Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет9/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты: Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық және экономикалық тәрбиесін арттыру
Танымдық компоненті нің міндеті:экологиялық және экономикалық білім беру
Мінезқұлықтық компонентінің міндеті:
экологиялық және экономикалық тәжірибені дамыту
Эмоционалды компонентінің міндеті:
экологиялық және экономикалық сана-сезім тәрбиелеу
Принциптері:
мақсаттылық, табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік, пәнаралық байланыс принциптері және жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыс принципі
Танымдық компонентінің мазмұны.Рациональды білім дер: табиғат, халық медици насы,фольклор, топонимика, флора,фауна туралы
Әдіс-тәсілдері. түсіндіру, сендіру, үйрету, үлгі-өнеге, кеңес, тілек, мақтау, алғыс, тыйым, бата, әңгіме, дәріс, пікірталас, жарыс
Құралдары
Халық ауызекі шығармашылық (ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жыр, терме, ұлттық ойындар), салт-дәстүр, қазіргі техникалық құралдар, компьютер, медиотека, видеодәріс, т.б
Формалары
Оқу процесінде
Дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақтар
Сыныптан тыс жұмыстарда
Эко-орталықпен байланыс, олимпиада, үйірме, факультатив, оқу танымдық соқпақ, экологиялық із, саяхат, жорық, туристі жарыс, XXI ғ. көшбасшысы, сенбілік, т.б.
Нәтижесі: Экологиялық және экономикалық тәрбиелі тұлға
Мінез-құлықтық компонентінің мазмұны
Тәжірибелі пайдалы іс-әрекеттер, Экологиялық қозғалыстар, ұйымдар, «Жасыл ел» бағдарламасы, эко-орталық
Эмоционалдық компонентінің мазмұны
Иррациональды сенімдер-білімдер негізі, космостық, анимистикалық, діни мифтер
Сурет 2 - Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларды экологиялық және экономикалық тәрбиелеу моделі

Аталған міндеттер өз шешімін тапқанда ғана негізгі мақсатқа қол жеткізеді деп болжаймыз, өйткені олар экологиялық тәрбиенің негізгі үш бағытын (экологиялық және экономикалық білім, экологиялық және экономикалық сана-сезім, экологиялық және экономикалық тәжірибе) қамтамасыз етеді.


Оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің барысында орындалатын міндеттер болжамдаған нәтижеден алшақтап кетпес үшін оның принциптерін анықтауды қажет етеді. Себебі жалпы педагогикалық принцип – тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ереже, алғышарт, талап және бағыттаушы қағидалар жиынтығы. Біздің зерттеп отырған мәселеміздің төңірегінде аса маңызға ие болатын келесі принцип – мәдени сәйкестілік принципі (Ж.Ж.Наурызбай).
Тәрбие – белгілі бір топтың (этностың) өрісі, панасы, болмыс тынысы, онсыз ол өмір сүре алмайды, демек, тәрбие топты (этносты) қорғап, сақтайды. Төл тәрбие сақтау арқылы ғана топ өзін сақтай алады.
Бұл орайда, мәдени сәйкесті ұғымы этностың тәрбиеі ұғымымен сабақтасады. Этностық тәрбие – оның қуат өрісі, басқаларға сіңісуден, жойылып кетуден сақтайтын құралы. Бұл – cонымен қатар оны ерекшелейтін белгісі. Оқушыларға мәдени сәйкестілігін берудің ортаның, ұлтының, қоғамның, мемлекетінің, аймағының тәрбие қолдана алумен ерекшеленеді.
Тәрбие – бұл түрлі діншілдік, ұлттық, тұрмыстық наным-сенімдерден, қоғамдық иллюзиялардан бұрмалауға, теріс түсіндіруге орын беретін табиғат құбылыстары және қоғам жайлы адамдардың білімсіздік, тәрбиесіздік, көргенсіздіктен арылуы, әртүрлі жас ұрпақ арасындағы өзгешеліктердің, өткен мен қазіргінің, үлкендер мен кішінің іс-әрекеті қоғамдық өмірдің әр түрлі саласында дамитын адамдар арасының, сонымен бірге әр түрлі ұлт өкілдерінің арасының ұлтаралық қатынас тәрбиеің көрсеткіші.
Адам өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін меңгере отырып, ұлттық тәрбиеге көтеріледі. Ұлттық тәрбиенің қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі ұлт тағдыры үшін зор маңызға ие, ол – ұлттың қабілеттілігін, рухани күшінің жеткіліктілігін көрсетеді.
Этникалық сәйкестігі, нақты мағынасында, этникалық сана-сезім, төл ерекшелік, белгілі бір топқа қатыстылық, «басқалардан» өзгешелікті сезіну ретінде ұғынылады. Жеке және ұжымдық этникалық сәйкестік адамның таңдауы, еркі, тарихи сана-сезімі және оның қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер мен ережелер жүйесін меңгеруі нәтижесінде алған құндылықтар әрекетінің жиынтығы ретінде пайда болады.
Ж.Ж.Наурызбайдың пікірінше, этникалық сәйкестіліктің нақты айқындауышы – этностық-мәдени сәйкестілік. Халықтың этностық-мәдени сәйкестігі тарихи оқиғаларды үнемі еске салу, халықтың рухани құндылықтарына адалдықты растау, ұлт батырлары мен кемеңгер құрметтеу нәтижесінде қалыптасады [36].
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрдің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс, күйі, сыбызғы-сырнайының үні, әсем әні, мақал-мәтел, шешендік сөзі, айтыс өлеңдері, аңыз-әнгімелер, жер-су атаулары, елінің-жерінің қадір-қасиеті, табиғат байлығы мен сан ғасыр бойы өз ұрпағын тәрбиелеп келгені – тарихи шындық. Сондықтан тұлғаның экологиялық тәрбие берудіңының, соның ішінде, өлкетану жұмыстарының тірегі халық мұрасы болып табылады, өйткені ол - белгілі бір ұлт өкілдерінің, әдебиеттің, тәрбиенің т.б. ежелден жинақталған, келер ұрпаққа толығынан сақталып қалдырған бай қазынасы.
Сондықтан, табиғи сәйкестілік принципі оқушыларға экологиялық тәрбие беруде өлкетану жұмыстарының түрлерін қамтамсыз етсе, мәдени сәйкестілік принципі бұл формалардың мазмұнын тәуелдейді. Демек, оқушыларға экологиялық тәрбие беруде танымдық компоненті ғылыми (рациональды) білімдерді камтиды. Олар - табиғат, халық медицинасы, фольклор, топонимика, флора, фауна туралы жаратылыстану пәндерін оқу арқылы алынатын білімдер. Эмоционалды компонентінің мазмұнын халықтың эмпирикалық (иррациональды) білімдері: наным-сенімдері, мифтер мен аңыз-әңгімелері т.б. Мінез-құлықтық компонентінің мазмұны тәжірибелі іс-әрекеттер, практикалық іскерлік-дағдыларды дамытуға бағытталады (экологиялық қозғалыстарға, ұйымдарға, экоорталық жұмыстарына қатысуы).
Моделде көрсетілген соңғы екі принцип педагогикадағы интеграциялық мәселесіне, соның ішінде пәнаралық байланыстарға қатысты. Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жаңаша мәнде енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің, адамның психологиялық ойлануының жиынтығы деп түсінуіміз керек. Пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат – қоғам – адам ойы» жүйесінде білім негізін, пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.
Пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндетерін шешеуде ерекше рөл атқарады. Мектептегі білім жүйесі өздерінің мазмұны жағынан кешенді. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкіртттерде ақиқат дүние біртұтас екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтері біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен-өздері туындап жататындығын ескеру керек.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.
Көптеген педагогтермен психологтер пікірлеріне қарағанда, оқушыларға түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Пәнаралық байланыс – білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның ықпалы оқыту процесінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің, оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда, табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарын әдіснамалық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнының бағытын жасауға тірек болады.
Әрбір ғылым негізіндегі жеке пәндер адам ақыл-ойы дамуының оның танымының жемісі болғандықтан, жалпы адамзаттық құндылықтардың бірлікте болуы көзделеді. Білім мазмұнынының жаңа құрылымы республиканың мәдени, рухани потенциялының жаңа сапалық деңгейінің көтерілуінің бірден - бір шарты болып табылады. Осыған байланысты білім мазмұнында қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауы мен, қалыптасу процесі көрініс табады.
Жоғарыда баяндалған табиғи сәйкестілік және мәдени сәйкестілік принциптері пәнаралық байланыс приципімен тікелей жүйелі, бірізді жалғасып жатады. Сондықтан қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие өлкетану жұмыстарында берудің мазмұны мен формасын және әдіс-тәсілдерін осы принциптер бір бағытта жүйелеп, біз құрастырған моделдің дәйектілігін негіздейді. Сол себептен, біздің болжауымызша, аталмыш модель мектептің оқу-тәрбие процесінде жүзеге асқан жағдайда оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің тиімділігін арттырады.
Мектептегі экологиялық өлкетану принциптері мәселесін шешудің күрделілігі, оның қандайда бір принциптердің талдану деңгейінің әртүрлі жақтары бар. Принциптерді мектептегі экологиялық және экономикалық жүйе бойынша іске асыуға болады. Оларды мектептегі экологиялық және экономикалық жүйе бойынша іске асырудың педагогикалық ережесі ұсынылған.

  • ғылыми экологиялық және экономикалық прициптер;

  • экологиялық және экономикалық білім беру принциптері;

  • педагогикалық принциптер;

  • мектептегі өлкетану принциптері;

  • мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану прициптері.

Ғылыми-экологиялық және экономикалық принциптерге тоқталатын болсақ, дәлірек айтсақ, ол қоршаған ортаның экологиясы және оны қорғау болмақ. Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара әрекетінің ғылыми-философиялық концепциясының негізі әлемнің бірлігі принціпі, құбылыстар мен дамудың өзара байланысы. Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара әрекеті табиғи-тарихи процесс болып саналады, оның нақты мағынасы мен барысы ең соңында келіп, қоғам мен табиғаттың өзара әрекетіне байланысты болмақ.
Қоғамның табиғатпен өзара әркетінің қазіргі кездегі даму кезеңінде саналы түрде қоғам мен табиғаттың коэволюция жағдайына келуі туындады. Ол туралы, Халықаралық комиссияның қоршаған орта мен даму бойынша Г.Х. Брунтландтың БҰҰ (1987ж.) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында ұсынған тұрақты даму принціпінен көреміз, және Рио-де-Жанейрода өткен конференцияда (1992ж.) декларацияланған. Терминді түсіну мен осы идеяны іске асыру жолдарының көп талқылануына қарамастан, тұрақты дамуды мамандар тек қана әдістемелік принцип деп қана түсінбейді, сондай-ақ оны практикалық әрекет негізі ретінде де таниды.
Тұрақты даму принциптері мыналарды көрсетеді: Планетарлық көлемде аумақтық және локальдық перспективаларда қоғамның даму стратегиясы мен жобасының негізінде адаммен-табиғатты биосфераның бір құрамды бөлігі екенін тануы жатуы керек. Адамзат әлемде қоршаған табиғи ортамен өзара қатынасты сақтау жағдайында ғана өмір сүре алады, оның даму заңдылықтарын адамзат өз әрекеттерінде ескеруге міндетті.
Экология мен қоршаған ортаны қорғаудың тағы бір маңызды принципі жүйелілік болып табылады. Қазіргі заманғы экология оларды зерттеу барысында туындайтын зерттеу нысаны табиғи және әлеуметтік табиғи экожүйе болып табылатын, экологиялық проблемалар болмақ. Нысандардың жүйелілігі әрбір нақты проблеманы неғұрлым жалпы басқа проблемалармен өзара байланыста, әрбір фактіні басқа фактілермен байланыстыра қарауды талап етеді немесе, басқаша айтқанда оның әрекеттерін бірізділейді.
Мектептегі педагогикалық принциптер ішінен экологиялық және экономикалық өлкетану принциптері туралы мәселені талдау үшін негізгі таңдау олардың кітаптарда әртүрлі берілуінен, оларды жүйелеудегі әртүрлілікпен, білім беру мен тәрбиелеудің принціптерінің дәстүрлі бөлінулері бойынша және жалпы педагогикалық принциптерді анықтаулар бойынша күрделенген. Сондықтан мектептегі экологиялық өлкетану жұмысын педагогикалық процесс ретінде қарастыра отырып, оның педогогикалық әдебиеттерде педагогикалық стратегияны анықтау үшін қолданылатын “педагогикалық тұрғыда” терминін қолданудың маңызы бар. Педагогикадағы танылған көзқарастар жеке тұлғаның жүйелі, оптималды, өлкетану әрекеттері ретінде саналады.
Жүйелілік түрде келу педагогикалық процестің негізгі компоненттерінің өзара байланысы мен бірлігін, оның толығымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қарастырылып отырған мәселеге қатысты аталған көзқарас мектептегі экологиялық өлкетану жүйесін іске асырудың қажеттігін білдіреді.
Тиімді жағынан келу педагогикалық процесті ұйымдастыру оның компоненттерінің - теория мен практиканың, рационалды және эмоционалды, репродуктивті, шығармашылықтың, жеке және ұжымдық т.б. компоненттері бірлігінің - тиімділігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мектеп оқушылары мен өлкетану білімінің артуына байланысты оның құрамды бөлігі ретінде аталған принцип арта бермек, өйткені мектеп пен оқушыларға мүмкіндіктері шексіз.
Бүгінгі күні экологиялық және экономикалық білім беруде неғұрлым танылмал принциптер: экологияның ғаламдық, өлкелік және локалды аспектілерінің өзара байланысы, пәнаралық байланыс, болжамдық, жүйелілік көрнекілік. Мектептегі экологиялық білім беруде А.Н. Захлебный ұсынған бірнеше идеяларының маңыздылығын атап өткен дұрыс, атап айтқанда: бірлесіп қызмет істеу және оқушыларға қоршаған ортамен жұмыс істеу барысында педагогикалық ұйымдасқан түрде әрекет етуі.
Мектептегі өлкетану принциптері бірлігінің негізі ретінде көрінетін бірнеше идеялар анықталған, олар:

  • кешенділік - өлкені жан-жақты тану бағыты (табиғатты, тарихты, экономиканы, тәрбиені т.б. зерттеу);

  • өлкетану мен өлкені дамытудың бірлігі мен өзара байланысы;

  • оқушыларды даярлаудағы өлкетану және жалпы білім беру жұмыстарының өзара байланысы;

Жоғарыда көрсетілген негіз бен мазмұн сараптамасы принциптерінің негізінде одан әрі сипатталған мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану принципі мен оған сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесі жатыр.

  1. Мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетанудың толыққандық принипі, экологиялық және экономикалық өлкетануды ұйымдастыру үшін экологиялық және экономикалық өлкетану жүйесіне бағытталу қажет, оның негізгі компоненттерін іске асыру бірлігіне бағытталу керек.

  2. Мақсаттылық принципі (мектеп оқушыларының әрекеттерінің экологиялық және экономикалық мақсаттылығы) оқушыларлардың қоршаған ортамен әрекеттерін педогогикалық тұрғыдан ұйымдасытырумен байланысты.

  3. Экологияның локалды және аумақтық аспектілерінің өзара байланыс принципі мектептегі экологиялық өлкетану жұмыстарының оқушыларға табиғаттың ерекшеліктерін зерттеуімен және өз жерінің өлкесінің әлеуметтік дамуын ерекшеліктерін өзара байланыстылықта оқуын көрсетеді. Білім беру процесі барысында бірнеше ережелерді іске асыру арқылы жүргізіледі.

  4. Оптималдық принципі оқушылармен экологиялық және экономикалық өлкетану жұмыстарын білім берудің жалпы мектептердегі нақты мүмкіндіктері арқылы жүргізуді меңзейді.

Қорытындысында жоғарыда көрсетілген принциптердің бірлігі мен мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану жұмыстарының ережесі ашық болып саналады, себебі ол негізгі жағдайдың қаншалықты талданғанына байланысты. Сондықтан жалпы педагогикалық принциптердің теориянын, мектептегі экологиялық білім беру принциптерінің дамуына байланысты мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану принциптерінің толықтырылуы мен дамуы да қажет болады. Алайда бүгінгі күні анықталған принциптер мен ережелер мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану жүйесін мақсатты түрде құрауға мүмкіндік береді.
Жалпы педагогика ғылымында белгілі принциптерді талдап, солардын ішінде біздің зерттеп отырған мәселеге қажеттісін таңдадық. Олар: мақсаттылық, табиғатқа сәйкестік, тәрбиеге сәйкестік, пәнаралық байланыс принциптері және жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық және экономикалық байланыс принципі.
Мақсаттылық принципі педагогика жүйесіндегі басты принцип болып есептеледі. Мақсатқа жету үшін әдейі міндет қойылып, ол шығармашылықпен орындалуға тиіс. Осы принципке сай педагог өзі тәрбиелейтін тұлғаның қандай болатынын анық білуі керек, сондықтан біз жоғарыда экологиялық тәрбиеі қалыптасқан тұлғаның бейнесін толығымен сипаттадық. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудіңы тиімді болуы ұйымдастырылған жұмыс мақсатына, мазмұнына педагог оқушыларға оған деген қатынасына байланысты.
Табиғатқа сәйкестік принципін негізін қалаушылардың бірі Я.А.Коменский бойынша, тәрбие ісі табиғатқа тән жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу қажет деген кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталады. Коменский адам өзінің жетілуіне жалпы табиғатқа қатынасты зандарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімнің және оқутыдың жалпы принциптерін іздестірді. «Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау оның мұмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті. Дж.Локк табиғатының ерекшеліктерін негізге алсақ отыра, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты тәрбиелік ықпалы болады. Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие «баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет». Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Ең бастысы, ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Ж.Ж. Руссо дидактикасының негізі баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде «қөрнектілік» дегентек әдеттегі (сурет, картина, приборлар т.б. ғана емес, табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан «Эмиль» атты романындағы кейіпкері Эмильдің сабақтары сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерден өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа бағыт еді.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Осы принцип өлкетану арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие калыптастыруда сабақтан тыс жұмыстарын басымды түрде ұйымдастыруды тәуелдейді.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар өлкетану жұмысының негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай реформа жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Өлкетану жұмысы бойынша сыныптан тыс жүргізілетін іс-әрекеттер көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Дегенмен бұл салада әлде зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары өлкетану жұмыстарындағы қазақ халық педагогикасы құралдарын жете менгеріп кете алмай жүр. Бұл - мектепте жаратылыстануды оқытудың сапасына да байланысты екенін көрсетеді. Орта мектептерде жаратылыстану сабақтарын беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуде жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға көпшілігі қатынасатын, атап айтқанда, экологиялық кештер. Ойлан тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушыларға өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жеке көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде экология, өлкетану апталықтары, танымдық сөзжұмбақ, экологиялық ойындар, жарыс, кештер, т.б. көптеген беретені мол материалдар кең түрде қолданыла бастады. Соған қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыруының жетіспейді. Бұл салада оқушылар шығармашылығын да пайдаланады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстырып сыныптан тыс жұмыстар- мектепшілік олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар кештері - сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қою ғана емес, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарды да сол ғылымды сүйе білуге тәрбилеу, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты және сабақтан тыс жұмыстарды қызықты етіп өткізу арқылы оқушыларға білімді өз беттерімен тереңдете алатын негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан мұғалімдікке тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістеме материалдар жинақтадық.
Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйеде де нәтижелі болу керек. Оқу тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыста келтіру, онымен бірге оқушыларға білімге деген жеке құштарлығын дамыту, сондай-ақ олардың қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, берілетін бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалдарын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекті көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушыларға пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететін дей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруға тиіс.
Оқушыларға пәнге деген ықылысы артып, қызығушылығы анықтала бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оның түсіндірудің негізгі әдістері оқушыларға өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір шақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушыларға жас ерекшелігін және дербес ерекшелігін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға экологиядан және экономикалық теориялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де, жақсы сезіну керек. Сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасаған кезде, әрбір үйірме мүшелерінің жеке міңдеттері де көрсетіледі. Бұл - үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап экология кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушыларға сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайдылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы – күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр.
Оқушыларға пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды: сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - әртүрлі үйірмелермен қамтылған оқушыладың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен ғана айналысса оның үйірімдегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушыларға қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Экологиядан сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға ықылас қабілеттерін арттырып қана қоймай, мектептегі жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі, бастысы, оқушыларға өздігінен істейтін жұмыс пәнге деген қызығушылы мен жауапкершілік, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсене етіп тәрбилеу үшін экология пәні бойынша сыныптарда бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік, әрі дамытуды міндеттерін жүзеге асыруда сыныптық жұмыстардың саласын жақсартып, ролін арттыру көзделеді.
Оқушыларға қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу тәрбие жұмысын сыныптық жұмыстар деп атайды. Дегенмен оқушылар уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыс түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Басты саналатын «сабақтан тыс», «мектептен тыс», «сыныптан тыс», термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің ұқсастық жақтарымен қатар, бірінің-бірінен айырмашылығы бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақ жұмыстары бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зерттеу және сарамандық жұмыстармен байланысып жататын жұмыстарды орындағаны үшін, оқушыларға сынып журналына белгіленеді.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқу сарайында, жас натуралистер станциясында, фитохимия институттар зертханасында, аудандық, қалалық мектептер мекемелерінде, зауыт, фабрикаларда, агрохимия зертханаларында өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басқару жасайды. Оның арнаулы бағдарламасы болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте, оқушыларға сабақтан бос уақыттарында өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл- оқу бадғдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар берудіңы оқушыларға өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыста атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушыларға білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшеліктері бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке дара, топтық, көпшілік жұмыстар
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бар түрі өлкетанудан экология ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар дайындау, кабинетті жабдықтауға құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадаға, жарыс кештеріне дайындау т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды, тапсырмаларды бірлесіп орындайды, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, сайысқа немесе олимпиадаға қатысады. Шағын топтағы оқушылар КАТ (КВН), Ойлан тап ойындарына әзірленеді, қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетілімге дайындалады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі экологиялық үйірме. Үйірме оқушыларға өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.
Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерінің бірі - оқушыларға еріктік беріп олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруды олардың талап тілектерін ескеру. Үйірменің факультативті сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол- оқушыларға жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайда жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны 10-15 оқушыдан артық болмауы керек.
Орта мектепте экология үйірмелері сыныптармен жұмыстың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуге көмектеседі. Ашып айтқанда, үйірме оқушылары ғылымды сүюге, дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерімен жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдыққа т.б. баулиды.
Көптеген мектептерде үйірме жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үй жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезеңде оқушыларға шығармашылық белсенділігімсы атқарылатын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылуда.
Өлкетанудан үйірмелер жұмысының мазмұнымен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, табиғат қорғау мәселесі қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Оқушыларды жас кезінен табиғатты сүйе білуге үйрету керек. Туған елінің табиғатын, оның байлықтарын қорғап, аялай білуге үйрету мектептегі осы үйірмелерде жүзеге асады. Айналадағы ортаны ластанудан сақтаудың бірнеше әдістері бар, оның бәрін табиғат қорғау үйірмесінде үйренеді. Үйірме жұмыстары негізінен үш бөлімнен тұрады: су байлықтарын ластайтын әр түрлі жағдайлады ашу; жер қойнауы мен топырақтың құнарлы қабаттарын ластап, бұзатын жағдайларды зерттеп, бақылау жүргізу; ауаны ластайтын, бұзатын жағдайлар, оны экологиялық жолмен қорғау әдістері.
Үйірме мүшелері өздері таңдап алған өлкетану үйірмесі мазмұнына сәйкес теориялық, тәжірибелік өлке мәселелерін шешіп, табиғатқа жасаған танымжорық алған танымдық әсерлері жайында үйірме отырыстарында баяндап, істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы өлкетану кештерінде баяндап отырады. Үйірмелердің бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.
Өлкетану үйірмесінің мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Олар кейбір қызықты деректерді «Жас эколог» қабырға газетіне жариялайды. Жұмысты жеке – дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Үйірме мүшелері жұмыстарының нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушыларға шамасы келетіндей болу керек.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында үйірмелердің санын көбейтіп, экология қоғамына біріктіріп жүр. Үйірмелердің өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Қоғамды басқару төраға мен хатшыға жүктеледі. Оларға мұғалім басшылық жасайды. Қоғамға жас ғалымдар, қызметкерлер, оқытушылар, пән мұғалімдері, жоғары курс студенттері де жетекшілік ете алады.
Басқару ұйымы үйірме жетекшілері оқушыларға орындайтын жұмыстарының мақсат, мазмұнын түсініп, орындау тиімді әдістәсілдерін айтады, қажетті негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана білуге бағыттайды. Оқушыларға жоспар құруға жәрдемдеседі, онда мынадай мәселелер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не ? т.б.
Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әртүрлі экологиялық үйірмелерге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырылады.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда, осы ерекшеліктерді ескере алады.

  1. Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі бірін-бірі қайталамауы.

  2. Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу тәрбиелік жұмыстардың бір бөлігі ретінде оқушыларға мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.

  3. Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, соған жақын мамандық иелерімен кездесулер өткізу. Сол арқылы кәсіптік бағдар беру.

  4. Үйірме жұмыстарында сынақ тәжірибелік және теориялық материалдардың өзара байланыстарын анықтау. Танымдық, білімділік таным – жорықтар өткізіп отыру.

  5. Үйірме жұмысын жоспарлауда зерттеу жұмысына қажетті әдебиеттерді оқушыларға өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету.

  6. Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық материалдар талқылағанда бір сағаттан, ал сынақ тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды орындауда 2-3 сағаттан аспауға тиіс.

  7. Үйірме жұмыстары негізінен, 3 бөлімнен тұрады. Сарамандық сабақтар, теориялық хабарламалар, сарамандық жұмыстың қорытынды есебі.

  8. Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратын тартымды, алуан түрлі болуы керек.

Осының бәрі оқушыларға танымдық іс-әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сол мамандықты еркін таңдауына мүмкіндік береді. йірменің жетекшісі қауіпсіздік техникасының ережелерімен күні бұрын таныстырып, тәжірибелік жұмыс жасайтын оқушыларға нұсқау беріп отырады. Әрбір үйірме сабақтарына кірісерде қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтау ескертиледі.
Тәрбиелік іс – шаралар барысында оқушыларға іс-әрекеті. Экологиялық тәрбиеі; тұлға – ғылымның қазіргі заманғы экологиялық білімі мен өз халқының бағзы білімімен қаруланған, экологиялық түрде ойлауға және іс-әрекет жасауға қабілетті, экология үшін белсенді күресетін интелегентті және білімді тұлға. ұлғаның экологиялық тәрбиеің негізгі компоненттері мыналар болып табылады: қазіргі заманғы білім мен халық тәжірибесі, табиғатқа, адамдарға және қоғамға деген эмоционалды- бағалы қатынас, шындыққа деген әрекеттік – практикалық қатынас.

2 ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС



2.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің жүйесі

Оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде, өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің бір жолы ретінде қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыз ететін әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық, жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға, мүғалімдерге арналған экологиялық әдістемелерді даярлауға мүмкіндік жасады.


3- інші кестеде көрсетілгендей, мұғалімдер мен ата-аналар арасында №58, №57 мектеп, №44 мектеп, «Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану» атты еңбектерді оқып-үйрену үшін, аталған мектептің ұжым мүшелері алдына экологиялық оқу бағдарламасы, мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар, оқулық жазу, әртүрлі көрнекілік құралдар жасау қажеттігі туындайды. Осы талап–тілектерді орындау өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалануды жандандыру, география, биология, экология т.б. жаратылыстану пәндердерін тереңдетіп оқып-үйрену үшін, жалпы орта білім беру мектептеріне, лицей, гимназияларына өлкетану жұмыстарын өткізуге бағытталған «Экологиялық және экономикалық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдеріне арналған ғылымиәдістемелік семинардың мазмұнын, халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығын, өлке, аймақ, ғаламшар экологиясының өзара байланыстарын өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсініктеріи, сонымен қатар оқушыларға экологиялық тәрбиесінде қазақ халық педагогкасының құралдарын пайдалану туралы теориялық қағидаларды камтиды.

Заманымыздың дана да дара ойшылы Қ.Жарықбаев «Халықтық педагогика – халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы педагогикалық білімдерінің қосындысы», –деп пәндер жүйесіндегі сабақтастықты көрсетеді.


Аталмыш ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты:
Ел сандаған жылдар қанымен, жанымен қорғап, жер-ана деп аялаған экологиялық жағдайды сауықтырудың бірден-бір жолы - халықтың тірнектеп жиған құндылықтарына, ұлттық дәстүрге қайтып оралу, жас ұрпақты отандық, халықтық дәстүрде тәрбиелей отырып, оларға адам сыйлауды ғана емес, туған жер топырағын, қарайған бұтасы мен бір тамшы суына дейін аялауды үйрету, экологиялық ұлттық санасын берудің. Семинардың мазмұны төмендегі кестеденің оның тақырыптық жоспарында көрсетілген (кесте 4).

Кесте 4 - «Экологиялық және экономикалық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған арнайы семинардың тақырыптық жоспары



Тақырып атаулары

Сағат саны

  1. Экологиялық және экономикалық өлкетану негіздері

1

  1. Экологиялық және экономикалық тәрбиедегі халық педагогикасы құралдарының көрінісі

1

  1. Өлкетану жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

1

  1. Өлкетану жұмыстарының мазмұны, жүйесі

1

  1. Өлкетану жұмыстарының әдіс-тәсілдері

1

  1. Өлкетану жұмыстарының формалары

2

  1. Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану

1

  1. Халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері

1

  1. Халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетану жұмыстарының нәтижесі

2

  1. Халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетануда ата-аналармен жұмыс

1

  1. Қорытынды сабақ

1

Барлығы:

12

1. Экологиялық және экономикалық өлкетану негіздері. Экология және экономикалық жайлы ұғым, экологиялық және экономикалық тәрбиенің мәні, міндеттері. Өлкетануда оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің мазмұны. Сыныптан тыс уақытта балалармен жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Экологиялық және экономикалық проблема бүкіләлемдік көлемде және жеке аймақтық түрінде. Жеке мемлекеттің, аймақтың қоршаған ортасын сақтау, ауа тазалығы, ормандарды, фауна, флора тұтастығын сақтауға міндетті тұлғаның санасын берудің.


Экологиялық сана қажетті функцияларды орындайды. Ағартушылық функция. Дамыту функциясы. Экологиялық және экономикалық сананың тәрбиелеу функциясы. Ұйымдастыру функциясы. Экологиялық және экономикалық сананың болжау функциясы.
Экологияның және экономикалық қоғамдық сана түрінде биология ғылымының бір бөлімі флора мен фаунаның өзара қатынастарының зандылықтары, олардың жеке өкілдерінің қатыныстары, олардың қоршаған ортаға қатысын, зерттейтін ғылым туралы түсінік баяндалдады.
2. Экологиялық және экономикалық тәрбиедегі халық педагогикасы құралдарының көрінісінде қазақ халық педагогикасы (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз әңгімелер, жырлар, айтыстар, шешендік сөздер, ертегілер, рационалды және иррацоналды білімдерді ажырата білу т.б.) туралы түсінік, ұғымдарды менгертеді.
3. Өлкетану жұмыстарының мақсаты мен міндеттері. Өлкетануды мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің негізі (факторы) ретіндегі екі мәселе; (ғылыми –әдістемелік, психологиялық – педагогикалық) мектепте өлкетануды және экологиялық білім беруді талдауының алғышарты; “өлкенің экологиясы”, оның ішінде: “өлке”, “ жергілікті жер”, “ өлкетану”, “өлкетану принципі”, “өлкетану жұмысы”, “өлкетану жұмыстары” байланыстарының бірнеше ұғымының негізін анықтау түсініктері беріледі.
4. Өлкетану жұмыстарының мазмұны. Жергілікті қала саябағында ерекше құқықтық қорғау жүйесі, табиғатты қорғауға жауаптылық бойынша жұмыс жүргізіледі.
5. Өлкетану жұмыстарының әдіс-тәсілдер. Өлкетану жұмыстарында оқушыларға оқу танымдық экологиялық және экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру (әңгіме, әңгіме кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс). Өлкетану жұмыстары арқылы оларды ынталандыру (мақтау, мадақтау, жарыс ұйымдастыру, жеңіске жеткендерді марапаттау, белсендендіру, қызықтыру). Оқушылар өз іс-әрекеттерін бақылау (бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу) жасайды және өз іс-әрекетіне қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиеленеді.
6. Өлкетану жұмыстарының формалары. Өлкетану жұмыстарының формаларын қарастырғанда, қазақ халық педагогикасының мақсаттары мен негізгі бағыттары ашылып, жалпыға мәлім тәрбиенін, қазақ халық педагогикасы құралдарымен сабақтастырылып, әртүрлі формада (апталық, үйірме жұмыстары, факультатив жұмыстары, олимпиада өткізу, тәрбиешілерге арналған семинар т.б.) дайындау, ұйымдастырып өткізу жолдары туралы қарастырылады.
7. Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану.
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары (мақал мәтелдер, халық ертегілері, шешендік сөздердің тәлімдік мәні, айтыс өнері, танымдық жұмбақтар, жыр-терме, балалар ойыны, эпос) қазақ ауызекі шығармашылының табиғатты қорғаудағы орны.
8. Халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері. Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға болды:

  • біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;

  • екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық және экономикалық тәрбиені беруде жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және экономикалық, географиямен, тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;

  • үшіншіден, өлкетану жұмыстараныың ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;

  • төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;

  • бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;

  • алтыншыдан, өлкетану жұмыстары экологиялық және экономикалық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрып жатқан жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әртүрлі дереккөздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;

  • жетіншіден, өлкетану жұмастары оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.

9. Халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетану жұмыстарының нәтижесі. Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық өлкетану жұмыстарын бақылау, бағалау, тиімділігін анықтауда, біз өткізген «Өлке қорықтары» үйірмесі, «Қасиетті қазыналы өлке», «Табиғатым – тағдырым» т.б. тәрбиелік іс-шараларда оқушыларға экологиялық тәрбиеің жоғарылағанын көрдік. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттырумен қамтамасыз етілді.
10. Халық педагогикасы құралдарын пайдалану. Халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы экологиялық және экономикалық тәрбиедегі өлкетануда ата-аналармен жұмыс «Анам, әкем, мен табиғат қорғаушылармыз» деген девиз арқылы демалыс кезінде серуенге шығып, ата-ана мен балалар арасында табиғатта көңілді шаралар атқарлып олардың жас ерекшелік араларындағы сабақтастық пен айырмашылықты ажыратып, табиғатқа көзқарастары бақыланады. Ата-ананың балаларына экологиялық және экономикалық тәрбие берудегі рөлі. Өлкетану жұмыстарындаға халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбие беруде ата-аналардың ісәрекеті ерекше орын алады.
«Экологиялық және экономикалық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты атааналар университетінің бағдарламасына қосымшалар халықтық педагогика білімдері, рационалды білімдер мен иррационалды сенімдердің мән-мағынасы, балалардың отбасындағы экологиялық тәрбиесінде салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды қолдану жолдарын көрсетеді. Бұл қосышалар ата-аналар жиналыстарында жеке сұрақ ретінде баяндалады. Сонымен қатар мұғалімдердің семинарынан айырмашылығы экологиялық тәрбиенің теориялық емес практикалық салалары басым болуында.
Жалпы орта мектептің 6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түлерінің бір экология үйірмесі ерекше рөл атқарады. Үйірмені құрып, ұйымдастыруда, оқушыларға пәнге деген қызығушылығын арттырып, ақыл-ойларын дамытып, өз беттерімен жұмыс істеуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге және экологиялық тәрбиетерін қалыптасуына ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме жұмысы мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуге көмектеседі.
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге септігін тигізетін сыныптан тыс уақытта өткізілетін үйірме жұмысы жүзеге асырылды.
Өлкетану жұмысында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің негізінде «Қазыналы өлке» атты үйірме құрдық. Үйірмеге қалауы бойынша қатысамын деп ниет білдірген оқушылар және оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген жасөспірімдер үйірме мүшелері болуға тартылды.
Үйірме мүшелері өздері таңдап алған өлкетану үйірмесі мазмұнына сәйкес теориялық, тәжірибелік, өлке мәселелерін шешіп, табиғатқа танымжорық жасаған ізденушілік жұмыстарындағы білімдерін, алған әсерлері жайында үйірме отырыстарында ортаға салып, атқарған жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы өлкетану кештерінде баяндап отырды.
«Қырық бір құмалақтың сыры». Иррационалды халық білімінің біріге діни наным – сенімі (шаман, тасаттық беру, арбау, бас айналдыру, тұмар тағу, түс жору т.б.) жатады. «Қырық бір құмалақтың сыры» – Бал ашуды бір түрі. Бал – жаратылыстың таңба-белгілерін, табиғат құбылыстарын жіті бақылау арқылы қалыптасқан сәуегейлік ілім. Бал ашудың жұмбақ құпиясын ғылыммен салыстырып алғаш зерттеген - ғұлама ойшыл әл-Фараби. Құмалақшы құмалаққа тек сақа қойлардың ірі құмалақтарын таңдап алуының себебі қырық бір шөптің араласы деп есептеуі, әртүрлі шөптердің басын құрауы жататыны туралы оқушыларға арасында «Сократтық сұхбат» түрінде қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолдарын қарастырдық.
«Саяттылық және табиғатты танып білу» тақырыбы бойынша табиғат саясында серуен құру арқылы табиғат сұлулығын бағалау. Абай, Шоқан, Сәкен, Ақан сері, Жаяу Мұса, Ілияс, Мағжан сияқты қазақ зиялыларының шығармалары арқылы оқушыларға экологиялық ой-өрісін жетілдірудің мәнін түсіндіруде оқушылар «интеллектуалдар саудасы» ақыл-ой әрекеттерінің жарыстырудың ойын түрі, ұсынылған «тауарды» кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысын және т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс болды. Сөзжұмбақ, ребус, танымдық ізденуді қажет ететін ақыл-ой жұмыстары іске асырылып, өз бетімен білімін жетілдіруде танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген ұмтылыстарының пайда болуына септігін тигізеді.
Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі өлкетану үйірмелеріне ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырылады.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктерді ескере алады.

  1. Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі мен бірін-бірі қайталамауы.

2. Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу – тәрбиелік жұмыстардың бір бөлігі ретінде оқушыларға мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.
3.Үйірме жұмыстарында теориялық материалдардың сынақ тәжірибелік өзара байланыстарын анықтау. Танымдық, оқу-танымдық жорықтар өткізіп отыру.
4.Үйірме жұмысын жоспарлауда зерттеу жұмысына қажетті әдебиеттерді оқушыларға өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету.
5.Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық материалдарды талқылағанда бір сағаттан, ал сынақ тәжірибелік құра білу жұмыстарды орындау 2-3 сағаттан аспауға тиіс.
6.Үйірме жұмыстары, негізінен, 3 бөлімнен тұрады: дайындық кезеңі, барысы, қорытынды есебі.
7.Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратындай тартымды, алуан түрлі болуы керек.
Осының бәрі оқушыларға танымдық іс-әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сол мамандықты еркін таңдауына мүмкіндік береді. Үйірменің жетекшісі қауіпсіздік техникасының ережелерімен күні бұрын таныстырып, тәжірибелік жұмыс жасайтын оқушыларға нұсқау беріп отырады. Әрбір үйірме сабақтарына кірісерде қауіпсіздік техникасы мен ережесін қатаң сақтау ескеріледі.
Әрекеттердің түрлері мен әдістері экологиялық өлкетану жұмыстарының формалары да қатар тұр. Мектептегі өлкетану жұмыстарында әртүрлі формалар қарастырылған. Оларға мыналар жатады: сабақ, факультатив, үйірме, экскурсия, олимпиада, викторина, конференция, өлкетану ойындары, парасатты адамдармен кездесу, әңгімелесу, интервью, кештер, сыныптан тыс оқу, клубтар, қоғам, рефераттар, баяндамалар дайындау, материалдар іздеп жинау, тәжірибелер, экспедиция, хат алысу, қолжазба журналдар, кітаптар, газеттер, жылжазбалар, кесте, таблица құру, көрнекі құралдар жасау немесе бұрыш ұйымдастыру, білімді насихаттау, табылған сирек кездесетін нысанды күзету, белсенді акциялар (митингілер, сөз сөйлеу, ұсыныстар, талаптар), қорықтар, шағын қорықтар, саябақ жұмысы, өзендерді, бұлақтарды тазарту т.б.
Айтылып өткен өлкетанудың барлық жұмыстары мектептегі өлкетануда қолданылуы мүмкін. Өкінішке орай, мектеп тәжірибесінде көбінесе тиімсіз формалары да қолданылады, ол барлық мектептегі экологиялық – өлкетану жұмыстарын алмастырады. Экологиялық және экономикалық білім берудің негізгі міндеттерін шешу үшін мектеп жұмысына экологиялық өлкетану жұмыстарының барлық түрлері мен әдістерін жайлап енгізу қажет. Жұмыс формаларын қандай да бір кезеңде орындалатын міндеттерге сай таңдау керек, сондай-ақ форма түрін мектеп ерекшелігімен және оған қатысушылардың экологиялық өлкетану ерекшеліктеріне қарай таңдау керек.
Зерттеу нысандары: су мен топырақ беті, өсімдік пен жануарлар әлемі, табиғи аймақтық кешені. Бұл жерде жергілікті жерді зерттеудің екі түрлі жолын айтуға болады: толығымен зерттеу және арнайы жердің көлемін зерттеу. Мектептік өлкетану жұмыстарында арнайы жер көлемін зерттеудің артықшылығы бар, себебі әртүрлі ерекшеліктері бар шағын аймақ қана таңдалып алынады да, оны зерттеуге оқушының мүмкіндігі болады. Әртүрлі жер көлемін зерттеулер нәтижесі салыстырылып “өз жерін” түсіну үшін мәліметтер біріктіріледі.
Экспедициялық ұйымдардың тапсырмаларының үлгісі:
Экологиялық және экономикалық өлкетану ережесі - өз өлкенің координанттарын (карта бойынша) анықтау.

  1. Өз өлкеңнің шекарасын және көршілес ауылмен шекарасын салыстыру.

  2. Өз өлкеңнің шекарасы қандай табиғи шекаралармен өтетінін анықтау.

  3. Өзінің жергілікті жерінің пайдалы қазбаларының шығуын түсіндіру, оны бақылау картасына салу, олардың тұрмыста қалай қолданылатынын анықтау.

  1. Өз облысының, ауылының, қаласының жер бедерін сипаттап беру. Өзен бойының, қазылған жердің немесе жер қазу жұмыстары кезінде жалаңаш қалған топырағын, бөктерлер мен жоталардың жынысын анықтау.

  2. Өзен бойларының шайылуына, өзен бойындағы шұңқырларға бақылау жүргізу.

Тараздың картасымен танысу, негізгі белгілерді білу.
Ауа райы туралы мағлұмат білу.

  1. Өзінің жергілікті жеріне кейбір мерзімге сипаттама жасау, оның қалыптасу жағдайын түсіндіру (ауа райы мен климаттық картаны қолдана отырып).

  2. Ауа райына үнемі (күнделікке толтыру) жасау, жыл сайын салыстыру (ай бойынша ауа температурасын, ауа қысымын, ауаның ылғалдығын .

  3. Ауа райын күн сайын бақылау арқылы ақпарат құралдарынан берілетін жергілікті ерекшелікті, ауа райының өзгеруін және ауа райы туралы ақпаратты білу, жергілікті ерекшеліктер бойынша ауа райының өзгеруін болжай білу.

Су көздері.

  1. Мектеп, аудан жанындағы өзен-cудың, атауын білу. Өзеннің аздаған бөлігіне сипаттама беру. Суды тұрғындар қалай қолданады? Тұрғындарға қойылған сауалнаманы өз бақылауына қосу, фотоға түсіру.

  2. Су көзін немесе құдықты сипаттау, яғни су көзінің немесе құдықтың әр мерзімдегі өзгешелігін сипаттау.

  3. Ауданда қандай өзен түрлері бар екенін анықтау.

  4. Жергілікті жердегі судың шаруашылықта қалай қолданылатынын анықтау.

  5. Суға жақын жердегі өсімдікті зерттеу және оның өсу жылдамдығы мен өсу әдістерін зерттеу.

Топырақ.

  1. Ауыл аумағындағы топырақтың құрылу жағдайына байланысты қандай екенін анықтау.

  2. Топырақты негізгі түрлері бойынша зерттеу.

  3. Мектепке жақын жердегі алаң, бақ, алаңқай және өрістерді сипаттау. Оларды өңдеу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқанын көрсету (топыраққа әк себу, жынысты игеру, батпақты құрғату т.б.).

  4. Топырақ үлгілерін алып, оның негізгі түрлеріне сипаттау үшін коллекция жасау.

Өсімдіктер әлемі.

  1. Өз қалаларының, ауданның, ауылдың, мектептің, үйдің айналасындағы өсімдіктерді жазу. Сіздің облыста қандай өсімдіктер өседі? Орманның негізін қандай ағаштар құраған, орман шеттеріндегі өсімдіктер қандай, орманның ішінде қандай өсімдіктер өсіп тұр? Жергілікті жерде қандай алаңқай бар? Ол жерде қандай өсімдіктер өседі? (өсімдікті сипаттау үшін гербарий жасаңыз).

  2. Орманның, алаңқайдың, батпақтың шаруашылықта қалай пайдаланылатынын анықтау. Орман мен алаңқайларды жақсарту үшін қандай шаралар қолданылып отыр? Облыста жасыл желектер отырғызылған ба? Онда ағаштың қандай түрлері басым? Өсімдікті қорғау үшін қандай шаралар өткізіледі?

Жануарлар әлемі.

  1. Облыста қандай жабайы аңдар бар екенін анықтау.

  2. Орманның, алаңқайдың су қоймаларының және басқа да өмір сүру орталарының жануарларымен танысу, жануарлардың ландшафтілерге әсерін анықтау.

  3. Жануарлардың өмір сүру орталарына бейімделуіне бақылау жүргізу.

  4. Кейбір жануарлардың бір күн мерзімдік құбылыстарын зерттеу.

  5. Жануарларды қорғауға қандай шаралар қабылданған? Облыс аумағында қандай қорықтар мен ұлттық саябақтар ашылған?

  6. Құстар мен аңдарды қорғау бойынша шараларға қатысу (аңға шығудың мерзімдері, аулауға тыйым салынған аң мен құстар түрлері т.б.).

Табиғатты қорғау.

    1. Сіздің облыста қорғалатын қандай табиғи орындар бар екенін анықтау.

    2. Сіздің ауданда табиғатты қорғау туралы заң қалай жүзеге асырылып жатқанын анықтау. Осы заңды жүзеге асыруға қатысу.

Табиғатты зерттеу тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкес өлкетану бойынша, мүмкіндігіне қарай, экспедициялық отрядтар арасында бөлінеді. Ауаның ластану түрлерін өсімдіктердің жағдайлары көрсетеді. Қарағай бастарының қуаруы ауада күкірт қышқылының көптігін көрсетеді. Өсімдігіне зақым келген әрбір жасыл желек жергілікті жердің экологиялық жағдайын сараптауға мүмкіндік береді. Қандай ағаштар мен талдар ауаның ластануынан бірінші болып зардап шегетінін, қандай өсімдік көлік пен өндірістік ластауға төзімді екенін анықтап алған жөн.
Қалалық мектеп оқушылары үшін оқушыларға төмендегі ісшаралар тапсырылады. Адам денсаулағана теріс әсер ететін не? Жердегі ауа көбіне төменгі қабаттардағы пәтерлерге қарағанда көбірек ластанған болады. Бірінші қабаттағы пәтерлерді неғұрлым жиі желдетіп отыру керек етеді. Оныншы қабаттан жоғарыда бірнеше жайсыздықтар байқалады, өйткені жердегі ауа көбіне төменгі қабаттардағы пәтерлерге қарағанда ластау болады. Лифтілер мен ауа айналдыру шахталарынан, төменгі қабаттан үстіңгі қабаттарға ластанған ауа кіреді. 17-қабаттан жоғары тұратын адамдар денсаулығына үнемі қозғалып тұрған ғимарат та теріс әсер етеді. Өмір сүру ортасының экологиясын бағалау кезінде оқушыларға алдына бірнеше мәселелер қоюға болады:

  • өз пәтеріңіздің (үйдің), жеке бөлменің экологиялық сапасын бағалаңыз. Қай бөлмеде шу көп? Шу шығу көзін анықтап, оны азайту жолдарын ұсыныңыз. Біздің үйде қай жерге күн көп түседі? Пәтерге ауа қалай кіреді? Оның сапасы қандай? Сізге қай терезеге қараған ұнайтынын анықтаңыз. Оның себебін түсіндіруге тырысыңыз;

  • пәтеріңіздің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс жасаңыз.

Қандай да болмасын қаланың маңызды экологиялық проблемаларының бірі тұрмыстық қалдықтарды жою болмақ. Сондықтан оқушылармен өлкетану жұмысын жүргізу барысында қала құбырларының тазарту жұмыстарына экскурсия жасау керек, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою жолдарын анықтауға көңіл бөлінеді. Оқушыларға “Менің қоқыс салатын шелегім” атты мәлімет жасауға тапсырма беріліп, олр өз мәліметтерін береді. Онда тұрмыстық қатты қалдықтар құрамын анықтап, олардаң кейбіреулерін пайдаға асыру мен болашақта қолданылмайтындарын жою шараларын анықтау (қоқыс деп өндірістік және тұрмыстық әрекеттер барысындағы екінші рет қолдануға болатын қалдықтарды айтамыз).
Қала қоқысына байлынысты проблемалар туралы мәліметтер мына жоспар бойынша құрылады:

  1. Қоқыстың тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан айырмасы қандай?

  2. Қоқыстың қаланың экологиялық жағдайына әсері қандай?

  3. Тұратын жердегі қоқыстың құрамы қандай?

  4. Тұрмыстық қалдықтардың қандай түрлерін екінші рет қолдануға болады және қандай мақсатта қолдануға болады?

  5. Мектеп пен үйдің жанында қоқыс бар ма? Ол қайдан келеді? Оны не істеуге болатын айқындай алады.

  6. Қалалық ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайын тазарту бойынша оқушылар өз ұсыныстарын береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізеді. Мектеп бағдарламасының оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында оқушыларға білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін - фаультатив сабақтары. Осы бағытта «Өлке қорықтары» факультатив бағдарламасы жасалды. Факультативтің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

  • оқушыларға жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын берудің;

  • «өлке», «өлкетану» «өлкетану жұмыстары» «өлкетану іс-әрекеті» туралы алғашқы түсініктердің ара-жігін ажырата білуі.

Ұтымды варианттарды қарастыру негізінде өлкетану бағдарламасы бойынша қазақ халық педагогикасының материалдары пайдаланылып, мектептен және сыныптан тыс уақыттарда өткізілетін факультатив және үйірме жұмыстарының бағдарламалары жасалды.
Экологиялық және экономикалық білім беру бойынша «Өлке қорықтары» бағдарламасы.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы. Ол өз отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны берудің үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыруды кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса назар аудару болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – өлкетануды оқыту негізінде оқушыларға экологиялық және экономикалық санасы мен экологиялық және экономикалық тәрбие беру. Осы арқылы олар табиғи дүниенің сырын ашуға үйренеді және кейбір табиғатты қорғау мәселерін шешуге ат салысады.
Міндеттері:

  • экологиялық және экономикалық, табиғатты қорғау туралы біліммен қаруландыру;

  • табиғат әлемін эмоцияналды қабылдау;

  • табиғи байлықты дұрыс және тиімді пайдалана білу;

  • адамның табиғатқа кері әсерінен болатын келеңсіз жағдайларды болдырмау;

  • табиғатты қорғап, аялау.

Бағдарламаның көкейтестілігі және жаңалығы.
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық және экономикалық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені, бір жағынан, ғылым, әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп бере алады.
Экология және экономика туралы заңдар мен маңызды құжаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы былай көрсетілген. Ерекше қорғалатын аумақтар мен қорғауға алынған жерлер экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады. Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер; ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің ерекше құнды жиынтығы.
Экологиялық және экономикалық мәселеге кейінгі кезде көп көңіл бөлініп жүр, себебі біріншіден, адамның экологиялық санасынан олардың табиғатқа практикалық қатынасында алшақтық байқалады. Қазіргі уақытта көп балалар табиғаттан алшақтаған, көп уақыттарын үйде, компьютер немесе теледидар алдында өткізеді. Оқушыларға экологиялық және экономикалық санасын берудің үшін кей жағдайда білім деңгейі жеткіліксіз. Бастауыш, ортаңғы буын оқушыларына 5-6 жыл бойы биология, география, экология пәндері бойынша теориялық білім берілгенімен, практикалық жағдайда табиғатқа сәйкестенген оқу-танымдық іс-шаралардың жағдайы мәз емес. Экологиялық және экономикалық білім мен экологиялық және экономикалық мәселе арасында алшақтық байқалады, ол үшін құбылыс пен процесті байланыстыруымыз керек. Экологиялық және экономикалық дүниетану, тәрбие беру абстрактілі деңгейде шешіле алмайды, ол жеке адамға жеке тәжірибесі арқылы ғана шешіледі.
Ғылыми білім жүйесі – дүниетаным. Оқушыларға экологиялық және экономикалық білім беру мәселесін шешуде әр түрлі тиімді жаңа әдістерді пайдаланып, ұлттық бақтарды және табиғи қорықтарды негізге алып жүргізуді талап етеді. Берілген бағдарламалар аудандарға арналып құрылған, әсіресе ерекше қорғалған табиғи аумақтарға, яғни қорықтар немесе ұлттық бақтар және т.б. Ұлттық бақтар мен қорықтардың негізгі функциясы - табиғи кешенді қорғау, жабайы табиғат құбылыстарын және процестерді зерттеу және экологиялық қадағалау. Бұл мекемелердің білім беру мүмкіншілігі зор, біріншіден, қызметкерлердің ұжымдық жетілдірулері, табиғатты қорғауға шындап берілген адамдар. Көптеген ерекше қорғалған табиғи шекараларда табиғи мұражайлар, экологиялық соқпақтар, орталықтар бар. Ал келесі қызметкерлер, жоғалып бара жатқан жануарлардың түрі мен өсімдіктерді қорғау генофонында мақсатты түрде жұмыс жасайды. Мұндай аумақта табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштер орын тапқан. Сабақта алған экологиялық және экономикалық білімді бекітуде оқушыларға көңіл-күйіне әсер ету арқылы, яғни тірі табиғат пен ондағы жұмыскерлермен қарым-қатынас жасай отырып, тәжірибе жүзінде түрлі әдістер арқылы білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастырамыз.
Ұлттық бақтарда жастармен ғылыми жұмыс істеу тәжірибелері мол. Жыл сайын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға демалуға келушілердің саны көбеюде, негізінен, олар – оқушылар. Сонымен бірге көптеген қорықтар да біздің елдің биологиялық, географиялық ЖОО-ның студенттерінің дәстүрлі жазғы практикаларын өткізетін орын болып табылады. Жыл сайын жаз айларында өсімдіктердің әртүрлі түрлерін өсіруге және жан-жануарлардың төлдерін күтуге табиғатқа жақын жанашыр жергілікті тұрғындар, жастар ерікті түрде келіп көмектеседі. Көптеген қорықтар оқушыларға лагерь құруға және қонақ үйде орналасуына мүмкіндік береді.
Экологиялық және экономикалық жаңғырту жұмысын жүргізуде аудандағы жастардың экологиялық және экономикалық білімін арттыруда мақсатқа бағытталған бағдарламалар жасайды. Экскурсанттар жорыққа оқушылармен еш дайындықсыз келеді, сондықтан олардың алатын әсері де аз болады. Бұл ұсынылып отырған бағдарлама табиғатты зерттеушілерге үлкен көмек болмақ. Ол екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде түрлі жаңа ақпарат беру арқылы дайындық жасайды. Екінші кезеңде балалар қосымша ақпарат алады және экологиялық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беріледі. Білім беру бағдарламасы бойынша «өлкелі қорық» атты принцип арқылы оқушыларға оқу-танымдық, интеллектуалды және эмоцианалды өсіп жетілуіне, білімдерін арттыруға және өлі табиғатпен байланыс жасауға мүмкіншілік жасалады. Осы бағдарламаның бір үлгісі ретінде Тараздың саябағын алуға болады. Мұнда әр жылда табиғатты тамашап келушілердің саны көп. Олар: оқушылар, студенттер, шетел азаматтары және т.б. демалушылар. Тараздың Қазақстандағы арнайы қорғауға алынған ұлттық бағында флора мен фаунаға арналған қорық, бақтар көп және жоғары дәрежелі мамандар, аспиранттар т.б. қызмет етеді. Олар қазіргі уақытқа сай бағдарламалар арқылы әр келушіге ұмытылмас әсер қалдыруға тырысады.
Бағдарламаның сағат саны бойынша көлемі және ұзақтығы.
Бағдарлама 20 сағатқа бөлінген (сағаттарды тақырыпқа бөлу жобамен жасалған, сондықтан ол – мұғалімнің қалауымен өзгере алады). Саябағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болса, оқу жылы бойында аудандық мектептер формальды компонентпен білім беруде. Бағдарлама биология, география пәндерінің мұғалімдерінің және саябақ қызметкерлерінің бастауымен өтеді.
Мектептегі сабақтар оның мүмкіндіктеріне байланысты құрылады. Яғни оқыту формалары, мұғалімнің тәжірибелілігі, оның еркін материалды түрде қызықты етіп баяндауы, көрнекі құралдарды пайдалану еркіндігі, суреттер көрсету (кітап, слайд, схема, фотосуреттер). Саябақ туралы материалдар, фотоальбомдар және т.б.
Зоологиялық баққа барғанда оқушылармен жұмыс (жорық) танымжорық (зообақты мекендеушілер, табиғи ландшафтілер) ойын (экологиялық сайыстар, рөлдік ойындар) және практикалық (зообақтың объектілеріндегі экологиялық жұмыс жүргізу) білім беру түрінде өтеді..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет