Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет8/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Орташа деңгей: Жаратылыстану пәндері бойынша білімі оқу бағдарламасына толық сәйкеспеген, өлкетану білімі үстірт, халықтың рациональды, иррациональды білімдерін жартылай түсінеді; өлкетану жұмыстарындағы кейбір экологиялық аспектілерді ғана қарастырады, туған жер табиғатының сұлулығына деген қызығушылығы орташа жергілікті; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ізденіс жұмыстарын орындауда кейбір дағдыларға ие.
Төменгі деңгей: Жаратылыстану пәндері бойынша білім қанағаттанарлықсыз, өлкетану туралы түсінік қалыптаспаған, халықтың рациональды, иррациональды білімдерінің мәнін аша алмайды, мағынасын түсінбейді; туған жерінің табиғатына тамсанбайды, сезінбейді, аяламайды; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды немесе ішінара қатысады, практикалық экологиялық ісәрекетке өзінің қатысуын міндетті деп санамайды.
Жоғарыда айтылғандар мен ғылыми-теориялық еңбектерді, мұғалімдердің озат тәжірибесін талдау нәтижелерін, сонымен қатар тұтас педагогикалық процестің жүйесін және экологиялық тәрбиеі қалыптасқан тұлғаның біз құрастырған моделін негізге ала отырып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің моделін жасадық (сурет 3).
Моделдеуде оқушыларға экологиялық тәрбиеің құрылымын сипаттайтын жалпы педагогикалық-психологиялық білімдер қоры басшылыққа алынды. Соған сәйкес педагогикалық процестің жүйе құрастырушы компоненттері анықталды, олар: мақсат, міндет, принциптер, мазмұн, әдіс-тәсілдер, құралдар, формалар және нәтиже. Бұл компоненттердің мазмұны экологиялық тәрбиеі қалыптасқан тұлғаның компоненттеріне сәйкес ашылды. Жалпы, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің міндеттері үш бағытта жіктелді:
сәйкестілік өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің міндеттері айқындалды:

  • экологиялық негізгі түсініктерді, ұғымдарды, дерекнамаларды іріктеп саралап, білім қорларын толықтыру;

  • қазақ халық педагогикасы туралы түсініктер мен ұлы ғұламалардың құнды еңбектерін оқып үйреніп, табиғатты қорғауға байланысты ой түйіндеу;

  • мектептің өлкетану жұмыстарымен танысып, табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты теориялық білім, практикалық іскерліктерді меңгеру;

  • әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға деген рухани қажетсінуін дамыту.

  • экологиялық және экономикалық білім беру;

  • экологиялық және экономикалық сана-сезім берудің;

  • экологиялық және экономикалық тәжірибені дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет