Инклюзивті білім беру ортасы



бет19/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
ИББО дәрістер

6. Құрдастарды қолдау.
Құрдастарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы әлеуметтендіру процесіне кіретін интервенциялар мектеп ішіндегі баланы әлеуметтендіру мен оқытудың әртүрлі әдістерінің ішіндегі ең перспективалы болып саналады. 1) барлық сыныптың қатысуы;2) микротоптардағы өзара іс-қимыл; 3) "бір-бірден"стратегиясы.
Қазіргі заманғы инклюзивті білім беру ұйымы әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік интеграциясын ынталандырудың барлық стратегияларын, соның ішіндеЕББҚ бар балалар мен олардың құрдастарының ресурстарын және өздерін тартуды қолдануы керек.


Дәріс7. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балалар. Есту қабілеті бұзылған балалар топтары: естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау балалар. Есту қабілеті бұзылған балалардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, эмоционалды саласы және жеке ерекшеліктері. Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері. Көру қабілеті бұзылған балалар.
Сурдопедагогика – (латын сөзінен шыққан “surdus” аудармасы саңырау деген мағынаны білдіреді) арнайы педагогиканың бір құрамы, естуінде ауытқуы бар балаларды және ересектерді оқыту мен тәрбиелеу білім жүйесін ұйымдастыру туралы ғылым
Қазіргі уақытта естуінде ауытқуы бар балаларды топтастыру есту қабілетіне қарай нашар еститіндер (құлақ мүкістігі бар) және естімейтіндер деп ажыратады. Құлақ мүкістігі сөйлеу тілің қабылдауды қиындататың естудің тұрақты төмендеуі. Құлақ мүкістігі бар балалар сөйлеу тілін өз бетінше қабылдауда қиналады, бұл балалар нашар еститіндер қатарына жатады. Естимейтіндер - есту қабілетінің тұрақты, терең зақымдалу жағдайында дыбыс күшейткіш аппаратсыз, өз бетінше сөйлеу тілін қабылдай алмайтын тұлғалар.
Сурдопедагогикада кең қолданылатын Л.В. Нейманның топтастыруы (1961). Бұл топтастырудағы есепке алынатын негізгі көрсеткіштері есту қабілетінің зақымдалу деңгейімен есту арқылы сөйлеу тілін қабылдау мүмкіндігі. Құлақ мүкістігі бар тұлғаларды үш деңгейге бөлуге болады; олар:
1 деңгей- есту қабілетінің төмендеуі 50 дБ аспайды;
2 деңгей - есту қабілеті төмендеуінің орташа көрсеткіші 50 мен 70 дБ аралығында;
3 деңгей – есту қабілетінің төмендеуі 70 дБ асқан жағдайы.
Л.В. Нейманның топтастыруы бойынша құлақ мүкістігі бар балалармен естімейтіндерді ажырату шекарасы 85 дБ деңгейімен анықталады.
Л.С. Выготскийдің психологиялық ілімдеріне сүйене отырып оның шәкірті Р.М. Боскис (1963) естуінде ауытқуы бар балалардың даму ерекшеліктеріне зерттеу жүргізген. Осы ғылыми зерттеудің нәтижесі Р.М. Боскис әзірлеген педагогикалық топтастыру болды. Нақты естуінде ауытқуы бар балалардың өзіндік даму деңгейін ескере отырып жаңа критерийлерді көрсеткіштерді ұсынған; олар:

    • есту қызметінің зақымдалу деңгейі;

    • есту қызметінің зақымдалуының салдарынан жеке дара ерекшеліктері;

    • естуі нашарлаған балаларға көрсетілетін педагогикалық жағдайлар;

- есту анализаторындағы ақаудын пайда болған уақыты.
Естуінде ауытқуы бар балалардың ерекше бөлек топбында кейіннен естимей қалған тұлғалар. Бұл балаларда есту қабілеті зақымдалған кезге дейін сөйлеу тілі қалыптасқан. Аталмыш балалар есту мен сөйлеу тілінің түрлі деңгейлерімен сипатталады оларға уақытымен арнайы түзетушілік көмек ұйымдастырмаса қалыптасқан сөйлеу тілі жойылады.
Естуінде түрлі ауытқуы бар балаларды оқыту мәселесі естуіндегі кемістіктін деңгейін ескере отырып, сөйлеу тілінің жағдайын есепке алуды қарастырады.
Естуінде ауытқуы бар балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқыту арқылы меңгере алады. Есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толықтыру үшін аса маңызды қызметті көру арқылы қабылдау атқарады. Бұл топтағы балаларда заттарды тану мен ажырату баяу өтеді. Көрген заттарды саналы түсіну , уақыттпен кеңістіктегі заттар арасындағы қарым-қатынасты меңгеруде қиналады, аударып, керісінше көрсеткен жағдайда заттарды шатастырады.
Естімейтін балаларды оқытуда екі педагогикалық жүйе жүзеге асады, олар: билингвистикалық оқыту және сөйлеу тіліне негізделеген оқыту жүйесі, қарым-қатынастыстық (коммуникациялық).
Билингвистикалық оқыту жүйесі өткен ғасырдың 80-ші жж. дамыған, оның мәні – естімейтін тұлғаларды оқытуда сөйлеу тілімен бірге жест тілін бірге пайдалану (Г.Л.Зайцева). Екінші жүйе естімейтіндерді оқытуда сөйлеу тіліне үйретуді жетекші деп есептейді (С.А. Зыков).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет