«Ислам философиясы» пәні бойынша


дәріс. Таза ағайындар ілімі



бет5/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

4 дәріс. Таза ағайындар ілімі


Сабақ мақсаты:
Ислам философиясындағы таза ағайындардың рөлін анықтау


Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Таза ағайындардың ислам әлеміне енгізу факторларын көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу


Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Таза ғайындардың даму алғышарттары

  2. Таза ағайындардың рухани қала туралы ілімі

  3. Таза ағайындардың негізгі философиялық аспектілері



Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бе
Исламдағы кәламдық қозғалыстың өмірге келуі
Хз.Мұхаммед (с.а.у) дәуірінде кәлам ғылымы жоқ болатын. Бұның басты екі себебі болуы мүмкін: 1-Алғашқы мұсылмандар құран кәрімді жақсы түсініп ол жердегі дәлелдерден қанағаттанған еді. Түсініксіз мәселелерді Хз.Мұхаммед (сау)тен сұраған еді. 2-Алғашқы мұсылмандардың дәуірінде билік тудыратын немесе шешілмеген мәселелер әлі шыққан жоқ еді. Бұл алғашқы мұсылмандардың арасында ешқандай келіспеген мәселелер болған жоқ деген мағынаға келмейді. Кішігірім мәселелерді Хз.Мұхаммед (сау) жауаптандырып отырды.
Хз.Мұхаммед (сау) қайтыс болғаннан кейін төрт халифаттар дәуірінде мұсылмандар арасында діни және саяси келіспеушіліктертердің болғанын әдебиеттерден білеміз. Хз.Мұхаммед (сау) пайғамбар өзінен кейін кімнің халифат болатындығын айтпаған болатын. Халифаттың мәселесі келіспеушіліктерді тудырса да көп ұзамай тез арада шешілді. Хз.Осман мен Хз.Али дәуіріндегі кәлам тақырыптарындағы келіспеушіліктер саяси тақырыпқа айналғанын көреміз.
Жәмал және Сыффин соғысы оқиғаларын талдайтын болсақ мұсылман екі топ бір-бірімен қақтығысқан. Бір жағы өлтіруші екінші жағы өлуші. Мінекей осындай саяси тақырыптар діни тақырыптарға айналғандығын байқаймыз. Сенім тақырыптарын ақылдық тұрғыдан қарастыру жехмия, қадрия және Муғтазила тарапынан басталған десек болады.
Кейіннен бұл тақырыптар туралы әртүрлі көзқарастар пайда болып мәзхаптарға бөлектенді.
Иман/амал тақырыбы

Мұсылмандар жамал және сыффин соғысында бір-бірімен соғысты. Осылайша мұсылмандар бір-бірін өлтірді. Құран Кәрімде мұсылманды өлтіру күнә деуде. Бұл күнәні істеген мұсылманның хәлі не болады? Егер де ол халифат болса оған бағыну керек пе әлде жоқ па? үлкен күнә істегеннің хәлі не болады? Амал мен иманның арасындағы қарым қатынас қандай? деген сұрақтар мұсылмандарды мазалады.
Адамның іс-әрекеттері

Адам баласы Аллахтың жаратқан барлық нәрсесін істеуге міндетті ма? (Жәбрия) немесе адам өз ісінің жаратушысы ма? (Муғтазила) деген көзқарастар пайда болды. Мұның нәтижесінде "тағдыр" мәселесі де туындады.
Бұл жерде әуелгі пікірді қоштасақ адамның бүкіл еркін жоққа шығарғанымыз болады. Сонымен қоса Аллах адамның өзі қаламаған нәрсесінен ахыретте жауапқа тарта ма?
Ал екінші пікірді қоштасақ Аллах Тағаланың құдіретін шектегеніміз болмай ма? деген бірнеше көзқарастар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет