Инклюзивті білім беру ортасы


Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар



бет22/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
ИББО дәрістер

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар. Сөйлеу бұзылыстарының биологиялық және әлеуметтік себептері. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және қарым-қатынас ерекшеліктері.


Логопедия – сөйлеу тілі, оның дамуын, бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзету мен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедия өз дамуында неврология, нейропсихология, нейролингвистика, психология мен педагогика ғылымдарына негізделеді. Аталмыш ғылымдар логопедия үшін өз маңыздылығын білдіреді, өйткені сөйлеу тілдің бұзылыстарының пайда болу механизмін, кемістіктін құрамын ғылыми тұрғыдан зерттеп, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді
Сөйлеу тілінің дамуы мен оның кемістіктерін түзету мен сақтандыру логопедиялық ықпал жасау логопедияның негізгі бағыты есептеледі. Логопедияның маңызы тілдің әлеуметтік маңызымен тығыз байланысты. Тілдің белгілі екі қызметі бар, біріншісі – адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде пайдалану болса, екіншісі – айтайын деген ойды жеткізу мен түсіндіру құрал ретінде. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттын күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінісіп, дегеніне жете алмас еді.
Тілдің сөйлегенде зақым алуы, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне немқұрайлы, қалғырт қараған соң, сөзінің сүлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістігі немесе тұтықпа сияқты сөйлеу тілінің кемістіктері мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себепті болса, есейгенде мамандықты таңдауына да қиын түседі.
Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалар көбінесе орта жүйке жүйесінде функционалды немесе органикалық ауытқушылақтармен ерекшеленеді.
Мидың органикалық зақымдалу салдарынан бұл топтағы балалар ыстықты, қапырықты, көлікті көтере алмайды, бас ауру мен айналу байқалады. Сонымен бірге көбісінде тепетеңдікті сақтау мен қимыл-қозғалыстарында, әсіресе ұсақ моторикасында түрлі жетіспеушіліктер болады.
Бұл балалар тез шаршағыш, қозғыш болып сипат алады, бір орында отыра алмайды. Көңіл –күйлері құбылмалы, тез ашуланалып мазасызданады. Осы себептерге тәуелді оқу әрекеті де балаларға қиынға түседі. Зейіні тұрақсыз, есте сақтауы төмен, өз істерін бақылау қиын.
Функционалды зақымдықтары бар балалардың эмоциялық дамуы тұрақсыз, невротикалық көрсеткіштерді байқауға болады, әсіресе мінез-құлқысында ашулану немесе тұйықтану сияқты.

Сөйлеу тіліңде кемістігі бар балаларды жиі кездесетің кемістіктер түрлері:


Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың бұзылуы. Этиологиялық себептер негізінде дислалияның екі түрі бар: механикалық және функционалды дислалия. Механикалық дислалия дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары мен қызметті атқаратын сөйлеу тілі мүшелерінің ауытқушылықтарына тәуелді, ал функционалды дислалия қоршаған ортада сөйлеу тәртібіндегі жағымсыз әсерге байланысты пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет