«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет12/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Бақылау сұрақтары: 1. Жәнібек сұлтан бастаған Жошы ұрпақтарының Өзбек ханның діни-саяси реформасына қарсы шығу астарында қандай себептер жатыр?
2. Асан Қайғы бастаған топтың Алаш мемлекетін құрғандағы мақсаты не?
3. Жәнібек ханның діни-діни идеологиялық саясаты қалайша түркілерді этникалық жіктелуге түсірді?

Өзбек ұлысы мен Қазақ хандығы кезеңіндегі рухани-мәдени үдерістердің түркі мемлекеттігінң күйреуіне ықпалы

Сабақтың жоспары: 1. Өзбек ұлысының құрылуы мен күйреуіндегі діни-рухани фактордың рөлі
2. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуындағы діни-рухани фактордың рөлі
3. «Қасым ханның қасқа жолы» түркі мәдени дәстүрлерінің темір қазығы
4. «Есім ханның ескі жолы» заңының қазақ халқын этникалық жіктелуге түсіруі
5. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» қазақ мемлекеттігінің күйреуіне ықпалы
Әбілхайыр ханды таққа отырғызып, Өзбек ұлысын мемлекет ретінде қалыптастырған йасауийа шайхтары-билер еді. Алайда, Әбілхайыр хан билердің дегенімен жүргісі келеді. Ол абсолюттік билікке ұмтылды. Ол өзіне абсолюттік билікті мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі береді деген сенімде болды. Ол үшін халықтың дәстүрлі діні мен діни танымын өзгертуге күш салу қажет екенін түсінді. Ол үшін парсы мәдениеті негізінде қалыптастырылған нақшбандийа тариқатына арқа сүйеуге бел буды. Бұған ренжіген билер Әбілхайыр ханнан бас тартты. Мемлекет үшке бөлінді: қазақ, өзбек, ноғай халықтары бір-бірінен осы кезде ажырады.
Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Йасауи жолы өкілдері хандардың діни идеологияны өзгертуіне мүмкіндік берген жоқ. Осы негізде «Қасым ханның қасқа жолы» қабылданды. Алайда, Қасым ханның қартайған шағында нақшбандийа шайхы Абу Сағытқа мүрид болып, ұлдарын соның тәрбиесіне беруі Қасым хан өлген соң оның ұлдарының биліктен ажырап қалуына әкелді. Хақназар ханның халықты қайта біріктіріп, мемлекетті қайта біріктіруі ұзаққа барған жоқ. Хақназардың өлуімен қазақ мемлекеті шайбанилер мемлекеті құрамына өтті. Тек Тәуеккел Мұхаммед ханның Шайбанилерден бөлініп, жеке мемлекет құруға деген талпынысы Қазақ хандығының мемлекет ретінде қайта бас көтеруіне мүмкіндік берді. Ол Йасауи жолына қайта бет бұрған болатын. Ол Бұхара үшін болағн шайқаста жараланып, Ташкентке келіп қайтыс болды. Таққа оның ұлы Тұрсын Мұхаммед отырды. Ол 1628 жылы есім хан тарапынан өлтіріліп, мемлекеттік билік Есім ханның қолына көшті. Ол нақшбандийа тариқатының өкілі еді. Ол қалайда абсолюттіка билік жету үшін барын салды. «Есім ханның ескі жолы» атты заңды қабылдады. Бұл нақшбандилер жолын мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеру болатын. Ол идеологияны қабылдаған халық қазіргі Түркістан, Шымкент, Тараз маңындағы өзбектер. Одан кейінгі кезеңде Есім ханның ұрпақтары бұл жолдан бас тартқан жоқ. Ең соңында Қазақ хандығының күйреуімен аяқталды. Йасауи жолынан бас тарту түркі мәдениеті мен мемлекеттік жүйесінің толық күйреуіне әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет