Инклюзивті білім беру ортасы


Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама



бет21/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
ИББО дәрістер

Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама

Ақыл ойы кемтарлығы деген кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауықуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады
Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияға ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.
1960-1970 жж. жалпы білім беру жүйесінде өткен реформалар мектептердегі оқу бағдарламаларын күрделендірді. Бұл шаралардың салдарынан оқуда үлгермейтін оқушылардың саны көбейіп, ғалымдарды бұл жағдайды зерттеуге шақырды (Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, В.И.Лубовский, В.И.Лебединская т.б.).
Психикалық дамуы тежелген балалар деген терминді Т.Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. ПДТ баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың әсерінен пайда болды. Қазіргі кезде дифференциалды психодиагностиканың дамуына байланысты ПДТ балаларды психологиялық – педагогикалық зерттеулер үлкен жетістіктер мол нәтижелерге қол жеткізген Қ.С.Лебединская ПДТ балалар этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:
1 топ-конституционалдық тежелу
2 топ-соматогендік тежелу
3 топ-психогендік тежелу
4 топ-церебралды-органикалық тежелу.
ПДТ барлық түрі бір-бірінен құрылуынан және инфантилизмнің құрылысы мен нейродинамикалық бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жалпы ерекшеліктері:
1.ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.

  1. Қалыпты дамыған балаларға қарағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.

  2. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

    • ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;

    • фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;

    • анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.

    • сөздік қорының шектелуі;

    • байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.

  3. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін ескере топтарға бөлуге болады.

  • Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;

  • Дыбысты талдауының дамымауы;

  • Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.

  • Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік – еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.

  • Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский – Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.

  • Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық – токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.

  • Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, қантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрықтың, миының дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған дәрілік препараттарды қолдану ұрықты уландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақтанбауы, әртүрлі дене және психикалық жарақаттар, әйелдің зиян өндірісте жұмыс істеуі, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикалық ауруы түрінде көрінетін, анасы және ұрпақ арасындағы резус – фактор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бұзылысының себептерінің бірі.

  • Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жарақат етеді.

  • Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоэнцефалит т.б.) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себептері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.

  • Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында қызылшамен аурса болашақ баланың ақыл ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.

  • Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің құрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы – олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға қабілетті, бірақ ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін құрайды.

  • Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ – бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды – деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысалы: 4 жастағы балада деменция фразалық сөйлеуін, өзін-өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығының төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының зақымдалуымен қатар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байқалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байқалады. Ақыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-құлық әрекетті реттеу бұзылыстары.

  • Ақыл-ой кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш деңгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік,нақұрыстық.

Ресей Білім беру академиясының коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері В.В.Воронкованың жетекшілгімен көмекші мектептердегі оқушыларың оқу білімдер деңгейіне сәйкес педагогикалық топтастыруын әзірлеп, енгізілген. Акыл-ойы кем балалардың оқытылуының негізгі көрсеткіштері:
1. Ойлау қабілетінің жалпылығы, соның ішінде білім мен икемділіктің жаңа жағдайларға байланысты көшірілуі.
2. Ойлау қабілетінің сөйлеу-логикалық және практикалық компоненттерінің байланысымен анықталатын саналылығы.
3. Тапсырманы шешудегі өзінділігі.
4. Оқушылардың көмекті қабылдауы,олардың үлкендер жағынан берілген көмектің мінезділігі мен көлеміне реакциясы.
Осы көрсеткіштер негізінде оқу материалдарын қабылдау мүмкіншілігіне қарай оқушыларды төрт топқа бөлуді ұсынады.
1 топ. Фронтальді оқу процесінде бағдарлама материалдарын жақсы меңгеретін оқушылар. Барлық тапсырмаларды олар өздігімен орындайды, негізінен жаңа жұмысты орындағанда бар тәжірибесін дұрыс қолдана біледі. Өздерінің іс-қимылдарын сөзбен түсіндіре білуі олардың бағдарлама материалдарын дұрыс қабылдағандарын дәлелдейді. Оларға жалпылықтың кейбір деңгейлері тиімді. Алынған білім мен дағдыларды бұл оқушылар практикасында басқаларға қарағанда табыстырақ қолданады. Салыстырмалы күрделірек тапсырмаларды орындағанда оларға үлкендердің белсендіретін шамалы көмегін қажет етеді.
2 топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын қиыншылқпен орындайды. Оқу барысында бұл балалар бірінші топтың оқушыларына қарағанда біршама үлкен қиыншылықтар сезінеді. Олар негізінен мұғалімнің фронтальді түсіндіргенін ұғады, өйткені материалды есте сақтайды, бірақ көмексіз қарапайым жалпылаулар мен қорытындыларды жасай алмайды. Олар жұмыстардың барлық түрлерін өздігінен аз орындайды. Олар мұғалімнің белсендіретін және де ұйымдастырушылық көмегін бірдей қажет етеді. Білімнің жаңа жағдайға көшуінде негізінен қиналмайды. Бірақ оқушылардың жұмыс темпі төмендейді, маңызсыз көмекпен дұрысталынатын қателер жібереді. Өздерінің іс-қимылдарын түсіндіру екінші топтағы балаларда жеткіліксіз нақты, жалпылықтың төменгі деңгейінде ашық бағдарлама ретінде беріледі.
3 топ. Оқушылар жеңілдетілген оқу бағдарламамен оқытылады. Көмектің түрлерін қажет етеді (сөздік – логикалық, көрнекілік және құралдық-практикалық). Бұл оқушыларға қайталап айтылған материалдарды жеткіліксіз қабылдауы тән (ережелер, теориялық дәлелдемелер, деректер). Оларға тақырыпта екіншілік және негізгі бөлімдер арасындағы байланыстарды анықтау қиын. Фронтальді сабақта материалды жақсы түсіне алмайды, қосымша түсіндіруді үнемі қажет етеді. Жұмысты өздігінен орындауы төмен, материалды қабылдау темпі екінші топқа қарағанда аса төмен.
4 топ. Бұл топтың балалары пәндердің негізгі мағыналылығын қабылдай алмағандықтан жеке бағдарламамен оқытылады. Оларға жазылған хаттың негізін түсіну үшін қарапайым санауға, оқытуға қажет ең төменгі жүйесі арналады. Бұл балалар жаттығулардың үлкен санын орындауды, оқытуға қосымша әдістерді енгізуді, жұмыс уақытында бірыңғай бақылау мен бағыт беріп отыруды қажет етеді. Кейбір деңгейде өздігінен қорытынды жасау, өткен тәжірибені қолдануға олардың мүмкіндігі жоқ. Оқушыларға кез-келген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет нақты түсіндіру керек. Олар өздерінің жұмысындағы қатені көрмейді, байқамайды, әрбір келесі тапсырманы жаңа қалыпта қабылдайды. Білімдері таза механикалық бекітіледі, тез ұмытылады. Бұл топтағы балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында оқыту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет