Бақылау сұрақтары: 1. Жошы ұлысына діни-идеологиялық реформа қажеттілігі қандай себептерге байланысты туындады?
2. Жошы ұлысындағы рухани билік пен саяси билік киелілігін қалыптастыру қаншалықты қажет болды?
3. Өзбек ханға мемлекетті басқару жүйесін қайта құрып, күрделі реформа жүргізуге мүмкіндік берген саяси реформаның негізгі тетігі қайсы?
Алтын Орда мемлекетінің күйреуінедіни-рухани үдерістердің ықпалы
Сабақтың жоспары: 1. Өзбек хан мен йасауийа шайхтары қалыптастырған мемлекеттің жүйенің Жошы ұрпақтарының қарсы шығуының себептері
2. Жәнібек сұлтан мен шешесі Тайдуланың сепаратистік пиғылдары ммен оны жүзеге асыру жолындағы әрекеттері
3. Өзбек хан қайтыс болуымен мемлекеттік жүйедегі төңкеріс және йасауийа шайхтарының мемлекеттік жүйеден ығыстырылуы
4. Асан Қайғының болжауы және мемлекеттің күйреуі
Өзбек хан мен йасауийа шайхтары қалыптастырған мемлекеттік жүйе Жошы ұрпақтарына ұнамады. Өйткені Жошы ұрпақтарының, хан әулетінен өзгесі, мемлекетті басқару жүйесінен шеттетіліп, жай халық қатарына қосылды. Мемлекетті басқарудың жаңа жүйелер: ру-тайпа-жүз сияқты құрылымдар билігі толығымен йасауийа шайхтарының қолына, билерге берілді. Олар өздері басқарып отырған құрылымдардың рухани да, саяси да басшысына айналды. Мұндай қалыптасқан жағдаймен Жошыдан тараған әулет өкілдері келіспеді. Олар қалайда бұрынғы билік жүйесіне қайта оралуды мақсат етті. Өзбек ханның 1342 жылы кенеттен қайтыс болуы, таққа отыруға тиіс Тыныбек сұлтанның жорықта болып, оның орнына уақытша Жәнібектің отыруы, шешесі Тайдуланың көмегімен билікті толығымен қолына алуы мемлекеттің діни-идеологиялық бағытын түбегейлі өзгертті. Йасауийа шайхтары билік жүйесінен толығымен шеттетілді. Олардың орнын ирандық ғұламалар басты. Бұған қарсы шыққан Асан Қайғы бастаған топ соңына ерген халықты ертіп Еділ мен Жайықтың сол жағалауына өтіп, қазақ тарихына әлі енбеген Алаш мемлекетін дүниекге келтірді. Жәнібек ханның бұл саясаты өзі құрған саяси жүйенің құрбаны болумен, ұлыс құрамындағы түркілердің этникалық жіктелуімен, мемлекеттің толығымен күйреуімен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |