Информационное письмо



бет20/43
Дата14.04.2022
өлшемі5.83 Mb.
#456688
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
ПОӘК Педагогика Л.М.Маденова 2020-2021гг

Тірек ұғымдар: білім беру, заң, мазмұн, категория, тәсіл, тәжірибе, мәдениет.
Жоспары:
1.Оқыту әдістері және олардың функциясы туралы түсінік.
2. Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау.
3. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификациялау.
Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық. Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету. Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.

  2. Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?

  3. Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады?

29-30 Дәріс тақырыбы: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет