Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет56/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

СУАҒЫНДЫ БІЛДЕКТЕР
Үйдің артындағы аулаға шығыңыз, бақша суаратын құбыршектің ұшына құм мен 
шекемтасты үйіңіз, содан соң су қысымын барынша көтеріңіз. Суағынды кесудің мәні 
осында. Төмендегі суретте көрсетілгендей өндірістің суағынды машиналары су ағыны мен 
жоғары қысымдағы қажаулы ортаны дайындау арқылы өткен кезінде материалдың бір 
кесегін бөліп алу үшін пайдаланады. Суағынды негізде өңделуі мүмкін материалдардың 
пішіндері, қалыңдықтары және түрлері лазерлік кескіштің мүмкіндіктеріне сәйкес келеді, 
бірақ суағынды білдектер әдетте арзанырақ және лазермен кесу мүмкін емес анағұрлым 
жіңішке материалдарды, сонымен қатар шыны, пластик, алмас және т.б. материалдарды 
әрі қалыңдау металды кесе алады.
 
101 дәнекерлеу
Дәнекерлеу әдетте электр доғасының немесе пісіру жанарғысының екі немесе одан да 
көп металл кесектерін біріктіру болып табылады (пластикті де дәнекерлеуге болады, бірақ ол 
үшін басқа үдеріс қолданылады). Металдан қараторғай үйшігін жасау қажет пе? Сіз үлкен 
металл табағынан қабырғаларын, шатыры мен еденін кесу үшін оттекті ацетилен кескішін 
қолдана аласыз және оны қайтадан біріктіріп дәнекерлей аласыз (сізге сондай-ақ «қоспа» 
металл үшін арнайы өзекше қажет болады). Ал содан соң сіз қанатты достарыңыздың жазғы 
аптап ыстықта азапқа түсуін қаламағандықтан, қайтадан кескішті қосыңыз және қараторғай 
үйшігіне есік пен бірнеше терезе кесіңіз.
Алайда оттекті ацетилин кескішін біршама деңгейде электрдоғалы дәнекерлеу 
алмастырды. Оның көптеген түрлері бар, оның ішінде газдық вольфрамды дәнекерлеу 
(GTAW), флюсті өзекпен доғалық дәнекерлеу (FCAW), флюспен доғалық дәнекерлеу (SAW) 
және доғалық дәнекерлеудің ең танымал түрі ‒ қорғаныс металлындағы доғалық дәнекерлеу
(SMAW) бар. Олардың барлығы сол арқылы электр тоғы берілетін жұмсалатын металл
электродын (қоспа металды) қолданады. Дайындамадан жақын қашықтықта электродты 
ұстап тұрған кезде қоспа металды ерітіп, екі металды біріктіру үшін жеткілікті жылуды 
туындата отырып, доға пайда болады. 
Кейбір жағдайларда дәнекерленген жікті қорғау үшін гелий немесе аргон секілді инертті 
«қорғаныс»» газы қажет, дегенмен, мысалы, SMAW-мен қолданылатын кейбір электродтар 
дәнекерлеу аймағын шілтерілеп, жанған кезде көміртегі диоксидін шығаратын, «флюс» деп 


62 
аталатын арнайы материалмен жабылған. Сымды берумен дәнекерлеу аппараты «MIG» 
ретінде танымал басқа да газ-металдық доғалық дәнекерлеу (GMAW) дәнекерлеу аймағына 
автоматты түрде итерілетін электродты материалдың орауышын пайдаланады, ол жоғары
білікті дәнекерлеушіні қажет ететін үдерісті сіз бен біз секілді адамдар үшін де айтарлықтай 
жеңілдетеді.
Металдар дәнекерлеудің жалғыз үміткерлері емес. Сіз сондай-ақ 
полимерлерді де (пластик үшін қызықты атау), оларды ыстық ауамен 
дәнекерлеуге арналған арнайы аппараттың көмегімен абайлап қыздыра 
отырып және өткен аптаның демалысында тігін машинасының қақпағын 
ыстық желімге арналған пистолетпен орнатқандай етіп, бір мезетте ерітілген 
пластиктен тұратын білікшені жаға отырып бірге дәнекерлей аласыз.
Пластмассаларды да пілтұмсық немесе сонотрод деп аталатын қондырғының 
көмегімен жасалатын акустикалық тербелісті пайдалана отырып, біріккенге 
дейін дайындама материалын осылайша қыздыру арқылы ультрадыбыспен 
дәнекерлеуге болады (кейбір металдарды секілді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет