«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы


Жеке тұлға мен іс-әрекеттің өзара байланысы



бет10/14
Дата23.02.2024
өлшемі54.83 Kb.
#493053
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Интербелсенді оқыту сабақта қолдану

Жеке тұлға мен іс-әрекеттің өзара байланысы — психологияның заңы ретінде С.Л. Рубинштейн (1889- 1960) құрастырды «Жеке тұлғаның психологиялық мінез-құлқындағы, әрекеттеріндегі және қылықтарындағы оның әрі қарай жетілдіретін психикалық қасиеттері, сонымен бірге, бір сәтте байқалады және қалыптасады».
Жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет — салдары жеке тұлғалардың іс-әрекеттеріндегі, мінез-құлықтарындағы, көзқарастарындағы және беталыстарындағы өзгерістер болып табылатын екі немесе бірнеше адамдардың жеке байланысы; әр қатысушының мінез-құлқын ынталандырушы ретінде де және басқалардың мінез-құлқына реакция ретінде де байқалатын өзара байланыстыәрекеттер жүйесі. Жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет әлеуметтік функцияларды бөлістіру және кооперациялаумен байланысты, күш жұмсауды керек ететін пәні бар, нақты шарттармен шектелген, интеракция (әлеуметтік өзара әрекет) нормалары мен ережелеріне бағынышты. Қарама-қарсы бағытталған мүдделердің ынтымақтастығы немесе бәсекелестігі, қақтығысы түрінде іске асады.
Жеке тұлғаның белсенділігі — белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы — білім беру тұрғысынан екі мәні бар:

  • адамды қоғамның әртүрлі тіршілікәрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;

  • индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін,ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары — жеке тұлға ажырата алатын, өмірдің мақсаты және оған жету үшін қажетті негізгі құралдар ретінде керекті және осыған байланысты индивидтің әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін маңызды функциясы бар әлеуметтік құндылықтар.
Жоспар (оқу) — білім беру мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінін құрамын, оларды оқудың тәртібін, аптасына және оқу жылына белгіленген сағат санын, оқу жылының құрылымын анықтайтынсертификат
Мұғалім — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Конфуций айтады:
«Мұғалімнің мақсаты — оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашу»
Нақты білім — өмірлік, тәжірибелік бағыттағы білімдердің жүйесі, жаратылыстану және математикалық ғылымдар бойынша білімдерді көбірек меңгеруді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет