қалпына келтіру, табиғатты сақтау негізінде қоғамның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық және мемлекеттік шаралар жүйесі.
Табиғатты пайдалану - этикалық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық сипаттағы шектеулері бар табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының алуан түрін қолдану арқылы қоғам қажеттілігін қанағаттандыру.
Табиғатты пайдалану экономикасы - табиғи ортаның ластанудан зиян шегуі мен табиғи ресурстарды экономикалық бағалау мәселелерін зерттейтін экономиканың бөлімі.
Жүйе - белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста тұрған элементтердің басымдығы.
Орнықты даму - адам өмірінің жағдайы жақсаратын қоғамның дамуы, ал қоршаған ортаға әсер ету биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде қалады, өйткені адамзат тіршілігінің табиғи негізі бұзылмайды. Орнықты дамуда қажеттіліктерді қанағаттандыру болашақ ұрпақтарға зиян келтірілмей жүзеге асырылады. Осыған сәйкес орнықты даму тұжырымдамасы қоршаған ортаны қайталанбас құлдырау жағдайына өту мүмкіндігінен сақтандыратын шектеулі сыртқы қолдаумен өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өлкенің дамуын ескереді.
Экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерлікті, білімді меңгеру нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс.
Экологиялық тәрбие - адамдардың санасына, көзқарасына және түсініктеріне әсер ету арқылы ұйымдастырылған, қоршаған ортаға түйсікті және жүйелі түрде үздіксіз көтеру процесі.
Экологиялық білім беру жүйесі - білім беру мен тәрбиелеудің жалпы жүйесінде үздіксіз экономикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын өзара әрекет етуші қажетті ұйымдық құрылымдар жиынтығы.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып саналатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.


Ел Президенті «Қазақстан – 2050» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектеп оқушыларын экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбие берудің барысында мүмкін болатыны анық [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын берудің» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын тәрбиені тұлға етіп берудеғы атқарар рөлі зор екені даусыз [2].
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық тәрбиені халық педагогикасы арқылы беруде өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өлкетану жұмыстары оқушыларға қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін беруге көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әр түрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпаққа экологиялық-экономикалық тәрбие бере отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесі болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4], Ш.Уәлиханов [5], Ш.Құдайбердиев [6], А.Байтұрсынов [7] еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушыларға қоршаған ортаға саналы көзқарасын берудің арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина [8], Б.Р.Айтмамбетова [9], Қ.М.Арынғазин [10], Б.Әбдікәрімұлы [11], Ш.Ә.Әбдіраман [12], Ғ.З.Әділғазинов [13], А.А.Бейсенбаева [14], Қ.Қ.Жампейсов [15], Ж.А.Караев [16], С.Т.Каргин [17], Қ.М.Кертаева [18], Р.М.Қоянбаев [19], К.Қ.Құнантаева [20], Н.Ә.Мыңжанов [21], Ж.Ы.Намазбаева [22], Д.Қ.Нұрғалиева [23], И.Н.Нұғыманов [24], Т.С.Сабыров [25], Ш.Т.Таубаева [26], Е.К.Төлемісов [27], Г.А.Уманов [28], Э.И.Шыныбекова [29], Н.Д.Хмель [30] т.б. еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев [31], Р.Қ.Дүйсембінова [32], Қ.Жарықбаев [33], С.К.Қалиев [34], К.Ж.Қожахметова [35], Ж.Ж.Наурызбай [36], Ә.Табылдиев [37], С.А.Ұзақбаевалардың [38], қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова [39], С.Қ.Әбілдина [40], Ш.М.Мұхтарова [41], Қ.А.Сарбасова [42], Л.С.Сырымбетовалардың [43] және т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Сол сияқты экологиялық және экономикалық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ж.И.Балтағұлова [44], Ә.С.Бейсенова [45], Н.А.Бәкірова [46], Ж.Бұламбаев [47], Ж.Ж. Жатқанбаев [48], Ғ.Қ.Ділімбетова [49], Конурова [50], М.А.Лигай [51], Г.Мұқышева [52], Д.К.Өмірәлиев [53], Ә.А.Саипов [54], К.Сарманова [55], Қ.Н.Сарыбеков [56], М.Н.Сарыбеков [57], Г.М.Смирнова [58], Н.М.Стукаленко [59], С.Т.Шалғынбаев [60], Ж.Б.Шілдебаев [61], Ш.Ш.Хамзина [62], В.И.Фурсов [63], Г.А. Ягодин [64], А.В. Чигаркин [65] және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.
1970 жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушыларға биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габев [66], С.Д.Дерябо [67], Т.В.Кучер [68], В.Г.Иоганзен [69], Э.А.Тұрдықұлов [70] т.б.).
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың [71], И.Д.Зверевтің [72], И.Т.Суравегинаның [73] және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин [74], Н.А.Рыков [75] т.б. дәлелдеген.
Экологиялық және экономикалық білім мәселелерін тәрбиетану ғылымы тұрғысынан Э.В.Гирусов [ 76] Ж.Тлепов [77] және т.б. ғалымдар зерттеген.
Экологиялық тәрбиемен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев [79], Д.А.Урсул [80], Е.В. Никонорова [81] , және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандарға экологиялық тәрбие берудің жолдары А.В.Миронов[82], Г.А.Иванов [83], И.П.Сафронов [84], С.В Алексеев [85] және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық және экономикалық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары (М.К.Жайлауова [86], О.А. Иванова [87 ], Н.Д. Киселева [88], Л.В. Моисеева [89, 83], О.В. Попова [90], Константинова Т.В. [91] және т.б.). Ғалымдар жергілікті қауымдастықта экологиялық білім кеңістігін берудеғы негізгі рөлді аймақтық университет атқаратынын атап көрсетеді.
Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары Г.М.Сәбденәлиева [92], Ф.Н.Жұмабекова [93], А.Е.Манкеш [94], А.Қ.Егенисова [95] еңбектерінде қарастырылған.
Экологиялық, экономикалық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті Ө.Танабаев [96], А.Құрманбаева [97], Ә.Дайырова [98], Бұзаубақова К.Ж [99],. химия Қ.Шайхислямова [100], физика Р.С.Басекеева [101], математика Қ.Н.Сарыбекова [102], табиғаттану Д.І.Жангелдина [103], ағылшын тілі Ж.Базарбекова [104], Ж.Тілешова [105] пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.
Дегенмен педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие беруге болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.
Оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемімізді айқындауға және тақырыпты «Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет