Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет11/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

«Табиғатым - тағдырым» атты оқушылар олимпиадасында адамның іс-әрекеті барысында жүзеге асырылатын білімдер, іскерлік дағдылар, ой-өріс, адамгершілік және эстетикалық даму деңгейі, одақтасу әдістері мен формалары – бәрі қосылып, «тұлғаның базалық тәрбие» құрайды. Білім алуға және ғылымға ұмтылудағы тұлғаның базалық тәрбиеі халық санасының тереңінен орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Ал, олай болса, тұлғаның базалық тәрбие, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп алуды жөн көрдік. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формасының бірі ретінде оқушыларға белсенділігін арттыруға септігін тигізетін – экологиялық олимпиаданы атауға болады.
Олимпиада оқушыларға жаратылыстану пәндері бойынша алған теориялық білімдерін кеңейтіп, іскерлік дағдыларын қалыптастырып, проблемалық сұрақтардың шешімін тауып, ойларын жинақтауға, экология пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.
Мақсаты - оқушыларға табиғатты қорғау туралы білім, білік, іскерлік дағдыларын анықтап, экологиялық тәрбие берудің.
Олимпиаданы үш кезеңге бөліп өткізуге болады. I. Мектепішілік, II. Аудандық, III. Облыстық. I .Мектепішілік кезеңге 5 -11- сынып оқушыларынан оқу-танымы жоғары деңгейлері бойынша іріктеледі.
Мектепішілік олимпиададан үздік деп танылған оқушылар мектеп- аралыққа іріктелген екінші кезеңге өтіп, аудандық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Әрбір аудан (қала), облыс команда жеңімпаздары үшінші тур, янғи облыстық олимпиадаға қатысады.
Педагогикалық, экологиялық және экономикалық бағыттағы білімі бар оқушылар жас ұландар, қоғам белсенділері, болашақ экологтер, қосымша білім берумен тәрбиелейтін сарайлар, сонымен қатар өзінің биология, экологиялық және экономикалық, қабілетін тексеремін деуші үміткерлердің олимпиадаға қатысуға болады. Команда санының құрамын I, II және III турға қатысушылардан олимпиаданы ұйымдастырушылар анықтайды.
Біздің мүмкіндігімізге байланысты пән мұғалімдерімен мектепішілік өлкетану олимпиадасын өткіздік. Команда жетекшісі болып мектептегі тәжірибелі мұғалімінің біреуі тағайындалады.
Оқушыларға облыстық олимпиадасымен (үшінші тур) Тараз қаласы әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты немесе білім беру департаменті т.с.с. білім беру мекемелері айналысады.
Оқушыларға кең көлемдегі олимпиада сұрақтарын құрып, шешуі үшін ұйымдастыру комитетті құрылды, олар бағдарламаны жасауға жауапты және олимпиада бағдарламасын орындауға, әділқазылар алқасының жұмыстарын қадағалауға жауапты болады. Әділқазылар алқасы құрамына білім беру департаментінің қызметкерлері, жоғары оқу орнының эколог-әдіскер оқытушылары, педагогика-психология кафедрасының оқытушылары, мектептердегі озат тәжірибелі мұғалімдер, студенттер кірді. Барлық олимпиадаға қатысушыларға арналған жиналыста әділқазылар алқасының құрамы, жұмыс жоспары аңықталып бекітіледі. Әділазылар алқасы өз жұмыстарында ұйымдастыру ұйымының бекіткен бағалау критерийлеріне сүйенеді. Олимпиадаға қатысушылардың барлығы әрбір сайыстың бағалау критерийімен таныс бола алады.
Әрбір сайыстың соныңда әділқазылар алқасы сайыстың нақты талдауы мен нәтижесі туралы ұйымдастыру ұйымына кең көлемдегі хаттаманы тапсыру керектігі айтылады. Хаттамаға барлық әділ қазылар алқасы қол қойып, қойған бағалары нақтыланып отырылады.
Олимпиада өту барысында әділқазылар алқасы ортасынан ашық дауыс беру арқылы аппеляциялық комиссия тағайындалады да, жұмыстың нәтижесі белгілі хаттамамен бекітіледі. Туындаған сұрақтар мен ұсыныстар төңірегінде сайыстың кейбір түрлеріне келіспеген жағдайда, қойылған талаптарды толық анықтау үшін ұйымдастыру ұйымына жолығуға мүмкіндік беріледі.
Олимпиаданың бағдарламасы, сайыстың тапсырмалары оқушыларға алған теориялық білімдері мен өмірлік тәжірибелерінен, оқу іс-әрекетіндегі тәжірибелерінен, сонымен қатар олимпиадаға келгендердің талап, тілектері бойынша да құрастырылады.
Тапсырма және сайыстар оқушыларға жалпы оқу-танымдық дамуының деңгейлері, ой-өрісі, ойлау ерекшеліктері, ес, елес, ұйымдастырушылық, қарым-қатынас іскерліктері, сонымен қатар қолданбалы қабілеттіліктері (байқау, елестету, логика, ой жинақтау, тұрақтандыру және т.б. қабілеттіліктері) тексеріледі.
Олимпиада бағдарламасы командалық және жеке сайыстар болып екіге бөлінеді. Барлық сайыс бес балдық жүйе бойынша бағаланады.
Сайыстық бағдарлама аяқталған соң, команда капитаны ұйымдастыру комитетіне сынақтық қағаздарын тапсырады (командалық және жеке). Командалық және жеке жиналған сайыстың, жалпы балдары бойынша команда жеңімпаздары ерекше аталады. Олимпиадаға қатысушылардың жеке жетістіктері сайыстың бөлек нәтижелері бойынша және жалпы олимпиада бойынша жеңімпаздар анықталады.
Оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта, сабақтан тыс уақытта үйрету. Сын тұрғысынан ойлау белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелілікке түсіріп қолдану болып табылады. Жас балалар өз даму деңгейіне байланысты ойы шыңдалып, кез келген нәрсеге сын көзбен қарай алады. Сөз бен іс-әрекет дәлел болу үшін «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелер» атты тақырыпта сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқушыларды қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарас берудің. Қойылған мәселелердің шешімін өз бетімен табу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың дамуына мүмкіндік беру.
Сынып оқушылары топ болып отыру үшін парталар алдын ала ыңғайланып қойылады. Тақтада балаларға арналған ереже тұруға тиіс.
Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты .
Айналадағы ортаны қорғау және экологиялық мәселелер жайлы толық ақпарат алып, өз білімдерімен салыстырып, талдау жасау мүмкіндігі анықталады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Берілген ақпаратты зерттеп, талқылап, экология жайлы алған білімдерін салыстырып, талдау жасау мүмкіндігі жасалады.
3. Топпен жұмыс.
Шығармашылық жұмыстарды іске асырып, бірлесіп, кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды, ұжымдағы іс-әрекет іске асады.
Көрнекі құралдар.
Экологиялық тәрбиелік мәні бар кітаптар көрмесі, кесте картасы, оқушылар есте сақтайтын ереже – плакат.
Барысы:
Оқушыларға еркін ойлауына, тақырыпты ашық талқылауына мүмкіндік беру үшін, оқушыларды топқа бөліп алады.
1.Тақырыпқа қызығушылықты ояту сатысы.
Тақырыбы: « Айналадағы ортаны қорғау, экологиялық мәселе»
1. Ой қозғау стратегиясы.
Жеке жұмыс.
а) Балаларға бес минут ішінде айналадағы қоршаған ортаны қорғау, табиғат, экологиялық мәселелер жайлы не білетіндерін, тақырып төңірегінде ойларына не келеді, соны жинақтап жазу керектігі тапсырылады. Тапсырма жеке орындалады.
Жұппен жұмыс.
б) Табиғат, экология, айнала қоршаған орта жайлы берілген тапсырма екі адам біріге ой бөлісіп, пікірлесе талқылайды.
Топпен жұмыс.
в) Берілген тапсырма бойынша балалар шағын топта өз ойларын ортаға салып, талдап, талқылап, ақпараттары кеңейтіледі әрбір оқушыда жауапкершілік сезім пайда болады да, араларынан бір спикер сайланып ортаға жинақталған мәліметтерді баяндайды.
Бұл іс-әрекеттерден байқауға болатын жағдай - балалардың жаңа материалды меңгеруге дейінгі ақпараттарының қаншалықты бар екенін бақылау, тексеру, ойлау қабілеттіліктерінің құндылығын бағалау.
Оқушыларға оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және іске асыру әдістерін негізге алып, оқу материалын оқытушы бірізділікпен жүйелі деректерге сүйеніп, балалардың білім, білік, дағдысын берудің мақсатында жаңа материалды бастапқы біліммен байланыстыра баяндайды.
Әрбір уақыт кезеңінде зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз ете білу бағытында проблемалық сұрақтардың туындауына мүмкіндік беріп, оқушыларға қызығушылықтарын арттыруына септігін тигізу қажеттігі туындайды.
2. Мағынаны ажырату сатысы.
Мұғалім хабарлаған жаңа ақпаратты әр оқушы өз жазғанымен салыстырады да, келесі тапсырманы орындайды (5 кесте).

Кесте 5 - Білемін. Үйрендім. Білгім келеді



Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Ауа, су, өсімдіктер, жан-жануарлар. Қызыл кітапқа енгізілген сирек
кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлар т.б.

Экология «ойкос»грек
сөзі « үй, баспана» ұғы-
мы нем.биол. Э.Геккель. (1968)ж.

Экологиялық қауіптен
қорғау жолдары.
Қалдықсыз өндірістерді ойлап табу. Флора, фауна.

Оқушылар уақытты үнемдеп, барлық топ мүшелерінің шығармашылығын дамытып, оларды тыңдауға мүмкіндік беріледі. Кестеде толықтырулар, ұсыныстар, жаңа ойлар болуын қажетсінеді.
Кестені толтырып болған соң, топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғайды.
3 сатысы. «Айнала қоршаған ортаны қорғау» атты оқу- тәрбие сағатының келесі желісінің тапсырмасы.
Оқушылар ауызша, жазбаша жинақтаған материалдарын біріктіріп, кіріктіріп, толықтырып, бір жүйеге келтіріп, өз ойларының қаншалықты құнды екенін дәлелдеу мақсатында сурет арқылы бейнелейді. Топтағы оқушылар « Табиғатты қорғау » тақырыбы бойынша сурет салады.
Бұл оқыту стратегиясы – негізгі идеяны суреттеу деп аталады.
Осы оқыту-тәрбиелеу моделінен көретініміз:

  1. Оқыту-тәрбиелеудің мақсаты психологиялықпедагогикалық тұрғыдан орындалады;

  2. Оқушылар жаңа ақпаратпен өз ақпараттарын салыстыра аладың;

  3. Оқыту, тәрбиелеу процесінде барлық оқушылар толық белсенді араласа алады;

  4. Пікір алмасу жүзеге асады;

  5. Оқушыларға ақыл-ой әрекеттері белсендендіріледі және оларда сын тұрғысынан ойлай білу әрекеті дамытылады.

Қорыта келгенде, М.Жұмабаев айтқандай, жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің – ақыл көріністері (таным процестері), ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің (сезімдері мен эмоциялар) және қайрат көріністерінің (ерік процестерінің) – дамытылуы сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

2.2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің бойынша тәжірибелік жұмыс


Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің тәжірибелік жүйе жасауға мүмкіндік берді. Ол 2012-2014 оқу жылдары Тараз қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінде үш кезеңдік сынақтан өтті:


Мектептің экологиялық және экономикалық өлкетану жұмыс жүйесінің негізі мен бірізділігі нақты іс-әрекеттер барысында іске асыруды қамтиды. Аталған жұмыстарды жүргізу, яғни мектептегі экологиялық және экономикалық өлкетану ретінде пәнаралық байланыс, пәнішілік байланыс, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану, оқушыларға бұрынғы және бүгінгі күнгі экожүйемен танысуға бағытталған әрекеттерінің бірлігін ұйымдастыру, аймақтық проблемалармен байланысты тұрғылықты экологиялық және экономикалық өлке проблемаларын анықтау, оларды шешудің жолдары мен оқушыларға оны жетілдіруге болатын жолдарын іздестіруді қажетсінеді.
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиенің төмендігі және осы бағыт бойынша бірізді әдістемелік жүйенің жоқтығы қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің экспериментін жүргізу қажеттігін туғызды. Зерттеліп отырған экологиялық тәрбиені берудің өте ұзақ және күрделі процесс болғандықтан, жалпы орта білім беретін мектептердің негізгі орта білім беру оқушыларын экспериментке қатыстырдық.
Эксперименттің мақсаты – өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын сыныпта, сыныптан тыс уақытта пайдалану арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиемен қамтамасыз ету. Оның міндеттері - Тараз қаласының мектептерінде оқылатын биология, экология, экономика және өлкетану пәндерініне қосымша мүмкіндіктерді пайдалану, ата – аналар мен мұғалімдерді іске жұмылдыру. Факультатив курс бағдарламасы мен үйірме жұмысы бағдарламаларын жасап, сынақтан өткізу, мектептен тыс, сыныптан тыс алуан түрлі тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүргізу, өлкетану жұмыстарында теориялық білімдері мен практикалық іс-әрекеттерін ұштастыру, оқушыларға экологиялық және экономикалық білімі мен тәрбиесіне қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалана білу іскерліктерін берудің және оны өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету болып табылады.
Осы аралықта өткізілетін жұмыстардың мазмұнына тоқталатын болсақ, сабақ және сабақтан тыс жұмыстар негізінде біз қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруге мүмкіндік жасайтын барлық жағдайды қарастырдық. Осыған орай, биология, экология, өлкетану пәндері бойынша мектеп бағдарламаларына талдау жасадық. Оқушылар экологиялық және экономикалық, өлкетану материалдары мәліметтерінің мазмұнын оқып-үйренуді, оны меңгеру түрлері жасөспірімдердің экологиялық тәрбие берудің үшін қолдануға болатын кейбір аспектілерді қарастыруға болады. Экология және экономикалық, өлкетану пәндері жалпы білім беретін мектептерде негізгі пән ретінде қарастырылмай, тандап алу ретінде қолданылатын пән болып есептеліп келеді.
Алайда экология және экономикалық, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәселелері қарастырылмаған. Сол себепті тәжірибе жұмысы барысында, өлкетану жұмыстарында, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалануды іске асыру мақсатында оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын іздестіруді жөн көрдік. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруге арналған тәжірибелік жұмыстың нәтижелері үш кезең бойынша жүйеленді.
Бірінші кезеңдегі анықтаушы эксперимент барысында, мектептердің оқу-тәрбие процесінде, өлкетану жұмыстарында, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдаланудың деңгейі аңықталды. Оқушыларға өз өлкесі туралы, халық педагогикасы туралы білімдері, түсініктері, оларды керекті жерде пайдалана білу дағдылары тексерілді. Белгіленген деңгейлер сауалнама, тест және оқушыларға шығармашылық жұмыстары арқылы тексерілді. 1 - кезеңнің анықтау эксперименті бірінші диагностика (кесінді) нәтижелері, төмендегідегіде қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

  • оқушылар өз жеріндегі қоршаған ортаның жағдайын бағалау кезінде алған теориялық білімдерін қолдауда біршама қиындақтарға тап болады;

  • антропогенді ықпалдың жергілікті экожүйеге әсерін болжауда экологиялық мәселелерді шешуде, көптеген қиындықтарға кез болады;

  • оқушыларға жартысынан көбі қоршаған ортаны қорғаудағы өздерінің көмегін бағалай алмайды;

  • ең алдымен өлкетанудың оқу процесіндегі маңыздылығына қарамастан, өлкетану жұмыстарына көңіл бөлінеді;

  • жергілікті жердің (әсіресе өз өлкесінің) табиғатын, оның ерекшелігін оқып білу арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жайында зерттеу жұмыстарына аз көңіл бөлінеді.

Педагогикалық теория мен практиканы талдау нәтижесі бізге оқушыларға экологиялық тәрбие берудің туралы білім беретін мекемелерде жағымды ұйымдастырылатын жағдайларға тікелей байланысты деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, бақылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер жасөспірімдердің табиғатқа сүйіспеншілік, ұқыптылық қарым-қатынас, қазақ халық педагогикасы туралы түсініктері жалпылама, табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажеттілігін түсінетіндігі анықталды. Бірақ әлі де болса табиғатты қорғау ісінде оқушыларға экологиялық тәрбиеің қалыптасу деңгейінің төмен, қазақ халық педагогикасы туралы білімдері тек қарапайым жалпылама түрде сипаттай алатыны, экологиялық білімдері мен мінез-құлықтары арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі көрінеді. Зерттеу әдістерінің көмегімен үш компонент бойынша (танымдық, эмоционалды, мінезқұлықтық ісәрекет) өлкетану жұмыстары аясында оқушыларға экологиялық тәрбиеің деңгейі анықталып, нәтижесінде халық педагогикасы құралдарын пайдалану бойынша оқушылар білімінің саяздығы байқалды. Анықтау экспериментінің нәтижесі оқушыларға экологиялық және экономикалық проблемаларға қарым-қатынасының немқұрайдылығын, эмоционалды күйзеліспен және практикалық ісәрекетпен бекітілетін тұлғалық қарым-қатынасының жоқтығын дәлелдейді. Оқушыларға табиғатты қорғаумен байланысты білімдерін және іскерліктерін беруде мектеп оқу-тәрбие үрдісінің мүмкіндіктері мол. Балалардың экологиялық және экономикалық тәрбиені тек жаратылыстану пәндері сабақтарында ғана емес, гуманитардық курстарды оқытуда, сыныптан және сабақтан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мектептегі өлкетану жұмыстарында оқушыларға табиғатты қорғаумен байланысты экологиялық білімдері мен біліктіліктерін берудің тиімді және перспективті бағыттарын қарастырамыз. Оқушыларға жергілікті, нақты экологиялық және экономикалық мәселелерді шешумен байланысты болған ұжымдық немесе өз бетінше іс-әрекеттері олардың табиғатты қорғау туралы білімдері мен дағдыларын жоғары сапалық деңгейге көтереді. Бірақ ғылыми талдау және нақты іс-тәжірибе нәтижелері оқушыларға экологиялық білім беру мен оларды тәрбиелеуде әзірше күтілетін нәтижелердің тиімділігін көру - ұзаққа созылатын процесс, нәтижесін байқау қиын, себебі, мектептегі экологиялық білім көбінесе теория жүзінде, нақты экологиялық және экономикалық мәселелерді практика барысында шешуден тыс іске асырылып жатады. Білім беру жүйесіндегі өлкетану жұмысы оқушыларға табиғатты қорғаудағы халық педагогикасына қажетті маңызды құралы болып табылады. Оны ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жағдайын қанағаттанарлық деуге болмайды. Мұның негізгі себебі мұғалімдердің экологиялық және экономикалық бағыттағы өлкетану жұмысын ұйымдастыруға қазақ халық педагогикасы материалдарын пайдалану дайындығының жеткіліксіздігі мен бұл мәселе бойынша қажетті біліктілік дағдылар жүйесіне ие еместігіне байланысты. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудеғы мектептердегі жағдайын үйренуге байланысты жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде мектептердегі өлкетану жұмысына байланысты қалыптасқан төмендегідей жағдайды байқауға болады:

  • өлкетану жұмыстарына байланысты іс-әрекеттер, негізінен, сынып жетекшілердің тәрбие жоспарынан тыс қалғаны;

  • мектеп пен мектептен тыс қоғамдық ұйымдар, ЖОО қарым-қатынасының халық педагогикасы мен этнопедагогика салалары бойынша курстарға көңіл бөлінбеуі, жолға қойылмауы;

  • мектептерде жаратылыстану пәндері, қазақ халық педагогикасы пәні арасында пәнаралық байланыстың жеткіліксіздігі;

  • экология пәнінің оқу-әдістемелік кешендерде қазақ халық педа-гогикасының құралдарымен қамтамасыз етілмеуі;

  • өлкетану жұмыстары бойынша білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттарының сақталмауы;

  • өлкетану жұмыстар жүйесінің жасалмауы көңілге кірбің түсіреді.

  • жалпы білім беретін мектептерде экологогиялық-өлкетану жұмысымен жекелеген мұғалім ғана айналысады: көбіне биологтер және географтар;

  • балалардың ізденістік жұмыстары аз жүргізіледі, көбіне бұл жұмыстар кешенді түрде өтпейді және басқа да тәрбиелік мәні бар жұмыстармен байланысы аздығы байқалады;

  • санаулы оқушылармен сыныптан тыс уақытта факультатив, үйірме, апталықтар арқылы жұмыстары жүйесіз, ретсіз жүргізіледі;

  • жалпы білім беретін мектептерде экологогиялық – өлкетану жұмысымен жекелеген мұғалім ғана айналысады, көбіне биологтер және географтар;

  • балалардың ізденістік жұмыстары аз жүргізіледі, көбіне бұл жұмыстар кешенді түрде өтпейді және басқа да тәрбиелік мәні бар жұмыстармен байланысы шамалы;

  • санаулы оқушылармен сыныптан тыс уақытта факультатив, апталықтар арқылы жұмыстары жүйесіз, ретсіз жүргізіледі. Көрсетілген кемшіліктердің шешімін табуда қазақ халық педагогикасының құралдарын кешенді, жүйелі, саналы пайдалану арқылы жүзеге асыруға болатының қоғам талабы дәлелдейді. Жалпы мектепте оқушылармен экологиялық және экономикалық өлкетану жұмыстарын жүргізу жүйесіне көңіл аз аударылады. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді мектептің тұтас педагогикалық процесіне жоғарыда аталған педагог ғалымдардың халық педагогикасына арналған еңбектерін мектеп тәжірибесінде жүйелеп қолдана алмауы арасындағы қайшылықты, экологиялық бағыттағы іс-шараларды мектеп мұғалімдері мен басшыларының өз тәжірибелерінде ұстанбаулары экологиялық және экономикалық өлкетанудың педагогикалық негізін түсінбеушіліктеріне байланысты деп есептеледі. Сонымен қатар орта блім беру мемлекеттік стандартында өлкетану сабақтары қарастырылмағаны. Бірақ типтік оқу жоспарына экологиялық және экономикалық тәрбиені беруге қатысы бар пәндер енгізілген. Биология бағдарламасы 5 - сыныптағы жаратылыстануға 68 сағат, 6 - сынып бойынша 51 сағат, 7 - сыныпқа 68сағат, 8 – сыныпқа 48 сағат; экология 9 - сыныпқа 55 сағат санына арналған. Содан кейін 3 күндік танымжорықпен (18 сағат аяқталады. Барлығы 114 сағат, аптасына 1 сағаттан курстың соныңда емтиханмен аяқталады. Аталған пәндердегі табиғат ресурстары, табиғат бірлестіктері, биосфера туралы түсініктер, экология негіздері және табиғат қорғау тарауларындағы берілген білімдерді ескере отырып, оны тереңдетіп әрі экологиялық ғылымының жүйелі негізінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді мақсат етеді. Сол себептен экология арнайы курсын оқыту негізгі мектеп, лицей мен гимназиялардың 9 сыныптарына жоспарланған.

Жалпы орта білім беру мектептерінде экология және экономика арнайы курсын оқыту лицей мен гимназияда жаратылыстану, биология, география пәндерімен қатар жүреді. Мәселен, экология курсы 8 сыныпта оқытылып, 13 ең басты күрделі тақырыптан құрылып, 32 сағатқа жоспарланған, 9-10 - сыныптарда 7 тақырыптан тұрады, мысалы 8 - сынып оқушыларына арналған экология бағдарламасына берілген кейбір тақырыптарға қысқаша сипаттама берейік. Мәселен, экология курсы 9 сыныпта оқытылып, 4 үлкен тараудан тұратын 51 сағатқа жоспарланған бағдарламанысында берілген кейбір тақырыптарға сипаттама берейік.
Сыныптан тыс уақытта өткізілетін тәрбие жұмыстарын талдау барысында жасалған сын ескертпелер:

  • биология, георафия, химия бағдарламаларында экологиялық және экономикалық түсінік берілмеген. Олар табиғатты қорғау сан түрлі сезімді оятудан гөрі жеке сандық фактілер жинағы ретінде берілген;

  • Қазақстан аумағы бойынша ұлттық тұрғыда туған жерге деген қадірқасиеттерді берудің мәселесі қарастырылмаған;

  • экологиялық және экономикалық білім беру пайдаланып жүрген оқу бағдарламаларының көлемімен ғана шектелген, қазіргі көкейкесті мәселелермен байланыс қамтамасыз етілмеген;

  • жаратылыстану пәндеріне қазақ халық педагогикасы материалдары енгізілмеген, «өлке», «өлкетану», «өлкетану жұмыстары» элементтері қолданылмаған.

Диагностика нәтижесінде келесідей қорытынды жасадық: орта буын оқушылары өлкетану материалдарын саралай алмайды; олардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына деген қызығушылығы төмен; табиғатқа сүйіспеншілікті, ұқыптылық қарым-қатынасты, табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажеттілігін түсінетіндігі байқалды, бірақ экологиялық және экономикалық білімдері мен мінез-құлықтары арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі көрінді; мұғалімдер өлкетану жұмыстары негізінде оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруге аса көңіл бөлмейді, жаратылыстану сабақтарында қазақ халық педагогика материалдарын аз пайдаланады. Анықтау экспериментінің нәтижесі төменгі 7, 8, 9, 10 - кестелерде көрсетілген. Зерттеу барысында оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие моделдеуде тұлғаның құрылымын сипаттайтын педагогикалық-психологиялық білімдер қоры басшылыққа алынды. Мектептің пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен жүргізілген сауалнама бойынша төмендегі мәселелер айқындалды: кейбір мектептерде, мысалы №57 мектебінде өлкетану пәні қосымша пән ретінде оқытылады; Мұғалім оқулықта берілген тақырыптардың мазмұнын ауызша баяндау әдісі арқылы түсіндіреді; оқу бағдарламасында қазақ халық педагогикасының элементтері енгізілмеген; өлкетану туралы өздерінің білім тәжірибелері шамалы; ата-аналар өлкетану туралы өмірде алған тәжірибелері арқылы тәрбиелей алады. Осы мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың, әдіс-тәсілдердің қарастыратын әдістемелік құралдар жоқ. Эксперимент жұмысы қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде студенттердің ата-аналарымен жұмыс істей білу іскерлігін берудіңды да қарастырды. Әрине, біздің ата аналармен қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің саласындағы ата-аналардың мүмкіндіктерін жанжақты саралап, бағамдай алмайды. Ата аналарды екі топқа бөліп алып эксперимент жүргіздік. Бірінші топтағы ата-аналар балалар тәрбиесінде қазақ халық педагогикасы құралдарын сыныптан тыс уақытта пайдалану қажеттігіне сенеді. Екінші топтағы ата-аналар жалпы қазақ халық педагогикасы экологиялық және экономикалық мәселе жөнінде білімдері таяз ата аналар болды. 1-топтағы ата-аналарды өлкетану жұмыстарына қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалана отырып экологиялық және экономикалық бағытқа бағытталған тәрбиелік іс шараларға қатыстырдық.
1-топтағы ата-аналар өлкетану жұмыстарына байланысты шығармашылық іс-әрекеттерге, балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуге, отбасындағы өзінің экологиялық және экономикалық тәрбие тәжірибесін насихаттауға қатыстырылды.
ІІ топтағы ата-аналармен жұмыс барысында балаларды экологиялық және экономикалық тәрбие беруге даярлау бойынша жұмыстар жүргізді. Оның мазмұны төмендегідей:

    • ата-аналардың қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға тәрбие беруге байланысты білімдерін кеңейту, оған деген қызығушылықтарын арттыру;

    • ата-аналардың оқушы экологиялық және экономикалық тәрбиесінде қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық және экономикалық тәрбие берудің жөніндегі шығармашылығын пайдалану әдістемесі негіздерімен таныстыру.

Зерттеу нәтижелері бойынша, ІІ топтағы ата-аналармен жүргізген жұмыстары олардың отбасындағы экологиялық және экономикалық тәрбие беру әдістемесі бойынша педагогикалық іскерліктері берудің мен білімдерді меңгеруге септігін тигізгендігін көрсетті. Себебі ата-аналардан балалары үлгі-өнеге алып, үйрету үшін атааналардың өздері де жан жақты болып, экологиялық және экономикалық сауатты болу мен өз бетінше білімдерін жетілдіруді қажет етеді.
Эксперимент Тараз қаласы № 58, №57, Тараз №44 мектебінде т.б. үш кезеңде (анықтау, қалыптасу, бақылау) жүргізілді. Экспериментке 79 оқушы қатысты. Әрбір кезең нақты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік міндеттерді көздеді.
Бірінші кезеңде бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдаланудың деңгейі айқындалды. Оқушыларға өз өлкесі туралы білімдері, түсініктері, оларды керекті жерде пайдалана білу дағдылары тексерілді. Белгіленген деңгейлер сауалнама, тест және оқушыларға өздік жұмыстары арқылы тексерілді. Бұл мектептің оқушылары өлкетану жұмыстарында қазақтың аңыз әңгімелерін, тыйым сөздердің басты ерекшеліктерін де ажырата алды. Мұнан шығатын қорытынды ауыл балаларының табиғат аясында тікелей болуына мүмкіндік бар екендігінің нәтижесі деп білеміз.
Осылардың негізінде төмендегідей қорытынды жасадық: орта буын оқушылары өлкетану материалдарын танып білмейді; мұғалімдер жаратылыстану сабақтарында, өлкетану материалдарында қазақ халық педагогика материалдарын аз пайдаланады; бұл - оқушыларға экологиялық тәрбие беруге кедергі келтіреді; оқушылар өлкетану материалдарын саралай алмайды, олардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына деген қызығушылығы төмен; оқушылармен бақылау, тәжірибе жұмыстары жүргізілмейді; осы мәселені талдайтын мұғалімдерге арналған арнайы әдістемелік құрал жоқ мұғалімдердің өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру шеберліктері төмен; өлкетану жұмыстары негізінде оқушыларға экологиялық тәрбие беруге көңіл бөлмейді.
Сонымен қатар туған жерінің табиғатын зерттеу дағдыларының қалыптаспағандығы, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының материалдары аз пайдаланылатыны байқалды. Мұны біз № 58, 47 мектептерде 6 сынып бойынша алынған сауалнаманың нәтижесінде анықтадық. Мәселен, оқушылар табиғат, қоршаған орта, айнала қоршаған орта туралы не білетіндерін айта алмайды.

Кесте 6 – Оқушыларға экологиялық және экономикалық білімдерінің қалыптасқан деңгейі (анықтау эксперимент)



Көрсеткіш

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Жаратылыстану пәндері бойынша білімдер

16,6

83,4

0

16,7

83,3

0

Өлкетану бойынша білімдер

5,3

16,8

77,9

4,9

16,6

78,5

Халықтың рацио-налды және иррационалды білімдері туралы түсініктер

7,2

32,4

60,4

6,6

34,8

58,6




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет