«Ислам философиясы» пәні бойынша



бет3/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

2 дәріс. Аль-Кинди
Сабақ мақсаты:
Аль-Кинди философиясының негізгі теориялық негізін ашу


Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Аль-Кинди философиясына ықпал еткен факторларды анықтау
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу


Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Аль-Кинди философиясының даму алғышарттары

  2. Аль-Киндид философиясының қайнар көздері

  3. Шығыс перипатетизмін дамытудағы аль-Киндидің рөлі



Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бет
Аль-Кинди
Кинди мектебінің өкілдері: Әс-Сәрахси. Оның толық аты - Әбу-л-Аббас Ахмад ибн Мухаммад ибн Маруан әс-Сәрахси. Ойшыл Хорасанның Серахс қаласында 833 жылы дүниеге келген. Білімін жетілдіргеннен соң Серахси халифа Мутазидтің бастапқыда ұстазы, кейіннен кеңесшісі қызметін атқарды. Мәліметтерге қарағанда халифаның құпиясын айтып қойғанына байланысты алдымен абақтыға қамалып, кейіннен 898 жылы өлім жазасына кесілді.
Сәрахсидің білімі тереңдігіне ешкім күмәнданбады. Ол философия тарихы, философия ілімдері мен жаратылыстану ғылымдары жайлы мәліметтері кең болатын. Ислам мәдениетінде стоицистер жайлы толық мәліметке ие адамның бірі осы Сәрахси болатын. Сәрахсидің логикадан музыкаға, метереологиядан саясатқа дейінгі алуан түрлі ғылым салаларына қатысты 20-дан астам еңбек жазғандығы белгілі болғанымен олардың ешбірі біздің заманымызға жетпеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет