«Ислам философиясы» пәні бойынша


дәріс. Ислам философиясында Равенди мен Разидің орны Сабақ мақсаты



бет4/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

3 дәріс. Ислам философиясында Равенди мен Разидің орны
Сабақ мақсаты:
Ислам философиясындағы Равенди мен Разидің рөлін анықтау және олардың теологиялық ілімдерін ашып беру


Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: философияның ислам әлеміне енгізу факторларын көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу


Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Равенди философиясының негізі

  2. Разидің ілімі

  3. Орта ғасырлық ислам мәдениетінің дамуы



Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бет
Равенди мен Разидің ислам философиясындағы орны
Алғашқы төрт әділ халифалар дәуірінен бастап-ақ 635 жылы Шам, 638 жылы Антакия мен Халеб, 639-642 жылдары аралығында Александрия мен Мысыр, 639-641 жылдары аралығында Харран мен Урфа, 738 жылы Джундишапур қалалары алынуымен, Омайядтар заманында 652 жылдан бастап бүкіл Шығыс Анатолияның, Месопотамияның, Ирактың, 670 жылы Солтүстік Африканың, 710 жылы Пенжаб пен Синдтың басып алынуымен ислам әлемінің территориясы аз уақыттың ішінде ұлғайды және бірнеше мәдени орталықтар мұсылмандардың қол астына өтті. Осылардың нәтижесінде мұсылмандар аталған өлкелерде өмір сүріп келе жатқан жергілікті мәдениеттермен, ойлау жүйелерімен және діндермен бетпе-бет келді. Олардың арасында өзара ықпалдастық болғаны рас: жергіліктілер арасында ислам дінін қабылдағандар да өз мәдени ерекшеліктері мен діндерін сақтап қалғандар да кездесті.
Исламның пайда болған алғашқы жылдарында Араб түбегі кейіннен жаулап алынған жоғарыдағы өлкелер мен қалаларға қарағанда мәдени, ғылыми және философиялық әрекет тұрғысынан артта қалған болатын. Таяу Шығыс, Мысыр және Солтүстік Африка өз заманындағы алдыңғы қатарлы эллиндік мәдениетке ие болды. Иран сасаниттік мәдениетке, әсіресе, Джундишапур ілім ордасы аясындағы сасаниттік, эллиндік және үнді мәдениетінен құралған кешенді мәдениетке қол жеткізген болатын. Себебі, Персия исламның пайда болуынан бұрын бір жағынан үнді мәдениетімен, келесі жағынан эллинистік мәдениетпен байланыс орнатқан. Ал Үндістанда қуатты да бай үнді мәдениеті бар болатын. Міне, осындай ауқымды мәдени ошақтарды бір шаңырақ астына топтастыра білген исламдық халифат күн өткен сайын әртүрлі қажеттіліктерге тап болып отырды. Осы қажеттіліктерді өтеу кейбір орталықтардың ашылуын, білім мен технологиялардың игерілуіне жол ашты. Мұсылмандардың басты қажеттіліктері әсіресе, жат жұрттықтарда жоғары деңгейде болған медицина мен астрономия сияқты ғылымдар мен қаржы-қазыналық жұмыстарда байқалды. Сондықтан, әсіресе, омейядтардың билеушілері сарайдағы қазыналық жұмыстарға христиан арабтар немесе суриянилерді тағайындады. Мысалы, атақты сириялық теолог және философ Яхя ад-Димашқидің атасы мен әкесі Муауия дәуірінде Шамда қаржылық жұмыстарды басқарды. Сондай-ақ сарайға өзге діндегі емшілер шақырылды. Мысалы, Муауияның ибн Усул атты дәрігері христиан дініндегі араб болатын.
Омейядтар дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап, мұсылмандардың медицина, химия сияқты ғылымдарға мән бере бастағаны байқалады. Бір жағынан билеушілердің жат жұрттық ғұламаларды сарайға шақыруы, келесі жағынан мұсылмандардың аталған ілімдерді үйренуге талпынысы және өзге діндегі ғұламалардың осындай ғылымға қатысты суриянише, грекше, тіпті, коптша және басқа тілдерде жазылған еңбектерді араб тіліне аударуларымен ислам әлемінде ғылымға деген талпыныс күшейе түсті. Мысалы, Маруан бин Хакамның алғашқы жылдарында Масаржауайх әл-Басри атты бір ирандық еврей емші 683 жылы түбірі грекше болып табылатын Ахрун атты бір поп тарапынан Александрияда жазылған, кейіннен суриянишеге аударылған медициналық кітапты араб тіліне аудартқаны баяндалады. Бұл араб тіліне аударылған алғашқы ғылыми кітаптар қатарына жатады. Ал ІІ Омар Александриядағы эллиндік-грек дәстүрімен байланысты медициналық мектепті Антакия мен Харранға көшіргендігі баяндалады. Екінші Омайяд билеушісі І Язидтің ұлы Халид алғашқы мұсылман химигі және оған берілген «хаким» лақабына қарасақ алғашқы философ болып табылады. Ғылымға деген қызығушылығына байланысты грек, копт тілінен химияға, медицинаға және астрологияға тән кітаптарды аудартқандығы мәліметтерде орын алады.
Аббасилер дәуірінде ғылымдарға деген қызығушылық одан ары арта түсті. Бұл заманда да билеушілер басқа діндегі дәрігерлерді сарайларына шақыртып алды. Тіпті халифа Мансурдың дәрігері Джундишапур ауруханасының басшысы Георг ибн Бахтисху болатын. Аббасилер әртүрлі тілдерден еңбектер аударуға аса мән берді. Мысалы, 771 жылы үнділік саяхатшы өзімен бірге Бағдатқа математикалық және астрономиялық Сиддханта атты кітаптарды алып келген. Оны Синдхинд деген атпен халифа Мансурдың бұйрығымен Мухаммад ибн Ибраһим әл-Фазари тарапынан араб тіліне аударылды және әл-Фазари алғашқы мұсылман астрономы атанды. Осы дәуірде Харун Рашидтің кітапханасы қызметкері әл-Фазл ибн Наубахт та астрономиялық және астрологиялық кейбір кітаптарды парсы тілінен араб тіліне аударды. Харун Рашид пен Мамун дәуірлерінде грек тілінен Гален мен Гиппократтың медицинаға қатысты кейбір кітаптары мен Эвклидтің геометриялық кітабы және Батламиустің астрономиялық кітабы араб тіліне аударылды. Осы кезеңде ибн әл-Муқаффа және ұлы Мухаммад этика мен саясатқа қатысты парсыша кітаптар мен бастапқыда парсышаға аударылған Аристотельдің «Органонындағы» кейбір үзінділерді Араб тіліне аударды.
Демек, мұсылмандар алдымен философияға емес медицина бастаған жаратылыстану ғылымдарына аса көңіл бөлген. Сол заманда аталған ғылымдардың философиямен тығыз байланысты болуы, яки, аударылған кітап авторларының және аудармашылардың көпшілігі философ болуы және сарайдағы қызметтерде отырған өзге діндегілердің философиядан хабардар болуы, әсіресе, Аббасилерден бастап, жанама болса да мұсылмандардың қызығушылығын ояндырды. Осыған бір жағынан мұсылмандардың өз араларында әсіресе, Али мен Муауия арасындағы текетірес нәтижесінде пайда болған діни, саяси бөлшектенуін және осы мәселелерге түсініктеме жасауға талпыныс жасап, каламдық және философиялық тартыстарға бой алдыруын, келесі жағынан мұсылмандардың жаулап алған жерлерде өмір сүрген өзге дін иелерімен, әсіресе, христиандармен Алланың болмысына қатысты және таухидтің үштіктен үстемдігі жайындағы пікірталасқа кірісуін және осы тартысқа қарсы жақтың әсіресе, Аристотель логикасын және ежелгі грек философтарының пікірлерін пайдалана отырып, жауап беруін есепке алатын болсақ, мұсылман ғұламалар мен билеушілердің рационалдық (ақли) ілімдерге, әсіресе, алдымен логикаға деген қызығушылығы артты. Осы және басқа да себептерге байланысты әсіресе, Аббасилердің алғашқы күнінен бастап, жаратылыстану ғылымдарымен қатар, логикалық жағы басым еңбектердің де араб тіліне аударылғандығы байқалады. Міне, жаратылыстануға деген қажеттілікпен қатар философиялық және логикалық ілімдерге деген сұраныс философияның ислам әлеміне енуіне басты себеп болып табылады.
Жаратылыстанулық ғылымдар ислам әлеміне ауызша және аударма жолымен қалай енген болса, философия да аталған ғылымдармен қатар солай енген. Омейядтар дәуірінде ислам дінін кейіннен қабылдаған христиандар мен иудейлер өздерінің негізгі сенімдерінен бас тартқанымен ондағы кейбір пікірлерді исламның ішіне алдымен ауызша түрде енгізді. Мұның философия ілімінің қалыптасуына бастапқы қадам жасауымен қатар, каламдық және исламдық ойлау жүйесінде жаңа мәселелер мен мектептердің дүниеге келуіне жол ашып берді. Осының нәтижесінде исламдық ойлау жүйесінің алғашқы тартыстары, пікірталастары басталды.
Омейядтардың философияға деген ынтасы жоғары болмағанмен, Аббасилерден бастап философиялық кітаптарды тікелей араб тіліне аударуы философияның ислам әлемінде жандануына даңғыл жол ашып берді. Оған себеп, баршамызға белгілі болғандай омейядтар – араб ұлтшылдығы басым мемлекет, сондықтан, билеушілер саясатқа, дәстүрлі поэзия мен әдебиетке қызығушылық танытты. Ал Аббасилердің билеушілері араб болғанымен елге ықпалды уәзірлер мен мемлекет қызметкерлерінің және қолбасылардың көпшілігі араб емес болды және Аббасилер мемлекетін негізгі құрушылар да осылар болатын. Араб еместер, әсіресе, уәзірлік қызмет атқарған парсылар ежелгі мәдениетке икемділік танытты. Олар ғылым мен философияның дамуына қолғабыс жасады. Бұл Аббаси басшыларын ежелгі артта қалған дәстүрмен емес, уәзірлерден қалмай, ілім-білім үйренуге деген талпынысын оятты. Міне, осы себептерге байланысты Мансур дәуірінен бастап, әсіресе, Мамун арқылы философия мен логика тікелей мұсылмандардың басты назарына айналды және ауыздан ауызға тараған іліммен шектелмей, «Байту-л-Хикма (Даналық үйі) сияқты аударма орталықтары арқылы мемлекеттің қолдауымен аударма жұмыстары қолға алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет