Муржия: Муржия – күнә жасаған мұсылманның жағдайын Аллахқа тәуекел еткен (иржа), ешбір пікір айтпаған топ болып табылады. Тарихнамасы Муавия мен Хз.Али арасындағы келіспеушіліктен кейін пайда болған. Сыртқы көрініс иманға қарай үкім береді. Ахыреттегі жағдайын Аллахқа қалдырады.
Иржа – сөзі екі мағынаға келеді.
1 Кешіктіру, қалдыру;
2. үміт беру
Иржа, кіші күнә жасаған адам туралы шешімді ахырет күніне қалдыру. Хз.Алиді бірінші халифаттықтан төртінші халифаттыққа қою мағынасына да келеді.
Иржа пікірі әуелі Хз.Али мен Хз.Осман туралы шешімдерде қолданылған. Алғашқы Муржия осы екі халифат туралы шешімді қабылдады.
Иржа әрекетінің негізінде ислам үмбетінің бірлігін қорғау бар. Басқа сөзбен айтқанда Харижиттердің бөліну әрекеттеріне қарсы ұстанған бағыт еді. Мұсылмандардың көпшілігі үлкен күнә иесі туралы көзқарасты (олардың көзқарасы бойынша үлкен күнә күпірлікке кіреді деуде) терістеген болатын.
Муржияның Хз.Али Хз.Осман туралы шешім бермеуі, Шииттердің Хз.Алиді Хз.Османнан жоғары санауды терістеу мағынасына келеді. Әһли сүнеттің көзқарасы бойынша бұл төрт халифаттың тізбегі олардың абзалдығының белгісі дейді.
Осылайша ислам сенімімен басқа да сенімдердің бір-бірімен араласқандығын көреміз. Сол үшін ислам дінінің негізін Құран Кәрімге сүйеніп көрсетті.
Ақыл мен Құранға сүйеніп дәлелдер көрсету арқылы ислам сенім негіздерін шығара бастады. Нәтиже «кәлам ілімі» деген ілім пайда болды.
Көріп тұрғанымыздай кәлам ілімінің пайда болуына өзге пікірлер мен бос сенімдердің әсері болған. Қорғану мақсатымен бұл ілім пайда болды.
Кәлам ілімі жалпы үш дәрежеден өткендігі айтылады. Тарихшылар, табиинден болған Хасан Басридің бір мәжілісінде орын алған бір оқиғаның, Муғтазила мазхабының шығуына сонымен қатар кәлам ілімінің пайда болуына түрткі болғанына бір ауыздан келіседі. Хасан Басридің мәжілісіне келген бір кісі «муртакиб-и кабира» (үлкен күнә) істеген кісінің жағдайы қандай болады деп сұрайды. Хасан Басри: «Мұнафық, яғни иман халқынан емес. Ол мәңгілік тозақтық»,- деп жауап береді. Сонда шәкірттерініі бірі болған Уасыл б. Ата орнынан атып тұрып, ұстазы Хасан Басридің пікіріне қарсы шығып: «Мен үлкен күнә істегеннің ешқандай мүмин болмайтындығын, мүмин мен кәпір арасындағы бір дәрежеде болғандығын айтамын (Әл манзилату бәйнәл манзиләтәйн)»,- деп Хасан Басридің мәжілісінен шығып кетеді. Бөлініп шығулары үшін «иғтизал» етті деген. Оның жолымен жүргендерге «Муғтазилашылар» деп атай бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |