Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет4/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып алынып, осы проблема бойынша философиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • экологиялық-экономикалық тәрбиенің түсінігі педагогикалық тұрғыдан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие беруде қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің моделі құрастырылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді: «Экологиялық-экономикалық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылымиәдістемелік семинардың және «Экологиялық-экономикалық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты атааналар университетінің бағдарламасына қосымшалар берілді.
Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет