Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет10/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Күтілетін педагогикалық нәтижелер және оған баға беру әдістері.
Оқу- тәрбие процесі мұғалімнің немесе тәрбиешінің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Күтілетін педагогикалық нәтижелер оқушыларға танымдық іс-әрекеттерін бақылау, бағалау және есепке алуға байланысты. Олай болса, оқушылар экологиялық білімдеріне бағытталған жазбаша түрде тест тапсырады немесе басқа да бағалау жұмыс түрлерін пайдалануға болады. Бақылау – педагогикалық басшылықтың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды, оның мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Бақылаудың мақсаты – бағдарламаны оқуға дейінгі және оқығаннан кейінгі қорытындысы. Бағалау бағдарламаның тиімділігіне тура баға береді, ал қорытындысы әрқилы формада өтетін бақылаудың түрлері (сайыс немесе викторина өткізу) және оған толықтыру болып табылады.
«Туған жер алтын бесік».
Тақырып № 1. Тараз тарихының жылнамасы (2сағат)
Айналамыздағы дүниенің неден тұратындығы. Табиғат нысаны және адам қолымен жасалатындар. Олардың үйлесімділігі және айырмашылығы.
Тараздың дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Тараздың өткені, бүгіні, ертеңі (болашағы). Таразда болған ұлы адамдардың зерттеу жұмыстарына шолу. Оларды топтастыру, бүгінгі күнмен салыстыру.
Тақырып №2. Өлкенің табиғат ландшафтісі және олардың антропогенді өзгерулері (2 сағат)
Тараздың география-экономикалық жағдайы. Табиғи және антропогенді ландшафтісі. Оларды салыстыру. Адамның іс-әрекетінен болатын табиғат деградидациясы. Өлкенің табиғи ерекшеліктері: ауа-райы, ландшафт, топырақ, су режимі. Биотоп үлгісі ретіндегі экожүйе құрылымының өлкеге тән сипаттамсы.
Тақырып №3. Тараз туралы аңыз әңгімелер олардың тәрбиелік мәні (2 сағат)
Тараз таулы-орман сілемдерінің (массив) көркем жері туралы аңыздың тәрбиелік мәні. Айша бибі атауының шығу тегі туралы аңыз әңгімелердің келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман қиялын арттырудағы рөлі.
Тақырып № 4. Тараздың флорасы мен фаунасы (2сағат)
Оқушыларға Тараздың флорасы мен фаунасын таныстыру арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің.
Тараз өсімдіктері мен жануарлар әлемінің биологиялық түрлілігі. «Қызыл кітап» және оның рөлі. Тараз өлкесіндегі «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, оларды қорғау.
Тақырып № 5. Тарихи ескерткіштер және тәрбие (2сағат)
Тараз аумағының негізгі зерттеу нысандары. Бассейн көлі –табиғат ескерткіші. Айша бибі бейіті.
Тақырып № 6. Мұраға толы мұражайлар (2сағат)
Табиғат мұражайы, Өлкетану мұражайы.
Тақырып № 7. Туған өлкенің табиғатын қорғау (2сағат)
Ерекше қорғалатын табиғи шекаралардың типі, оларға сипаттама және қорғау режимі (қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, табиғи ескерткіштер) туралы түсініктер. Саябағының зерттелу тарихы, мақсат, міндеттері. Ерекше қорғалатын өлкенің табиғи шекарасы.
Тақырып №8. Табиғатты қорғаудың өзекті мәселелері, экологиялық проблемаларды шешу жолдары (2сағат)
Экологиялық және экономикалық тәрбие, экологиялық және экономикалық сараптама, экологиялық және экономикалық мониторинг туралы түсініктер, оларға сипаттама. Экология және экономика туралы заңдар мен маңызды ресми құжаттар. Экологиялық және экономикалық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары.
Тақырып №9. Өлкетануды оқыту барысындағы оқу экологиялық соқпақтар. Орман (4сағат)
Экологиялық және экономикалық білім мен тәрбиенің рөлі. Оқу экологиялық соқпақтар. Табиғи –танымдық серуендеу соқпағы. Танымдық-туристік соқпақ және әрқайсының өзіндік ерекшеліктері. Оқу экологиялық соқпақты ұйымдастырып, өткізу. Маршрутты оқып үйрену, өткізу жолдарын қарастыру. Сақтандыру жолдарын жүргізу. Топта әркімге міндет жүктеу. Оқу танымдық соқпақта педагогикалық процестің компоненттерін іске асыру, бекіту, қорытындысын шығару. Нәтижесінде өлкетануды зерттей отырып қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің.
Экологиялық және экономикалық білім беру «Өлке байлықтары» бағдарламасы бойынша «Туған жер алтын бесік» деген тақырыпта табиғаты бай тарихи жерлердің бірі - Тараз қаласын зерттеуге алдық. «Тараз тарихының жылнамасы» атты тақырыпта Тараздың дамуы мен қалыптасуы кезеңдері, Тараздың өткені, бүгіні, ертеңі және болашағы, Таразда болған ұлы адамдардың халық мұрасы жайлы зерттеу жұмыстарына шолу жасап, оларды топтастыру, бүгінгі күндегі ғылыммен салыстырып, оқушыларға таныстырып өткен жөн.
Себебі оқушыларды елінің, жерінің тарихи жылнамасымен таныстырып өткенде, олардың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілік оянады.
«Өлкенің табиғат ландшафтісі және олардың антропогенді өзгерулері» атты тақырыппен таныстыру кезінде Тараздың география-экономикалық жағдайын, табиғи және антропогенді ландшафтісі, оларды салыстыру, адамның іс-әрекетінен болатын табиғат деградациясы, өлкенің табиғи ерекшеліктері, ауа райы, ландшафт, топырақ, су режимі пәнаралық байланыс арқылы теориялық білімдері практикалық іс-әрекеттермен салыстырылса, білімдері тиянақталады.
«Тараз туралы аңыз әңгімелер олардың тәрбиелік мәні» деген атауы бар тақырыпта Тараз төңірегінде туындаған қазақ халық тәлім-тәрбие мұраларынан аңыздардың тәрбиелік мәнін ашу - келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттыруда болашаққа үлкен сеніммен қарауға үгіттейтін таңғажайып әлеміне шолу жасалауға бағыттайтын дүние.
«Тарихи ескерткіштер және тәрбие» тақырыбында Тараз аумағының негізгі зерттеу нысандары айтылған. Бассейін көлі – табиғат ескерткіші бойынша оқушыларға саяхат ретінде рет-ретімен әрқайсысының тарихына тоқталып баяндауды қажет етеді.
«Өлкетану жұмыстарында оқу-танымдық жорықтар және соқпақтар» тақырыбында экологиялық білім беру мен тәрбиенің рөлі туралы, оқу– танымдық жорықтар мен соқпақтар, табиғи танымдық серуендеу соқпағы, танымдық –туристік соқпақ және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Оқу экологиялық соқпақты ұйымдастырып өткізеді. Маршруттарды оқып үйренеді және өткізу жолдарын қарастырады. Оқу-танымдық соқпақта педагогикалық процестің компоненттері іске асырылады, бекітіліп қорытындысы шығарылады. Нәтижесінде өлкетану жұмыстарында жасөспірімдердің ізденушілік қабілетін дамытып, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет